- Жилисбаева, Р.О., Хромцов С.В., Безопасность и охрана труда на предприятиях текстильной и легкой промышленности [Электронный ресурс] : учебное пособие. - 10.02 мб., - PDF. - Алматы, 2008. - 243 б. - ISBN 978-601-263-040-4. http://library.atu.kz/files/9674.pdf
Дәріс 8. Метрологиялық жағдай туралы түсінік
Дәрістің жоспары:
1. Микроклиматтың параметрлері және оның ағзаға ықпал етуі
2. Өндірістік микроклиматты мөлшерлеу
3. Өндірістік микроклиматты нормалау
4. Бөлменің ауасындағы (ЗЗ) зиянды заттардан қорғану
5. Желдету жүйелері және желдеткіш құрал-жабдықтар, олардың қолдану салалары
Микроклиматтың параметрлері, олардың ағзаға ықпал етуі
Өндірістік ғимараттың микроклиматы немесе метеорологиялық жағдайы — адам ағзасының температурасын, ылғалдылық пен ауа қозғалысы жылдамдығын, сондай-ақ қоршаған ортаның температурасын анықтайтын ғимараттың ішкі ортасының климаты.
Микроклиматтың бұл параметрлерінің әрқайсысы, жеке-жеке және әртүрлі жағдайда адам ағзасындағы физиологиялық процестерге және көңіл-күйіне, жұмысқа қабілеттілігіне өте үлкен ықпал етеді.
Ол адам ағзасында биологиялық процестердің тұрақты жылумен немесе QB жылу бөлініп араласуымен түсіндіріледі.Адам ағзасындағы биологиялық процестер әр уақытта жылу шығарып отырады, немесе жылу алмасатын - QB – рың мөлшері биохимиялық процестер мен жұмысты атқару кезіндегі ауырлықтан пайда болатынына байланысты салауатты өмір сүру үшін, қоршаған ортаға байланысты болу керек. Оның құрамы ағзадағы биологиялық процесс пен орындалған жұмыстың ауырлығына байланысты болады. Адамның қалыпты тіршілік әрекеті үшін, қоршаған ортада қалыпты болуы керек. Осыған байланысты жылу бөлгіш- Q0 – адам денесін ауамен тазалау-qk конвекциясының нәтижесінде орындалады, жылуды сыртқы ортаға сәулелендіру –q және терідегі ылғалдықтың ауаға айналуымен qn жүреді. Олардың құрамы мен қатынасы адамның жылу күйіне (дене температурасы) және микроклимат параметрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Соған байланысты адам денесінің тұрақты температурасында - tЧ, жылудың бөлінуі tП-қоршаған орта температурасына, (V) қозғалыс жылдамдығынан және (tB) ауа температурасынан жылу бөлгіш конвекциясына, қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығынан жылудың булануына тәуелді болады. Қалыпты метеорологиялық жағдайларда және тыныштық жағдайлары немесе жеңіл физикалық еңбектер шарттарында qКжәне qП шамасы жалпы Q0 сәйкес: 45, З0 және 25 % құрайды. Қолайлы жағдай – QB жылу бөлу мен Q0 жылу жіберуарасындағы қатынасқа ие.
Анықталған жағдайларда сыртқы орта шарттарының метеорологиялық өзгерісі, жылу алмасуды-термореттеу, физиологиялық реттеу механизіміне байланысты, адам ағзасы Qb= Qo арақатынасына тең болып, қалыпты 36-37 температурасын сақтап отыруы қажет.
Термореттеу – дененің ағзадағы температурасын бір қалыпты деңгейде сақтай отыра, метеорологиялық жағдайларға байланысты, ағзамен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуды реттейтін , ағзаның физиологиялық мүмкіншілігі.
Жылу тепе- теңдігі (Qb= Qoкезінде) шарттарында адамдағы термореттеу механизмі күшсіз жұмыс жасап, жылуды жақсы сезінеді, көңіл-күйі жақсарып, жұмысқа қабілеттілігі артады. Сондықтан оларды қамтамасыз етіп тұратын, мұндай микроклимат қолайлы және комфортты болып саналады. Егер жылу тепе-теңдігі бұзылған болса, яғни Qb кезінде үлкен немесе Qo кезінде кіші (аз) болса, онда соған сәйкес жылудың жиналуы немесе шамадан тыс бөлінуі жүреді. Термореттеудің қысқа уақыт ішіндегі ысыну немесе салқындау кезінде дағдылану-бейімделу –мүмкіншілігі, ағзаны қоршаған ортаның дискомфортты метеорологиялық жағдайларына тұрақтылығын көтерумен қамтамасыз етеді, яғни қатты ысыну кезінде перифериялық қан қысымы ағымы ұлғайып, жылу өте жақсы бөлінеді, ал салқындаған кезіде керісінше болады.
Мұндай жағдайда дискомфортты жылуды сезіну, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, өтпелі термореттеулік өзгерістер(жылжулар) орын алуы мүмкін. Бірақта, сонымен қатар көңіл-күйі, денсаулығы бұзылмай ағзаға әсер етуші микроклимат параметрлері жақсы деп саналады.
Ағзаның ұзақ және қарқынды ысыну немесе салқындауы, оның компенсаторлық-қорғағыш механизмдерінің, бұзылуына және патологиялық жағдайға ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдай адам ағзасындағы, орталық жүйке жүйесінің шаршауына, терінің сезімталдығының төмендеуіне, және ұлпалардың нейротрофикалық өзгерістерге, перифериялық қан тамырларының және жүйке жүйелерінің бұзылуына, буын, сүйек ауруларына(радикулит, невриттер, миозитттер және т.б.) әкеп соқтырады. Ал қатты ысып кету жүйке жүйелері, жүрек-қан тамырлары жүйесін және сулы-тұзды алмасу, жылумен сәулелену және т.б. ауруларына ұшыратады.
Бұл ағзадағы жылу алмасу процесінің анализі, қоршаған ортадағы микроклимат параметрлері, адамның хал-жағдайына, жұмысқа қабілеттілігіне өте маңызды ықпал етеді, ең бастысы Qo-жылу жоғалтуына әкеп соғады.
Ауаның температурасы өндірістегі ғимараттардың ауа температурасы, қоршаған орта мен атмосфера ауасының температурасына байланысты, сонымен қатар өндіріске сай технологиялық сипатына және жыл мезгіліне байланысты болады. Ол металургиялық, (ұсталық, термиялық және т.б.)машина жасайтын өнеркәсіптерде, өте көп жылу бөлетін технологиялық процесстерде, әртүрлі өндіріс салаларында, өте жоғары болады, ал жылдың салқын мезгілінде от жақпайтын, ашық жерлерде орналасқан ғимараттарда, температурасы төмен өндірістерде, мысалға, тау-кен, мұнай-газөндіру, элеваторлық және басқа да жұмыстарда, ауасы төмен болады.
Жылу бөлгіш конвекциясымен ауа температурасы жоғарылағанда, сәулеленумен төмендейді және ылғалдың булануымен жоғарлайды, ал оны төмендеткенде барлығы керісінше болады. 330 С-тан жоғары температура кезінде, жылу алмасу көбінесе, ылғалдың буланып ұшып кетуінің есебінен жүреді, ал 12 0 С -тан төмен кезінде, конвекция және сәулелену жолымен жолымен өтеді. tv>33 c, ұзақ уақыт бойы әсер етуі кезінде адам ағзасының ысып кетуіне әкеліп, тұзды-су алмасуының бұзылуына әкеліп соғады(ылғал мен тұзды бірге жоғалтуының арқасында), ал ал tv<120 с кезінде керісінше ағза суып кетеді.
Сонымен қатар, тәжрибе жүзінде анықталған, егер ауа температурасы 180 С-тан, 300 С-қа дейін көтерілсе, адамның жұмысқа қабілеттілігі 18 % дейін төмендейді, ал 400 С-қа дейін 30%-ке дейін төмендейді.
11-суретте көрсетілгендей өндіріс ғимараттарындағы ауа температурасы 16-250 С қолайлы және 13-280 С-ға дейін мүмкін болып саналады.
Ауаның ылғалдылығы-ол су буының көп болуы. Олардың түрлері: максималды, абсолютті және салыстырмалы ылғалдылықтар. Максималды ылғалдылық- берілген температурада будың максималды саны 1 м3 ауада(г/м3). Абсолютті ылғалдылық-берілген температурада будың іс жүзіндегі саны ауада 1 м3 (г/м3) немесе будың парциалды қысымы. Салыстырмалы ылғалдылық (В0)- % берілген абсолюттілік ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы. Максимальды және абсолюттік ылғалдылықтың арасындағы айырмашылық- ауадағы будың жетіспеушілігі. Бірқалыпты температурадағы ауаның абсолютті ылғалдылығы, олардың тығыздығының жетіспеушілігіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін,ал күйі-құрғақ немесе ылғалды. Ауаның ылғалдылығының күйі және дәрежесі салыстырмалы ылғалдылықпен бағаланады.
Ол кәсіпорынның сипатына байланысты болады және өте кең аралықта(шектікте)10 нан 90% ке дейін өзгереді. Оның мәнінің жоғары болуы жер асты тау-кен жұмыстарында, кен байытудағы флотациялау кезінде, рудаларды өңдеу, жылу энергетикалық шаруашылықтарда, гальваникалық және бояу-бөлу процесстерінде байқалады. Ал мәнінің төмен болуы-қатты жылу бөлетін өнеркәсіптерде және континентальды климаттарда байқалады(металургиялық,мұнай газдың,т.б).
Салыстырмалы ылғалдылық жоғарлағанда- В0 жылуды жоғалту терінің үстіңгі бетіндегі ылғалдың булануы азаяды, ал В >85% кезінде тоқталып, терінің бөлінуі және онымен байланысты сусыздану және ағза әлсірей бастайды. Егер осы кезде ауаның температурасы жоғары болса, онда жылу бөлу жылудың пайда болуын жоғарлатып, ағза қатты қызып, ысына бастайды. Керісінше, ылғалдылық жоғары болып, температура төмен болған кезде, шамадан тыс сыз болуы мүмкін, аяғында ағза тоңазып, салқындай бастайды.
Егерде өте төмен салыстырмалы ылғалдылық, ауаның температурасының өте жоғары деңгейінде 20% төмен болса, онда тыныс алу жолдарының бәрі кеуіп қалып яғни, ауаны жұтқанда құрғақтық сезілетін болады. Бұл тыныс алу жолдарынан ылғалдың буланып шығып кетуінен пайда болады, әуе кеңістігіндегі ылғалдың төмендеуімен одан әрі күшейеді. Ауаның температурасы төмен болған кезінде ылғалдылықтың алатын орны шамалы, сонымен қатар адамның денесінің, жылудың сәулелену буларын жұту есебінен, жылуды жоғалтуының ұлғаюымен шектеледі, яғни, суықты сезініп ағзаның суына бастауы.
Ауаның қозғалысы V>0,15 м/с жылдамдығы кезінде сезіле бастайды.Оның адам ағзасына әсері, tв ауаның температурасымен және tч адамның денесімен, сонымен қатар салыстырмалы ылғалдылықпен Вс бірігіп біліне бастайды. tв0 төмен болғанда), яғни, адамның көңіл-күйі жақсарып, жұмысқа қабілеттілігі артады. Дегенмен, tв өте төмен болған кезде, жылуды жоғалту біршама жоғарлайды және соның салдарынан ағза салқындап, тоңа бастайды, Вс жоғары кезінденде одан әрі күшейе түседі.
Егер tв>tч кезінде В ұлғаюуы, жоғарыда айтылған жолдардың барлығымен жылу бөлуді нашарлатады, В0 жоғары болғанда, тұзды-су режимінің бұзылуына, ағзаның ыстықты және қызып кетуді сезінуіне және В0 төмен болғанда, тыныс алу жолдарының құрғауына әкеліп соғады.
Осының негізінде, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3-0,5 м/с болғанда қолайлы деп және 0,2-1,0м/с болғанда мүмкін деп атауға болады.
Жоғарыда айтылған материалдар, қоршаған ортадағы метеорологиялық жағдайлардың комфорттылығы, - адамның жылуды жақсы сезінуі, ол адамға ыстық та, суық та емес, қапырық та болмай және оның көңіл-күйінің көтеріңкі болып, жұмысқа қабілеттілігінің өте жоғары болуы. Сапалық жағынан, ол жоғарыда қарастырылған бөлмедегі микроклиматтың параметрлерімен анықталады, адамды термореттеу үшін ең аз энергиямен және жүйке жүйесіне, жүрек-қан тамыр жүйелеріне күш түсірмеумен қаматамасыз ету.
Өндірістік микроклиматты нормалау(мөлшерлеу) атқарылатын жұмыстың ауырлығына байланысты болады.
Жұмыстың ауырлығы ағзаның жалпы энергия шығаруының негізінде келесі категорияларға бөлінеді:
1 категория(жеңіл физикалық(дене) жұмыстары);
1а категориясына отырып орындалатын және физикалық күш салуды талап етпейтін жұмыстар жатады, ондағы энергияның жұмсалуы сағатына 120 кило калорияға (әрі қарай – ккал/сағ) дейін.
1б категориясына тұрып, отырып немесе жүрумен байланысты және біршама физикалық күш жұмсаумен берге жүретін жұмыстар жатады, ондағы энергияның шығыны 120–150 ккал/сағ дейін.
11 категория(орташа ауырлықтағы физикалық жұмыстар):
11 а категориясы- жүрумен байланысты (1 килограммға дейін) ұсақ бұйымдарды немесе заттарды тұрып немесе отырып және белгілі бір күш жұмсалатын жұмыстар жатады. Энергияның шығыны 150 ден 200 ккал/с –ты құрайды;
11б категориясы-тұрып орындалатын, жүрумен байланысты, (10кг) дейін орташа, үлкен емес заттарды тасымалдайтын, орташа күш жұмсалатын жұмыстардың түрлері жатады. Энергия шығыны 200ден 250 ккал/сағ құрайды.
111 категория(ауыр физикалық жұмыстар)- көп күш салуды талап ететін (10кг) дан жоғары біршама ауырлықтарды тасымалдап орналастыратын, тоқтаусыз қозғалыста болумен байланысты жұмыстар жатады. Энергия шығыны 250 ккал/сағ.
Өндірістік микроклиматты тұрақты ережеге бағындыру(нормалау) келесі бағыттарды жүргізіледі:
өндірістік ғимараттарды тиімді(ұтымды) көлемдік-жобамен және құрылымдық шешу. Ыстық, жану цехтарын бірқабатты және екі аралықты ғимараттарға орналастырады. Ғимаратты аэрациялық шамның көлбеу өсі, жазғы желдің бағытына 90-60 С бұрышты құрайтындай етіп орналастырылады. Өндірістік бөлмелерді салқын ауаның кіруінен қорғау үшін, кіретін жерлерді шлюздермен жабдықтайды, есіктердің аралықтарын жеңіл, салмақсыз пердемен(буркеулер) жабады. Қосарланып шыныланған терезелерді қолданады, қоршауларды, едендерді жылытады.
құрал-жабдықтарды тиімді(ұтымды) орналастыру. Жылудың негізгі шығу көзі, аэрациялық шамға байланысты, ғимараттың сыртқы қабырғаларына жылу ағындары жұмыс орындарында бір-бірімен олармен айқасып шатаспауы үшін, бір-бірінен бірдей арақашықта, бір қатарға орналастырылады. Ыстық бұйымдарды және жабдықтарды салқындату үшін жеке бөлмелер қарастырылады;
өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтандыру, алыстан басқару және қадағалау, тиімді технологиялық процесстер мен құрал-жабдықтарды енгізу;
жылу шығаратын құралдарды ұтымды жылумен изоляциялау(оқшаулау). Жылудыоқшаулағыш материалдармен, сонымен қатар жылуды оқшаулайтын экрандарды қолдану.
жыл мезгілінде және жұмысшының жылумен сәулеленуі, ауырлығы бойынша жұмыс категориясына байланысты СНжЕ ҚР 4.02-42-2006 –да ауа қозғалысының жылдамдығы мен температурасы белгіленгендей, орынды желдету, кондиционерлеу және жылыту. Салқын кездерде бірқалыпты жылыту жағдайын жасау үшін, жекелеген бөлімшелерде мен жұмыс орындарында сәулелі жылытқыштарды қолданған жөн. Сол үшін арнайы газды инфрақызыл немесе электрлік(қараңғы)(500С)дейінгі сәулелендіргіштерқолданады. Цехқа кіретін жерде жұмыс жасайтындарды салқындап және суық тиіп ауырып қалмауын ескерту үшін, тамбурлар немесе жылы жеңіл перделер (бүркемелер) орналастырылады. Бөлмені қыздыру(жылыту) үшін жабдықталуы керек: тез жылытуға арналған қондырғылар, аяқ киімді, сырт киімдері мен қолқаптарын кептіретін қондырғылар; титандар немесе басқада шай немес басқада ыстық сусындар дайындайтын құралдар.
бірқалыпты метереологиялық жағдайдағы бөлмелерде дұрыс демалу үшін жағдай жасау, қосымша үзілістер енгізу, жұмыс ауысымының ұзақтылығын қысқарта отырып, еңбек пен демалыстың режимін тиімділендіру.
жеке қорғаныс құралдарын қолдану: арнайы киімдер, арнайы аяқ киімдер, бас киімдер мен қолды қорғайтын құралдар. Өте жоғары және төменгі температурадан қорғау үшін әртүрлі т е рмо қорғағыш арнайы киім қолданылады.
Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардан қорғану.
Кәсіби улануды сауықтыру бойынша негізгі шараларға жататындар:
адамның зиянды заттармен (контакіде)байланысын болдырмайтын, өнеркәсіптің прогрессивті (үдемелі)технологиясын қолдану;
ШШК жоғары бөлменің ауасында ЗЗ бөлінуін болдырмайтын, құрал-жабдықтар мен коммуникацияларды таңдау;
өндіріс алаңдарын, ғимараттарды және бөлмелерді, сонымен қатар жабдықтарды ұтымды, орынды жобалау;
ЗЗ пайдаға асыру және ұстап қалуға арналған арнайы жүйелерді қолдану;
алғашқы өнімдердегі ЗЗ құрамын шектеу және өте қауіпті заттарды қауіптілігі азға алмастыру;
жұмыс зонасы ауасының жағдайын бақылау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;
санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды және қондырғыларды пайдалану және дұрыс жобалау(жылыту, желдету, канализация және т.б.).
Желдету жүйелері және желдеткіш құрал-жабдықтар, олардың қолдану салалары.
Желдету деп- гигиеналық және техникалық талаптарға сәйкес, бөлменің қызмет көрсететін және жұмыстағы, тұрақты жұмыс орнындағы метеорологиялық жағдайларды қамтамасыз етуге арналған, қондырғылар мен шаралардың жүйесін айтамыз. Желдету – бұл бөлмедегі артық жылу, ылғылдылықты, қауіпті және зиянды заттарды жою үшін, сондай-ақ жұмыс зонасындағы микроклиматтық жағдайды жақсарту үшін жасалатын ұйымдық шаралар.
Ауаның орнын ауыстыру тәсілдеріне байланысты, механикалық және табиғи, аралас желдетулер деп ажыратылады.
Табиғи желдету кезіндегі ауаны алмастыру бөлменің ішкі және сыртқы ауа қысымы мен температураның айырмашылығының есебінен пайда болатын, жылудың және желдің күшінің салдарын болады, ал жасанды желдету, желдеткіштің көмегімен жасалған жасанды күштің салдарынан болады. Сондықтан олардың біріншісін бөлмеде жылу көп болған жағдайда және сыртқы желмен бірге қолданады, ал екіншісі – цехтағы жылу бөліну өте жоғары, бөлінетін зиянды заттардың санымен және улылығы(токсиндігі), сыртқы метеорологиялық жағдайларға қарамастан, бөлмедегі ауаның тұрақты алмасуын қажет ететін кезде, табиғи желдету микроклиматты қамтамасыз ете алмайды.
Әрекет ету орны бойынша желдету жалпы алмасатын, жергілікті және үйлестірілген(комбинирленген) болып бөлінеді. Олардың біріншісі зиянды заттар, бөлме бойымен біркелкі бөліне бастағанда іске асырылады, демек(сондықтан), өндірістік бөлмелерде жұмыс зонасы ауасына көп мөлшерде зиянды немесе жарылысқа қауіпті заттардың кенеттен түсуі мүмкін кезде авариялық, механикалық желдетуді қолданады.
Ол бөлме өте үлкен болып, ондағы адамдар саны аз және оларды қай жерде екендігі тіркелмеген кезде қолданылады. Сондықтан желдетудің бұл түрі, комбинирленген деп аталатын, жалпы алмасатын табиғи немесе жасанды желдетумен міндетті түрде толықтырылуы қажет.
Табиғи желдету барлық бөлмелерде қарастырылуы керек. Ол ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған(инфильтрация, жиналу, шоғырлану) болып екіге бөлінеді.
Бірінші жағдайда ауаны тазарту әртүрлі саңылаулар және терезелер мен есіктердің тығыз жабылмауынан болады, ол ауа алмасуының бірден азырақ бөлінуі кезінде қолданылады.
Аэрациялау(тазарту) кезінде бөлмені желдету арнайы құрылғы арқылы іске асырылады. Оны жылу көп бөлінетін цехтарда және зиянды заттардың шоғырлануы ағындыауадағы ШШК 30 %аспаған кезде қолданады. Аэрацияланған бөлмеден ауаны шығарып тастау үшін, үрленбейтін аэрациялық және жарықты аэрациялық шамдар, әртүрлі конструкциядағы шахталар, шатырдың үстіне орналастырылған сорып алатын құбырлары қондырылады. Желдің күшін пайдалану үшін, сонымен қатар ауаның шамалы көлемін алып тастау үшін, дефлекторлар қолданылады.
Механикалық желдету ауаның өте таза жерден түсуін қаматмасыз етеді; ауаның тазаруына мүмкіндік жасайды- оны қыздыру, ылғалдандыру және кептіруді; ауаны кез келген жұмыс орнына немесе қондырғыларға жеткізуге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар оны тазартып шығарып тастайды.
Желдету қондырғылары ауаны жинайтын шахтадан, ауа өткізгіштен, шаңтазартқыштан, ылғалдандырғыштан, калориферлерден, ауаны тарататын құрылғылардан, олардың ең негізгісі болып саналатын желдеткіштен тұрады. Олар толық қысыммен Н, өнімділігімен L, қуатымен N, пайдалы әсер коэффициентімен сипатталады n.
Механикалық желдету ағынды, сорып алатын және ағынды-сорып алатын болып орындалуы мүмкін.
Ағынды желдету зияндылық концентрациясы(шоғырлануы) аз және неғұрлым жақсы(айтарлықтай) жылу бөлінетін, өндірістік бөлмелерде қолданылады. Сорып алатын желдету, зиянды заттар болмайтын және ауа алмасудың ең аз бөлінуі, еселігі қажет өндірістік бөлмелерде, қосымша және тұрмыстық бөлмелерде, қоймаларда қолданылады. Ағынды-сорып алатын(тартатын) желдетулер, ерекше сенімді және жоғары ауа алмасуды талап ететін, барлық өндірістік бөлмелерде қолданылады. Бұл жүйеде ауа бөлмеге ағынды желдетумен беріледі де, бір уақытта жұмыс жасайтын сорып алатын желдетумен шығарылып тасталады.
Аралас желдетуді, ауаны ағызып және шығарып тастау үшін табиғи желдетуді ішінара(анда-санда, жарым -жартылай) механикалыққа қосымша қолдануға болады.
Апаттық(авариялық) желдету ауаға кенеттен көп мөлшерде зиянды немесе жарылуға қауіпті газдардың түсуі мүмкін өндірістік бөлмелерде қолданылады. Ол сорып алынады және өртке жарылысқа қауіпті А,Б,В категорияларын басқа, барлық кәсіпорындарға арналған желдетудің жұмыс жүйесімен бірігіп, ауа алмасуын 8-ден кем жасалмауын қамтамасыз етуі қажет.
Жергілікті желдету, бөлінетін зияндылықтарды тура пайда болған жерінде жойып(алып тастау үшін)және олардың таралуын, барлық өндірістік бөлмелердің ауасында, болдырмауға арналған. Ол жергілікті сораптар сияқты, сорып алатын желдету түрінде, сонымен қатар ағынды түрінде-жеңіл бүркемелр(перделер), душ және оазис түрінде орындалады.
Қызметі мен құрылымдық(конструктивті) орындалуына байланысты жергілікті сораптар, жабық қабылдағыштарға, қорғағыш- шаңсыздандыратын қаптамадан, тартып алатын қолшатырдан және шкафтардан, бортты сораптардан, біркелкі жұтатын(соратын) панельдерге бөлінеді.