Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ



бет20/48
Дата05.12.2022
өлшемі230,26 Kb.
#55063
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені (копия)

- Жилисбаева, Р.О., Хромцов С.В., Безопасность и охрана труда на предприятиях текстильной и легкой промышленности [Электронный ресурс] : учебное пособие. - 10.02 мб., - PDF. - Алматы, 2008. - 243 б. - ISBN 978-601-263-040-4. http://library.atu.kz/files/9674.pdf


Дәріс 7 Шуыл, діріл, шаң-тозаң, олардың адам ағзасына әсері.
Дәрістің жоспары:
1. Еңбекті қорғаудың психофизикалық негіздері.
2. Өндірістік шу және діріл
3. Өндірістік шаң
4. Қорғану шаралары


Текстиль және жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында әртүрлі процестер нәтижесінде өндірістік зиянды заттар бөлінеді, олардың барлығы адам денсаулығына жағымсыз зиянды ықпал тигізеді. Өндірістік зиянды заттар үш топқа бөлінеді:
1. Осы өндірістік өнімдердің ерекшеліктеріне байланысты технологиялық жабдықтаудағы қолданылатын шикізат пен материалдар нәтежиесінен туындаған зияндылықтар: қанағаттандырылмайтын метерологиялық шарттар, төмендетілген немесе жоғарлатылған атмосфералық қысым, өндірістік шу және діріл, өндірістік шаң, өнеркәсіптік улы заттар, кәсіптік инфекциялар және радиациялық сәулелену;
2. Еңбектің ерекше процестерінің нәтежиесінен туындаған зияндылықтар: көру және есту органдарының шамадан тыс күштенуі, және де бұлшық ет пен сүйекке күш түсіретін аппараттары;
3. Санитарлық сәулеттендірудің кемшіліктерінің нәтежиесінен туындаған зияндылықтар: жылыту жүйелерінің жұмысының жетіспеушілігі, желдету және жарықтандырудың жетіспейтін деңгейі және бір еңбек етушінің жұмыс істеу ауданының нормаға сай келмеуі. Осы топқа мынадай зиянды заттар да жатады, ұзақ мекендеумен жұмысшылардың ашық ауада жүруі.
Өндірістегі процестер кезінде негізгі зиянды заттармен күресу шараларына денсаулығына зиянды факторлардың кері әсер етпеуіне арналған арнаулы киімдермен және бөлек операцияларды жабдықтау герметизациясын механикаландырумен қамтамасыз етуге болады.
Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының шартты талаптары болып табылатындар:
- заттық және шикізаттық қоймаларында жүкті түсіру немесе көтеру жұмыстарын автоматтандыру, механикаландыру;
- тасымалдаушы көліктерді механикаландыру;
- замануи технологиялық жабдықтауларды қондыру;
- өндіріс учаскелерінде толассыз сызықтардың құрылғысын орнату;
- бояу - өңдеу өндірістерінде химиялық заттарға механикалық жабдықтардың құрылғысын үйлестіру;
- жұмыс орындарында жарықтандыру жүйелерінің құрылғысын қосу және ауаның тазартылуын қадағалау;
- жұмысшыларды арнайы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
- жұмысшыларды жүйелі тазалық сүйемелдеуімен орналастыру;
- жұмыс уақытындағы үзіліс уақытына арналған демалыс орындарымен қамтамасыз ету;
- жұмысшыларды арнайы киіммен және жеке қорғану киімдерімен қамтамасыз ету (көзілдірік, респираторлар және антифанарлармен және т.б.);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет