Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру Оқу мақсатын таныстыру
Қызығушылықты ояту
Бұл қандай бояу? ойыны
Күтілетін нәтижені анықтау
Сабақтың ортасы
Тұрмыстық жанр - бейнелеу өнерінің жанры. Әдетте тұрмыстық жанр туындылары күнделікті тіршілікті немесе қоғамдық өмірді кескіндеп бейнелеу мақсатында жасалады.
Тұрмыстық жанрда тұрмыстық кескіндеме басты рөл атқарады әрі жанрлық тақырыптар мұнымен бірге графика мен мүсін саласында да кең көрініс береді. Тұрмыстық жанр адамдардың тұрмыстағы арақатынасын бейнелеумен шектелмей, олардың ішкі жан дүниесін, қарапайым, күнделікті өмірдегі құбылыстардың тарихи-қоғамдық мәнін әр қырынан жан-жақты ашып бере алады. Тұрмыстық көріністер ежелгі өнер ескерткіштерінен белгілі. Бейнелеу өнерінің айрықша бұл жанры ортағасырлық заманда Ежелгі Шығыс елдерінде және XVI – XVII ғасырларда Еуропада жеке өз алдына бөлініп шықты. Жаңа замандағы тұрмыстық жанрдың гүлдену кезеңдері демократиялық және реалистік бағыттардың қуат алып, кескіндемеші-мүсіншілердің хауылылық өмірі мен еңбектің бел ортасына араласуына әрі өнерде тұрмыстағы көкейтесті мәселелерді өз шығарм-на өзек етуіне тікелей байланысты болды.
Сабақтың соңы
Өзің білетін жанр түрлерін ата.
Бейнелеу өнерінің жанрларының не нәрсеге арналғанын айт.