Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ



бет1/48
Дата05.12.2022
өлшемі230,26 Kb.
#55063
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені (копия)


«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті
Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы»


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дәріс 1. Кіріспе. құқықтық жӘне ұйымдАСТЫРУШЫЛЫқ шараларЫ


Еңбекті қорғаудың техникалық – нормативтік және заң жүзіндегі негіздері


Дәріс жоспары:
1.Курстың мақсаты және мазмұны
2.Негізгі анықтамалар мен түсініктемелер
Еңбек дегеніміз - әр тұлғаның материальдық, моральдық және де т.б. жағынан өз бағаларын көтеретін өмірдегі ең бір қажетті түсінік.
Еңбек қарым-қатынасы дегеніміз – қызметкерлер мен жұмысшылардың арасындағы арнайы бір ережеге, заңға сүйену.
Заңға, ережеге сүйену дегеніміз – әр-бір мекемелерде, бөлімшелерде қолданылатын іс номенклатурасы бойынша бұйрықтармен, нұсқау хаттармен және жарлықтармен жұмыс істеу.
Еңбекті қорғау (ЕҚ) – заңдылық және нормативтік құжаттар жүйесі, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ететін әлеуметті-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар өңделеді.
Еңбекті қорғау дегеніміз – жұмыс процессі кезінде адамдардың денсаулығын сақтау, жұмыс қабілетін арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экономикалық, техникалық, эстетикалық, әлеуметтік және ұйымдщастыру заң жүйесінің жинағы. Егер еңбекті қорғауды ғылым ретінде қарайтын болсақ, онда әртүрлі ғылымдардың қорытындыларының жинағы деуге болады.
Арнайы еңбек келісімі дегеніміз – жұмыс мерзімі, жұмысшыларға төленетін еңбек ақысы, демалыс мерзімі, жұмыстардың ауыр және жеңіл жағына байланысты жағдайлардың жасалуы, командировкаға жіберілуі (алыс және жақын жерлерге байланысты жасалатын жағдайлар мен төлем ақысы), өндірісте алған ауыр және жеңіл жарақаттар түрлеріне байланысты шешімдер, т.б. көптеген жағдайлардың қаралуы болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет