Дж ум ан ова, А. Х. Сулеименова



Pdf көрінісі
Дата04.01.2017
өлшемі193,55 Kb.
#1149

Л.Н. Гумилев атындагы ЕҮУХабаршысы

Л. С. 

ДЖ УМ АН ОВА, 



А.Х.СУЛЕИМЕНОВА

ТІЛ -  ¥Л Т   БІРЛГГШ  НЫҒАЙТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ  ФАКТОРЫ



Ғгот  іһіз  зсіепіфс  агіісіе

 



Тһгее  /ал§иа§ез  о/зреакіп^ 



о /  

іһе ККРгезісіепі К А.  NашгЪаеу”  із  сіеаг 

іһаі ргоЫет  гізез / лот  іһе  Іі/е  пеззеші)?. Каіакһзіап  сіі&ет  $реакіп§/ІиепіІ}\  шііігщ рег/есіІуЪесоте 

регзот  сараЪІе іо сотреіііе



8о тазіегһщ Іап§иа§е/ог согтіту і$  ітрогіапі



іһт  

рго/оипсііу 

сіізсжзесі іп 

іһе агіісіе.

Ширек  ғасырдай  уақыттан  бері  тіліміздің  мәртебесін  арттыру  жолындағы  келелі  істер  өз 

жалғасын  тауып  келеді.  Осыған  орай  жарық  көрген  «Тілдерді  қолдану мен  дамытудың  2011  -  

2020  жьшдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасынаң»  жобасы  мемлекеттік  тілдің  келешегін 

жаңа  бір  қырынан  айқындады.  Бағдарламада  алға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізудегі  мем- 

лекеттік  тілді  меңгеру  жуйесіне  қатысты  алда  атқарылар  шаралар  көңіл  қуантады.  Әлемдегі 

дамыған  елу  елдің  қатарына  қосылу  үшін  қазіргі  уақытта  «Үштұғырлы  тіл»  саясаты қолға  алы- 

нып  жатыр.  «Үштүғьірлы  тіл» туралы  идеяны  мемлекет  басшысы,  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.Ә. Назарбаев  2006  жылдың  қазанында  өткен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XII 

қүрылтайында  жария  етті.  Ал  2007  жылы  «Жаңа әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа жол- 

дауында  «Тілдердің  үштұғырлығы»  аттьі  мәдени  жобаны  кезең-кезеңмен  іске  асыруды  ұсынды. 

Мысалы,  стандарттар  әзірлеу,  қазақ  тілінде оқытатын  білім  беру  мекемелерінің  желісін  кеңейту, 

мамандар  даярлауды  одан  әрі  жүргізу,  тағы  басқа  келелі  мақсат-міндетке  назар  аударылып  отыр. 

Аталмыш  мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  елімізде  тұратын  барлық  этностардьщ  тілдерін 

сақтау  жэне  Қазақстан  халқының  шетел  тілдерін  меңгерумен  қатар,  мемлекеттік  тілдің  ұлттық 

бірлікті  нығайтудың  басты  факторы  ретінде  қызмет  етуіне  мүмкіндік  береді.

«Үштұғырлы тіл» саясатында  ағылшын, орыс  тілдері  -   ғылыми  жүйеленген,  ұлтаралық  қатынас 

тілі  мәртебесіне  ие  әрі  ешқандай  көмекті  қажет  етпейтін,  кәсіби  қалыптасқан  дербес  тілдер. 

Қазақстан халқының рухани дамуымен  қатар,  бұл  идея  ішкі  саясатымыздың жеке бағыты болып бел- 

гіленді.  Яғни,  идеяның негізі  мынадай:  Қазақстанды  бүкіл  әлем  халқы  үш тілді  бірдей  пайдаланатын 

жоғарьі білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақтілі -  мемлекеттік тіл, орыс тіл і-ұл тар алы қ 

қарым-қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  -   жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі.  Басқаша 

айтқанда,  үштұғырльі  тіл  идеясын  мынадай  әрі  қарапайым,  әрі  түсінікті  формуламен  көрсетуге бола- 

дьі:  мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Айта кетелік, үштұғырльі тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы 

ретінде  пайда  болған  жок,  ол -  өмірлік  қажеттіліктен  іуындаған  игілікті  идея.  Өйткені,  қазіргі  кезде 

күллі  әлемге  есігін  айкара  ашып,  экономикасын 

дамытып  жатқан  тілдер 

биіктен  көрінеді.  Ал 

бұл  бағыттағы  толайым  табыстарға,  ілім-білімге  алып  барар  жол  -   ғаламшардағы  үстемдік  құрған 

тілдерді  үйрену.  Қай  заманда  болсын,  бірнеше  тілді  меңгерген  мемлекеттер  мен  халықтар  өзінің 

коммуникациялық  және  интеграциялық  қабілетін  кеңейтіп  отырған.  Мысалға,  ежелгі  дүниедегі 

Мысырдың  өзінде  бірнеше  тілді  білетін  мамандар  иерархиялық  сатымен  жоғарылап,  көбіне  салық 

төлеуден  босатылған.  Сондай-ақ,  бүгінгі  Еуропада  да  көп  тілді  меңгерушілік  жалпыға  ортақ  норма 

болып  саналады.  Яғни,  бүгінгі  таңда  ТМД  мен  Орталық  Азияның  көшбасшы  мемлекетіне  айналған 

Қазақстан үшін үштұғьірлы тіл -  елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, 

бірнеше тілде  еркін  сөйлей де, жаза да білетін  қазақстандықтар өз  елінде де,  шетелдерде де бәсекеге 

қабілеттітұлғаға айналады.

Атап айтарлығы, көпұлтты Қазақстанның жағдайында “Үштұғырлы тіл” ұлттық жобасы қоғамдық 

келісімді  нығайтудың  негізгі  факторы  болып  саналады.  Алайда,  еліміздегі  негізгі  үш  тілді  дамытуға 

басымдық беру ~ басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мәдениеттер мен 

тілдердің саналуандьіғы -  бұл біздің ұлттық байлығымыз, Т әуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап- 

ақ,  мемлекет  Қазақстандағы  халықтардың  барлығының  мүдделерін  ескере  отырып,  посткеңестік 

кеңістікте  ең либералдық  тілдік  саясат  жүргізді.  Соның  дәлелі  болар,  кез  келген  этностың  окілі  қай 

тілде білім алатынын,  сейлейтінін,  шығарма жазатынын ерікті түрде таңдай алады.

Біздің  қоғамда барлық  этностардың  мәдениеті  мен  тілін  дамытудың бірегей  формуласы  жасалып 

отыр.  Біздің жетістігіміз -  басқа  этностардың құқықтарына  ешқандай да қысым жоқ.  Сонымен  қоса, 

біз  тағы  бір  аса  маңызды  мәселе  -   мемлекеттік  тілді  барша  қазақстандықтардың  меңгеруіне  толық 

жағдай туғызып отырмыз.  Өйткені,  бұл  халықаралық тәжірибеде бар үрдіс.

Қарап  отырсақ,  қазіргі  кезде  мемлекеттік тілді  оқып-үйренуге  барлық жағынан  жағдай  жасалған.

22


М  1  (92) 2013

Тіпті, мемлекеттік мекемелер мен кэсіпорындардың бәрінде курстар ашылып, ғылыми-әдістемелік ма- 

териалдар таратылады.  Мемлекеттік тілді жетік меңгерген басқа ұлт өкілдерін  материалдық жағьшан 

ынталандыру да дұрьіс жолға қойылған.  Содан да шығар,  көптеген  қазақстандықтар қазақ тілін білу- 

ді  -   патриоттық  борышым  деп  санайды.  Оған  қоса,  мемлекеттік  тілді  үздік  меңгеру  жеке  бәсекеге 

қабілеттіліктің,  кез-келген  қызмет  саласындағы  мансаптық  өсудің  факторына  айналды.  Десек  те, 

мемлекеттік тілді дамыту женіндегі  іс-шаралар бұдан  да тереңірек жэне нәтижелі  болуы  шарт.  Яғни, 

бізге  елімізде  тұратын  барлық  этностардың  тілін  сақтай  отырып,  ұлт  бірлігін  нығайтудың  маңызды 

факторы  ретінде  мемлекеттік тілдің  ауқымды  қолданылуын  қамтамасыз  ететін  тілдік  саясат жүргізу 

қажет. Ол үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін қүру бағытында жүмыс 

үйымдастырылады.  Бүл  жүйе  ең  алдымен,  мемлекеттік  тілді  меңгеру  мен  оқытудың  бірыңғай  стан- 

дарттарын әзірлеуді және бекітуді, содан соң оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне -  мектеп- 

ке дейінгі  мекемелерге,  мектептерге, жоғары және одан кейінгі оқу жүйесіне енгізуді  көздейді.

Екінші  жағынан,  отандастарымыздың  орыс  тілін  меңгеру  деңгейін  сақтап  қалуына  да  көңіл  ау- 

даруымыз  керек.  Өйткені,  орыс  тілі  -   үлтаралық  қарым-қатынас  пен  интеграциялық  қызметтердің 

діңгегі. Ақиқатын айтсақ, ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі әлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім 

дау айта алмас.  Сондай-ақ,  әлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бәсекеге 

қабілетті үлттың кез-келген өкілі үмтылуы тиіс. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 -2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес,  орыс  тілін  оқыту  жүйесін  одан  әрі  оқу-әдістемелік 

және зияткерлік түрғыдан қамтамасыз етуіміз керек. Бүл максатқа жетеміз десек, қашықтыктан оқыту, 

электронды  интерактивті  оқулықтар  бағдарламасын  қүру,  үлттық  мектептерде  орыс  тілін  оқытудың 

инновациялық  эдіс-тэсілдерін  енгізу,  оралмандарға,  шетелдіктерге  жэне  халықтьщ  басқа  топтарына 

орыс тілін оқьіту курстары  мен орталықтарын ашу, халықтың орыс тілін меңгеруіне түрақты  монито- 

ринг жүргізу сияқты  іс-шаралар қолға алуымызқажет.

Ал “Ү штүғырлы тіл” идеясының үшінші қүрамдас бөлігі -  ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ

бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз -  ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына 

ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең -  элемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында 

білім алуға мүмкіндігің мол.  Тіпті,  оқуыңды тэмамдаған  соң,  біршама уақытқа шетелде қалып,  еңбек 

еіуаң  үшін  де  бүл  тамаша мүмкіндік.  Ең  бастысы,  ағылшын  тілін  білу -  бұл  іскерлік қарым-қатынас 

жэне  әлемнің  кез-келген  нүктесінде  бизнеспен  айналысу  үшін  міндетті  талап.  Қазақстандықтардың 

ағылшын  жэне  басқа  да  шет  тілдерін  оқып-үйренуге  жэрдемдесу  үшін  колледждер  мен  жоғары  оку 

орындарында  шет  тілінің  болашақ  оқытушыларын  оқыту  жүйесі  мен  процесіне  қойылатын  талап- 

тарды  күшейту  керек.  Сонымен  қоса,  жаратылыстану  мен  математиканы  ағылшын тілінде  оқытатын 

оқытушыларды  дайындау,  шетелдермен  тэжірибе  алмасу,  шет тілдерде  сөйлейтін  мамандарды  тарту 

саласындағы  ынтымақтастықты  жандандыру,  арнайы  орта  және  жоғары  оқу  орындарының  студент- 

тері  мен оқытушыларын шетелдерде тіл үйрену  мен тәжірибе жинауға жіберу сияқты бірқатар  іс-ша- 

раларды  жүзеге  асыр-ған  жөн.  Жоғарыдағы  мақсаттар  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасында тайға таңба басқандай етіп жазылыпты.

Жалпы алғанда, тілдерді  меңгерудің тиімділігін сөз еткенде біз бүл жүмыстың жүйелі түрде жетіл- 

дірілуіне батыл  қадам жасағанымыз жөн.  Әсіресе,  инновациялық эдістерді  іздеуіміз  қажет.  Мысалға, 

эрбір  облыста  үш  тілге  бірдей  оқытатын  мамандандырылған  орталықтар  ашып,  оларды  алдыңғы 

қатарлы  технологщшармен  қамтамасыз  етсек.  Түптеп  келгенде,  Қазақстандағы  үштүғырлы  тіл  сая- 

саты  -   бүл  елімізді,  оның  әлеуетін  одан  әрі  нығайтуға  бағытталған  түтас  түжырымдама.  Іс  жүзінде 

тілдердің  үштүғырлылығы  идеясы  бэсекеге  қабілетті  Қазақстанның  үлттық  идеологиясының  бір 

белшегі  болып  табылады.  Яғни,  мемлекет  эрбір  қазақстандық  үшін  үш  тілді  білу  -   эркімнің  жеке 

дамуының міндетті  шарты  екендігін эрдайым есте үстауының  қажет  екендігіне  назар аударады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 жыл, 27 шілде.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

2006 жыл  1  наурыздағы  «Қазакстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің катарына кіру стра- 

тегиясы» атты Жолдауы.

3.  Қазакстан Республикасының Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың «Тілдерді  колдану  мен  дамытудың  2011- 

2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы» атты  жобасы.

4. 


Шр: // \ү\¥\ү. еі^агеіі. кг.  Табынүлы  Т. «Үштүғырлы тіл: Бәсекеге қабілетті үлт болудың бірінші сатысы», 

29 наурыз  2011  ж.



Редакцшга 20.09.2012 қабылданды.

23


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет