Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:
Л5.1
Сұрақ №1
Рекурсивті функциялар теориясында қандай қарапайым функциялар мен амалдар жиынтығы қолданылады?
Л6
Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :
Л6.1
Сұрақ №1
10- сынып биология курсында қандай тақырыптар мен мәселелер қарастырылады
Л6.1.1
СӨЖ-ге тапсырма
Реферат орындау
Л6.1.2
Бақылау түрі
Рефератты қорғау
Л6.2
Сұрақ № 2
11- сынып биология курсында қандай тақырыптар мен мәселелер қарастырылады
Л6.2.1
СӨЖ-ге тапсырма
Реферат орындау
Л6.2.2
Бақылау түрі
Рефератты қорғау
Л6.3
Сұрақ № 2
9- сынып биология курсында қандай тақырыптар мен мәселелер қарастырылады
Л6.3.1
СӨЖ-ге тапсырма
Глоссарий дайындау
Л6.3.2
Бақылау түрі
Глоссарий қорғау
Л7
Сабақты бақылау түрі:
Бақылау сұрақтарына жауап
Л7.1
1
1.«Жалпы заңдылықтар» пәнінің мазмұнына сәйкес жасалған мнемосызбанұсқа қандай реттілікпен жасалған?
2. «Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы өзекті мәселелер?
3. «Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы» тақырыбындағы өзекті мәселелер?
4. «Өзгергіштіктің заңдылықтары» тақырыбындағы өзекті мәселелер?
5. 8- сынып биология курсында қандай тақырыптар мен мәселелер қарастырылады?
Л8
Ұсынылатын әдебиеттер:
Л8.1
Негізгі әдебиеттер:
Л8.1.1
1
Бинас А. В., маш Р. Д., Никишов А., и др. Биологический эксперимент в школе. М., Просвещение, 2000г.
Л8.1.2
2
Биология. Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2006. Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, К.Ә.Жаңабердиева.
Л8.1.3
3
Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 8-9- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2010 Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, Р.Ш. Ізбасарова.
Л8.1.4
4
Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010. Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.
Л8.2
Қосымша әдебиеттер:
Л8.2.1
1
Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.
Мырзабаев А.Н., Биологияны оқыту әдістемесі.- Қарағанды, 2006.
4
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.
Л9
Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
Л10
Тарау нөмірі
2
Л11
Тарау атауы
Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны және биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің ерекшеліктері
22-сабақ (Зертханалық сабақ 8)
Лаб1
Тақырыбы:
«Жалпы заңдылықтарды» мазмұндық ерекшелігіне қарай оқушыларға себеп-салдар байланысын дәлелдеуді үйрететін бірден-бір пән ретінде оқыту (бірнеше сабақ мысалында).
Лаб1.1
№___ сабақ
22
Лаб1.2
№___ зертханалық сабағы
8
Лаб2
Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:
сызгыштар, калам, дәптер
Лаб3
Мақсаты :
«Жалпы заңдылықтар» курсында мазмұнға негізделген бірнеше сабақтың тақырыптық жоспарын түзіп оқушыларға себеп- салдар байланысын дәлелдейтін фактілерді анықтау.
Лаб4
Сабақ пререквизиттері, постреквизиттерін көрсету керек
Лаб5
Қысқаша теориялық мәлімет:
Ароморфоз (көне грекше: аіro — көтеру, көне грекше: тофһе — форма, пішін) — органикалық дүние дамуының негізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі. Мыс., бауырымен жорғалаушылардың арғы тектерінің сүтқоректі жануарларға айналу кезінде 3 камералы жүректен 4 камералы жүректің жетілуі және т.б.[1] Морфологиялық-физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зор бейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршілікке бейімділікті едәуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі. Ароморфоздардың пайда болып, көбеюі арқасында кластар, белімдер, типтер, дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда болады. Северцев оны эволюциядағы негізгі бағыттардың бірі деп есептеді. Ароморфоз кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір құрделеніп, ол тіршілік үдерісін (физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршаған ортаның тар көлемді жағдайларына «жармасып» қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысал ретінде хлорофилл және фотосинтездің пайда болуын, яғни ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз ғаламшарымызда барлық ттіріліктің сақталып қалуына мүмкіндік берді. Жасушалардың, оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда болуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Көпжасушалық, мүшелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы да жануарлардағы маңызды ароморфоздау нәтижесі деп есептеледі. Ұлпалардың, катпаршақ (слоевищный) дененің жеке мүшелерге бөлінуінің пайда болуы - өсімдіктердегі көпжасушалық. Әрбір мүшелер: тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл, тұкым және жемістің пайда болуы да көпжасушалық.Осылардың бәрі ірі ароморфоздар. Олар ағзаның мүмкіндігін соншалықты ұлғайтатын болғандықтан, ағзаның шынында да дамудың жоғарырақ сатысына көшуіне мүмкіндік береді. Ароморфоздар көбінесе ірі жүйелі топтардың пайда болуына себепші болып, солардың белгілері болып табылады.
Жүзбеқанаттардың, дене пішінінің сүйірлігі, екі бөлікті жүректің, ми бес бөлігінің, нағыз жақсүйектің пайда болуы арқылы балықтар сулы ортада үстемдік ете алады. Қосмекенділер де аяқ, шырышты тері және өкпе арқылы тыныс алу пайда болуы нәтижесінде құрлыққа шықты. Қабыршақты тері, терілі қабығы бар жұмыртқа, іштей ұрықтану және жорғалаушыларда толық өкпе арқылы тыныс алудың пайда болуы нәтижесінде олардың құрлықта ғана емес,«суды тастауына» мүмкіндік туды. Төрт бөлікті жүрек, қаңқа сүйектерінің жеңілдеп,жетілуі, сүйектерінде куыстардың болуы және ауа қапшықтары, зат алмасудың жоғары сатыда болуы және жылықандылық; мидың дамуы құстардың ауалы ортаны игеруіне мүмкіндік берді .
Сүт бездері мен қағанақтың, балаларын құрсақта көтерудің дамуы, түкті жабын, жылықандылық және зат алмасудың жоғары сатыда өтуі, мидың көбірек дамып, күрделі мінез-құлықтың пайда болуы нәтижесінде сүтқоректілер класы ғаламшарымызда үстемдікке ие болды.
Осыған ұқсас мысалдары өсімдіктер бөлімдерінен де келтіруге болады. Балдырлармен салыстырғанда мүктерде көбінесе жабын және фотосинтездеуші ұлпалар; көбінесе жапырақтар мен сабақтары бар мүшелер пайда болады. Бұл өсімдіктің құрлықта орнығуына мүмкіндік береді. Қырықжапырақтарда тамырсабақ пайда болып, ересек өсімдіктердің жасушалары диплоидты бола бастады, сондай-ақ өткізгіш ұлпалар қалыптасты, сондықтан олардың мөлшері үлғайып, ылғалды климат кезінде құрлықта үстемдік жасады. Ашықтұқымдыларда ұрықтану үдерісі, бұрын суды қажет еткен болса, енді тек желді қажет ететін жоғары тіршілікке бейім тозаң арқылы құрғақ тозаңдану үдерісіне алмасты. Тамыр, күшті тірек ұлпалары, ең негізгісі көпжасушалы ұрығы бар, тығыз кабық каптаған және қоректік заттар қорымен жабдықталған тұқым пайда болады. Жабықтұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер бөлімінде тұқым жеміспен бірге жеміссеріктің ішінде орналасып, гүлі болғандықтан, тозаңдану үдерісі кемелдене түскен. Жапырақ ең қолайлы пішінге келіп, үстіңгі беті өте жақсы фотосинтез жүргізе алатын жапырақ тақтасына айналды.
Сонымен ароморфоз ағзаға сыртқы ортадан ресурстар алып, игеруде сапалы жаңа мүмкіндіктер береді. Ол ағзаның тіршілік үшін құресте тірі қалуға мүмкіндігін күшейтіп, эволюциялық табысқа жеткізеді, сөйтіп биологиялық алға басуға жәрдемдеседі. Сонымен бірге жоғарыда белгіленген өзгерістердің әрқайсысы биологиялық жаралым деңгейін жалпы көтеруге, яғни шындап қайта кұруға, ағзаны құрделендіріп, жетілдіруге әрекет етті.
Бірқатар ароморфоздардан, жаңа класс, тип немесе бөлім қалыптастырып, жаңа мекен ортасын игерген соң әрекетті түрде орнығу үдерісі басталады. Әр алуан топтар нақтылы жағдайларға бейімделіп,бұрынғыдан да арнаулы бағытқа түсе бастайды. Ол идиоадаптация бұл ағзалардың нақтылы орта жағдайына аз-аздап, жеке бейімделуі.Олардың жаралым деңгейінде маңызды өзгерістер болмайды. Ортаға бейімделгіштіктің пайда болуы және жинақталуы арқасында түрлер, туыстар, тұқымдастар, кейде отрядтар тәрізді ұсак таксондар пайда болады. Бейімделгіштікке пайдаланылатын мысалдар ортаға бейімделгіштікке де мысал бола алады. Бұл екі ұғым арасындағы айырма- шылық айтарлықтай емес. Тек қана бейімделгіштік термині микроэволюциялық үдерістерді анықтап зерттеген кезде, ал ортаға бейімделгіштік термині биологиялық алға басу табыстарына арналған бағыттардың бірі ретіндегі макроэволюциялық үдерістерге пайдаланылады. Ортаға бейімделгіштік мысалдары қорғаныш реңінің қалыптасуы ретінде де өсімдіктердің тозаңдануы мен тұкымдардың таралу бейімділігіне де қолданылады.
Өсімдіктердің жеке мүшелеріндегі түр өзгерістерді анықтап тексерген кезде ортаға бейімделгіштікті бақылауға болады. Мысалы, жапырақтардың түр өзгерістері: бунақденедегі шықшылдыңта - аулағыш, кактустарда немесе жантақта - тікенек, бұршікте - тығыз қоңыр,кішкене кабыршак, пиязда немесе қырықкабатта - қоректі заттары бар шырынды, асбұршақта - мұртша түрінде, тағы сол сияқты екенібайқалады. Жануарларда осыған ұқсас әр түрлі жеммен қоректенуіне немесе әр алуан жағдайларда мекендеуіне байланысты құстардың тұмсығы мен аяғының пішіндерінің өзгеруі мысал бола алады. Ортаға бейімделгіштік маңызды өзгерістерге жеткізбесе де, алға басу бағыттары да болып саналады.