3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады:
3.1 Баға: бағалау нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) бейнеленуі; білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың сандық көрінісі.
3.2 Бағалау: белгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың іс-әрекеттерінің шынайы қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған білім беру нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
3.3 Бейіналды даярлық: білім алушының негізгі орта білім бейінін, жеке білім беру траекториясын тандауына мақсатқа бағытталған педагогикалық қолдау көрсету;
3.4. Бейінді оқыту: білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру
3.5 Бейіндік пән: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні.