Өндірістік шу және діріл. Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты.
Қатты шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс жасау стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты болады.
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында өте жоғары шулы технологиялық жабдықтау жұмысы кезінде, сонымен қатар қозғалтқыштардың, желдеткіштердің, компрессорлардың және т.б. жабдықтардың үзіліссіз жұмысы кезінде кәсіби ауру көздері туындауы мүмкін.
Шу көздері орналасқан әрекеттегі өндіріс орындарын салғанда және қайта салғанда бөлме ішіндегі жұмыс орындарындағы, сонымен қатар тұрғын үйлерді қоршаған территорияның ауласындағы шудың деңгейін төмендетуге бағытталған архитектуралық – құрылыс шаралар қарастырылуы қажет.
Шудың параметрлерін күші бар гигиеналық нормативтерге дейін жеткізу мүмкін болмағанда:
тұрақты жабдықтар үшін дыбысты оқшаулайтын кабиналарды құру, процесті қашықтықтан басқаруды қарастыру қажет;
қол саймандары үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болғызбайтын жерге жұмыс орнын орналастыруды қарастыру қажет.
Шудың, дірілдің және инфрадыбыстың жұмысшыларға әсер етуіне байланысты жұмыс орындарының маңында, мезгілді демалуға және профилактикалық процедуралар жүргізуге арналған бөлмелер қарастырылуы қажет.
Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-тамырларының жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.
Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері кезінде ауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс қысым Р деп атайды. Дыбыс толқындарын тарату энергияны ауыстырумен ілеседі, шамасы дыбыс қарқындылығымен І анықталады. Адам есітіп анықталатын ең аз дыбыс қысымын Р0 және ең аз дыбыс қарқындылығын І0 табалдырықтық деп атайды. Шамалы естілетін дыбыстың қарқындылығы (естілу табалдырығы) және ауыртатын әсерді шақыратын дыбыстардың қарқындылығының (ауырту табалдырығы) айырмашылығы бір бірінен миллион есе болады. Сондықтан шуылды бағалау үшін дыбыс қысымы мен қарқындылығының абсолюттік мәнін емес, олардың Р0 және 10 табалдырықтық мәндеріне қатынасы бойынша алынған логарифмитикалық бірліктегі салыстырмалы деңгейін өлшеу ыңғайлы болады.
Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады
lg(I/I)
мұнда I – берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м;
I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Вт/мтең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.
Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады
L= 20 lg (P / P)
мұнда P - берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па;
P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы.
Дыбыс қысымының деңгейі бірдей болған кезде түрлі жиіліктердің дыбыстық тербелістері адамның есту органына әртүрлі әсер етеді. Жоғары жиіліктер дыбысының әсері ең жайлы болып табылады. Шуылдар жиілігі бойынша төмен жиілікті (400 Гц төмен жиіліктер ауқымындағы дыбыс қысымының максимумы) және жоғары жиілікті (1000 Гц жоғары) болып бөлінеді.
Шуылдың жиіліктік сипаттамасын анықтау үшін дыбыс ауқымы жиілігі бойынша октавтік жиіліктер жолағы деп бөледі, мұнда шектік f жоғарғы жиілігі қосарланған fтөменгі жиілігіне тең, яғни
f/ f= 2.
Октавтік жолақ ортагеометриялық жиілікпен сипатталынады
f= .
Спектрінің сипаты бойынша шуылды бір октавадан астам енді үздіксіз спектрі бар кеңжолақты және анық дискреттік үні болатын үнді спектр деп бөледі. Уақыты бойынша шуыл тұрақты және тұрақсызға (уақыты ауысып тұратын, үздіксіз, импульстік) бөлінеді. Нормаландыруы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавтық жиіліктер жолағында жүргізіледі.
Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады.
Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: |