Түсініктілік ұсатанымы- биологиялық тақырыптардың жеңілден қиынға көшуі, дара фактілерді жинап, баланың толық түсінуіне көмектесу:
А) жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшу;
Ә) қарапайымдыдан күрделіге көшу;
Б) белгіліден белгісізге көшу;
Оқушыға сабақ барысында, сыныптан тыс жұмыстарда материалды түсінікті ғылыми тілмен беру мұғалімнің міндеті.
Көрнекілік ұстанымы- оқыту жүйесінде Я.А. Коменский оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, «дидактиканың алтын ережесі» деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп таниды, бақылайды. Көрнекілік қолдану оқушылардың білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Негізгі ережелер:
-Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамассыз ету;
-Оқушылар көру, есіту анализаторының көмегімен, көрнекіліктерді көріп, түсіну ақылы қабылдайды;
-Көрнекілік логикалық ойлауды туғызу үшін қолданылады;
-Көрнекілік оқушыларды табиғат құбылыстарын байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, дағдыларын қалыптастырады;
-Көрнекілік оқушыларды салыстыруға, бақылауға, ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі;
-Көрнекілік оқушыларды оқытудың белгілі мақсатына сай қолданылады және эстетикалық талғамда болуы керек;
-Көрнекілік оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сапалы түрде тиімді қолданылады, оқушылармен бірігіп жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |