Дженнифер рис



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#10299
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Пошташы  Петяны  және

 

басқа  балаларды  Гурлиге 



алып  келді.  Мәшинеде  бос  бір  орын  болғандықтан, 

олардың қасына Джек ілесті. Сақадай сай дайын

 

топ кӛк 


шӛптің  үстінде

 

жиналып  тұрғанда,  бұларды  Рансон 



мырза  қобалжи

 

қарсы  алды.  Мына  ӛр



 

кеуде  топты, 

әрине,  ол  да  жеңгісі  келеді.  Қарсылас  топтың 

мұғалімімен

 

оның


 

жеке  бәсекесі  бар  болатын.  Картада 

ол жаттықтырушы ретінде кӛрсетілген. 

 



 

Доусон  қайда?  –

 

деді  ол  абыржып.  Біреулердің 



айтуынша,  ол  әлі  келген  жоқ  кӛрінеді.  Ойын  басталмас 

бұрын Рансон мырза әдеттегісінше жігер беретін сӛздер 

айтты.  Ол  алаңдаулы  еді,

 

қолындағы  сағатына



 

жиі


-

жиі 


қарай  берді.  Кенет  ойын  алаңымен  оларға  қарай

 

Гурлидің директоры жүгіріп келді



.  

 



Маған  жаңа  ғана  телефонмен  қоңырау  шалып, 

сендердің топтарыңдағы бір баланың келмейтінін, әкесі 

екеуі

 

осында



 

жол тартып келе жатқанда апатқа ұшырап, 

емханаға түскенін хабарлады, –

 

деді. 



 

 



Даусонның дәл ӛзі ме? –

 

деп кібіртіктеді Рансон. –



 

Біздің жалғыз үмітіміз сол ғана еді.

  

Гурли тобының мұғалімі қастарына келіп:

 


 

61 


 

Оның  орнына  қоятын  басқа  адам  таба 



алмайсыздар  ма? Ойынды бастау  керек.  Біздің  жігіттер 

жаурай бастады, –

 

деп шамданды.



 

Рансон  мырза  ӛздерінің  жанкүйерлеріне

 

селқос


 

қарап  шықты,  бірақ  олардың  барлығының  жасы  он 

бестен  жоғары  болды  немесе  оларда  спорттық  аяқ 

киімдер


 

болмады.  Запастағы

 

ойыншылардың  да 



ешқайсысы жоқ еді. 

 



 

Сенің  аяқ  киімің  папамның  мәшинесінің  артқы 

жағында! –

 

деп Петя Джектің қолынан тартты. –



 

Сен оны 


ӛткен  жолы  екеумізді

 

папам



 

спорт  алаңынан  алып 

кеткен кезде қалдырып қойғансың.

 



 

Мен ойнамаймын, –

 

деді


 

Джек шешімді түрде. 

 



 



Ӛтінемін,  –

 

деп  жалынды  Петя.  –



 

Сенің


 

ойнай 


алатыныңды мен білемін ғой.

 

Оның



 

жалынышты түріне қарап, Джек жібіп кетті. 

 



 



Мынау ма



 

деп қана айтты Рансон мырза, Петя 

жоқ 

ойыншының 



орнына

 

Джектің



 

ойнайтынын 

хабарлаған кезде. 

 



 

Бір ойыншы кем ойнағаннан гӛрі, бұл жақсырақ,  –

 

деп қосты Петя. 



 

Бүгін 


Рансон 

мырзаға 


мәртебесінің 

тӛмендетілгенімен келісуге тура келеді. Ол амалсыздан 

келіскен  сыңай  танытып

 

Джекке  спорт  трикосын 



тастады. 

 

Ойын  алаңында Джекті  Гурли тобы ӛзіне  үйреншікті 



«ақ

-

қара



-

қызыл»  деген  қылжақ  әзілмен

 

қарсы  алды. 



Бірақ  бұл  әзіл

 

бүгін  оның  ойынына  тек  шабыт  әкелді. 



Тӛреші

 

ойынды  бастауға  белгі  берген



 

кезде,  Джекті 

үлкен бір

 

сезім кернегендей, алаңға



 

екпіндей


 

шықты


.  

Рансон мырза бұл ойынды ешқашан ұмытпайды. Ол 

қарсыласының 

қасында 


қырымен 

тұрып, 


алаң 

ортасындағы Джектің қалайша доп үшін таласқанын, үш 

қорғаушыны  шетке  қалдырып,  допты  сол  аяғымен

 

қақпалап әкеліп, бар пәрменімен



 

қақпаға қарай тепкенін 

бақылап тұрды.

 

Есеңгіреп



 

қалған қақпашының демі бітті

Джек  екінші  рет  допты  қақпаға  кіргізген  кезде,  Рансон 



мырзаның  түсі  ӛзгеріп,  қуанғанынан  секіруге  жақын 

қалды. 


 

 

62 


 

Қалды беті



 

кішкентай запас

 

ойыншыңыз дарынсыз 



емес  екен,  –

 

деп  оның  қарсыласы



 

ұнатпаса  да 

мойындады. –

 

Ол шын мәнінде бәрінен де кіші ме, әлде 



жасы кіші

 

болып кӛріне ме? 



 

 



Ол енді ғана он үшке келді, –

 

деді Рансон мырза. –



 

Расында  мен  оны  жақсылап  жаттықтырғанмын,  –

 

деп 


қосты ол. 

 

Осылай  айтқаны  үшін  ол  іштей



 

ӛз

-



ӛзінен  ұялды. 

Петя  да  қақпашы  ретінде  жан  сала

 

ойнап  жатыр. 



Үзіліске дейін

 

қақпаларына артық  кіргені үшін Гурлиден 



келген балалардың еңселері тым түсіп кетті. 

 

Осы  сәтте  қарсылас  топтың  жаттықтырушысы  ӛз 



адамдарын  шешінетін  жерде  жинады.  Олардың  не 

айтып  жатқанын  Рансон  мырза  білгісі

-

ақ  келді



Не 


дегенін кім білсін, әйтеуір

 

ойыншылар қойға шапқан аш 



қасқырдай  ойын  алаңына  лап  қойды.

 

Байқұс  Петя  есін 



жиып  болғанша,  олар  екі  гол  кіргізді.  Осы  кезде  олар 

Джекті допқа жақындатпай, жан

-

жағын қоршап алды да, 



гол кіргізуге мүмкіндік бермеді. Рансон мырзаның кӛңіл

-

күйі түсіп, бармағын тістелей берді. 



 

 



Қайраттаныңдар



 

деп қырылдай айқайлады ол. –

 

Берілмеңдер!  –



 

Дегенмен


 

тепе


-

тең  түсу  ол  күткеннен

 

жақсы нәтиже екеніне



 

келісуге тура келді. 

 

Матчтың  аяқталуына 



минут  қалған  кезде  оның 

тобы  селқос  ойнай

 

бастады.  Олардың  біреуі  қарсы 



соққы бере алады деп ойлаған  кездерінде біреу  Джекті 

артынан  келіп  қатты  соғып  кетті.  Бұл  анық  тәртіпті 

бұзушылық  еді,  тӛреші

 

оған  айып  салды.  Әдетте 



айыпты 

болып 


отыратын 

Гавин 


Скот 

ұрысқа 


дайындалып  шықты.  Бірақ  ол  қарбалас  сәтте  онша 

сенімді емес еді. 

 

Сол кезде жаттықтырушы Джекке қол сілтеп: 



 

 



Джонсон, мүмкін тағы бір гол кіргізерсің! –

 

деді. 



 

Кӛп уақыт ӛтпей, Гурлилік қақпашы ойламаған жерде 

Джек қақпаның оң жақ бұрышынан допты кіргізді. 

 

Ақырғы



 

ысқырық


 

естілгеннен  кейін,  топ  ӛздерінің 

шын  мәнінде  жеңгендерін  түсінді.  Басқа  ойыншыларға 

қарағанда, Джекті бәрі

 

қатты құшақтады. 



 

 

63 


 

Үш  тамаша  гол!  –



 

деп  Петя  Джектің  арқасынан 

сүйсіне қағып қойды. –

 

Сен менің



 

үмітімді ақтайтыныңды 

білгенмін! 

 

Алдында  Джекті  келеке  қылған



 

Гурли  тобы  енді 

ӛздерінің  жаттықтырушылары  сияқты  еңселері  түсіп 

кетті.  Алайда

 

кімнің  жүзі  бақыттан  кӛбірек  жарқырап 



кеткенін  айту  қиын  еді:  Рансон  мырза  ма,  әлде 

Лонгфилд пошташысы ма. 

 

Дүйсенбі  күні  таңертең  мектеп  жиналысында 



директор барлығына естіртіп былай хабарлады: 

 



 

Бүгін біз ойыншылар тобын

 

құттықтауымыз қажет. 



Сенбі  күні  олар  он  алты  жылдың  ішінде  бірінші  рет 

футбол  ойынында  Гурлидегі  мектептің  командасын 

жеңді!  Барлық  оқушылар  ду  қол  шапалақтады.  Содан 

кейін  директор  қолын  кӛтеріп,  тыныштық  сақтауды 

сұрады.  –

 

Ойын  үште  екімен  аяқталды.  Голдың



 

бәрі 


артық  ойыншы  болып  барған  бір

-

ақ  ойыншы  –



 

Джек 


Джонсонның арқасында кірген! 

 

Іле



-

шала


 

ду  қол  шапалақтағандар  Джектің  есіне 

жанып  жатқан  үлкен  отты  түсірді.  Жүздері  күлім  қаққан 

беттердің  ішінен  ол  Паркер  мырзаның  ызалы 

кӛзқарасымен кездесіп қалды. Джек аздап бақытты еді. 

 

Осыдан  кейін  Джек  барлық



 

ойынға


 

қатысатын 

болды.  Олардың  тобы  емханадан  сауығып  шыққан

 

Штефен  Доусонмен  және  қақпашы  Петямен



 

осы 


маусымдағы

 

ойында бір рет те жеңілген жоқ. 



 

Аймақтағы бүкіл мұғалімдер Рансон мырза жайында 

әңгіме жасады.

  

Бұрын «қызылтерілі» деп тітіркенетіндер енді Джекті 



сыйласымдық кӛзқараспен қарсы алатын болды, ал кіші 

ұлдар оны ӛздеріне

 

батыр сияқты кӛрді. 



 

Бұл  қыста  ӛмір  Джекке  оң  қабағымен

 

қарады.  Бірақ 



аз уақыттан кейін оның бақытын кӛлеңке шалды, себебі 

оны


 

алда қиындықтар күтіп тұр еді. 

 

 

 



 

 

 

 

64 


Өрт

 

 

Қыс  жылы  болғандықтан,  бірде

-

бір  футбол  ойыны 



кейінге  қалдырылған  жоқ.  Бірақ  наурыз  айында  күн 

жауын


-

шашынды болды.

 

Айдың отасында соңғы күшікті 



алып кетті. Тек бір ғана қара кӛздісін Ярвистер жанұясы 

ӛздеріне қалдырды. Олар оны шешесінің атымен Хаппи 

деп атады.

 

Екеуін ит ӛсіруші әйелге қайтып берді. Басқа 



екеуін  сатқандықтан,  бұл  отбасында  енді

 

жап



-

жақсы 


қаржы пайда болды. 

 



 

Бұл  біздің  он  жыл  ішіндегі  бірінші  демалысымыз 

болады! –

 

деп шаттанды Ярвис ханым. 



 

 



Бірақ  бұл  ақша  аз,

 



 

деді  күйеуі

 

уайымдап


 



Мүмкіндігінше

 

ұлдар  маған  жұмыс  істеуге  кӛмектессе 



болар еді. 

 

Петя  газеттерді  үлестірді.  Ол



 

Джекке  де  жұмыс 

табылып қалар деп ойлады. 

 



 

Мен  ӛзіме  күнделікті  жұмсауға  берілетін

 

ақшаны 


жинаймын



 

деп уәде етті Джек. 

 



 



Яғни бұл –

 

ешқандай шылым шекпеу деген сӛз!  –



 

деп күлімсіреді кішкене пошташы. 

 

Дастархан  басында  отырып



олар  әдеттерінше 

демалыс 

кезінде


 

қайда 


баратындары

 

жайында 



дауласып

 

жатты.  Дженни  кӛлге  барғысы  келсе,  ұлдар 



теңізге баруды қалады. 

 



 

Бірақ жартассыз

 

жерге барамыз, түсінікті ме? –



 

деп 


қалжыңдады Петя. 

 

Ярвис  мырза  лашықта  тұруды  армандаса,  ал  әйелі 



ең  құрымағанда  бірнеше  күн  тамақ  әзірлемейтін  жерді 

тіледі. 


 

 



Негізі,  біздің  қайда  баратынымызды  Джек  айтуы 

керек  еді,  –

 

деді  Дженни  оған  сүйсіне



 

қарап,  –

 

ӛйткені 


Джек болмаса, ешқандай күшікті сата алмас едік. 

 

Джек  мәз  болып  күлді.  Егер  бәрі  оның  қолында 



болса,  ол  оларды  ӛзімен  бірге  дүниенің  тӛрт  бұрышын

 

кезіп шығатын саяхатқа апарар еді. 



 

Поттс  ханымға  бұдан  былай

 

ол  сенбі  күні  түстен 



кейін ғана баратын болды. Оған енді оқып үйрену қажет 

емес, кӛп уақытын футбол ойынына

 

арнамақ.


  

 

65 


 

Кӛктемге орай бақшаны қазатын кез болып қалды, 



 

деді  Поттс  ханым  Джек  оның  бӛлмелеріне



 

тұс


 

қағаз 


жапсырып біткенде

.  


 

Маған  ақы  тӛлейтін  кез  жетті,  –



 

деп  Джек

 

анығын 


айтты. –

 

Қазір мен демалысыма ақша жинап жатырмын. 



 

 



Кәрі зейнеткерде қайдағы қаржы? –

 

деді ол. 



 

 



Сіз  бұл  жерде  кӛп  ақша  жасырып  қойыпты  деп 

айтады ғой? –

 

деп қарсылық білдірді Джек.



 

 



Шын ба? –

 

деді



 

ол зәрлі мысқылмен

 



 



Ал сен оны 

қуана


-

қуана


 

иеленер едің, солай ғой? 

 



 



Жоқ,  –

 

деп  нық



 

жауап  берді  Джек.  –

 

Мен  енді 



күдікті  істермен  айналыспаймын.  Бірақ  менің  ойымша,

 

сіз



 

ақымды жемеуге тиіссіз. 

 

Поттс  ханымның  аузы  аңқиып  қалды,



 

бірақ  ол 

Джекпен араздасып

 

қаламын ба деп, ӛз ойын ӛзгертті. 



 

 



Жарайды, жақсы, бірақ сонша кӛп дәметпей

-

ақ қой! 



 

Поттс  ханымның  жұпыны  үйі  полковник  Виттің 

меншігінде  еді.  Міне

отыз  жыл  бойы  ол  соны  жалдап 



тұрып  жатыр.  Кей  кезде  ескі  үйіндегі  жағдай  қандай 

болып  жатқанын

 

кӛріп,


 

ақысын


 

алу  үшін,  ол  Поттс 

ханымдікіне  келетін.  Осы  жолы  кірген  кезде  ол  жӛндеу

 

жұмысы жүріп жатқанын байқап, таңғалып қалды.



 

 



Иә, Поттс ханым, –

 

деді таңданған ол, –



 

алдымен 


сіздің  бақшаңызды  ретке  келтірді,  енді  үй  де  ӛзгеріп 

келеді.


  

Оның ӛте сараң екенін білетін

 

ол былай деп сұрады: 



 

Бұл жұмыстың бәрін сізге кім жасап жүр?



 

 



Оны  қайтесің



 

деп  Поттс  ханым  ӛзінің  дӛрекі 

әдеті  бойынша  жауап  берді  де,  бӛлменің  бұрышында 

тұрған  шкафты  ашып,

 

ішіне  ақша  сақтап  жүрген 



сандықшаны  алып  шықты.  Полковник  ӛзінің  жирен

 

мұртын 



жыбырлатып, 

оның 


ақшаларын 

қалай 


аударыстырып жатқанын бақылап тұрды. 

 



 

Сізге  бұларды  поштаға  немесе  банкке  ӛткізсе 

болатын  еді,  –

 

деп  кеңес  берді  ол.  –



 

Түлкілер  мен 

қояндардың  ортасында  осыншама  ақшаны  сақтаудың 

керегі жоқ!

 



 



Ӛз  шаруаңыз

 

жайында  қам  жеңіз!  –



 

деп  ӛзіне  тап 

берді ол ақшасын тӛлеп жатып. 

 


 

66 


 

Мен  білемін,  сіздің  тапаншаңыз  бар,  бірақ  бүгінгі 



күннің  жағдайын  сіз  білмейсіз  ғой,  –

 

деп  еш 



қысылмастан

 

жалғастырды  полковник



 

сӛзін


 



Мысалға 

әлгі  пошташы  алып  келген  араласқандыны  алайық. 

Күзетші  Джонес  оны

 

күдікті  бір  бәлесі



 

бар  дейді.  Ол 

сияқты адамдарға сенуге болмайды. 

 



 

Иә,  ол  менің  ақшамды  торып  жүргенін  баяғыдан 

білемін, –

 

деп қария мысқылдай



 

күлді. Ол бұл сӛздерді 

әзілдеп айтқанымен, Джекке кесірі тиді

.  


 

*** 


Сол  қатерлі  түні  Джекті  дауыл  оятты.  Оның

 

ұйқысы 



қатты  болатын,  бірақ  жатын

 

бӛлмесіндегі  терезенің 



алдын айналған дауыл шатырдағы терезесіне де жетіп, 

ӛлі адамды да оятатындай еді. Газетті тарататын уақыт 

болған  екен  деп  Джек  тӛсегінен  ұйқылы

-

ояу  ұшып 



тұрды. Кенет ол  орман  жақтағы

 

аспаннан  апат  тӛндіріп 



тұрған қызыл ӛртті байқады. 

 

«Мүмкін, Поттс ханымның үйі ӛртеніп жатқан болар!» 



деп  ауыр  күрсініп,  іш  киімінің  сыртынан  шалбары  мен 

кеудесін  іле  салды.  Содан  кейін  Петяны  ояту  үшін 

астыңғы  жаққа  түсті.  Бірақ  оята  алмады.

 

Джек  алтын 



уақытын

 

зая



 

кетіргісі  келмей,  оны  оятуын  тоқтатты. 

Асырап алған әкесінің жатын

 

бӛлмесінің есігінің алдына 



барып  кідіріп

 

қалды.  Бірақ  ол  ерте  жұмысқа  баратын 



болғандықтан, оны оятуға дәті бармады.

 

Мүмкін бұл тек 



жанып жатқан шӛмеле болар. 

 

Джек  дауылға  қарсы  жүріп,  бақша  жақтағы 



шырбақтан

 

секіріп  ӛтті.  Әдетте  бәрі  таныс  болып 



кӛрінетін  орман  сол  түні  ӛте  қауіпті,  қатерлі  болып 

кӛрінді.  Дауылдан  шайқалған

 

ағаштар  бір



-

біріне 


сартылдап

 

тиюде.  Иә,  бұл  шын  мәнінде  Поттс 



ханымның үйі болып шықты. Есі шығып кеткен ол жүгіріп 

келген  кезде  ас  үй  мен

 

оның  үстіндегі



 

бӛлме  отқа 

оранып тұр екен. 

 



 

Ол қонақ бӛлменің үстінде жатады, –

 

деп күбірледі 



ол. –

 

Сондықтан да әлі кеш емес. 



 

Кіре беріс есік жабық болатын. Желмен ӛршіген ӛрт 

үйдің  екінші  жағына  ӛтіп,  бақшаны  күтетін  құралдар 


 

67 


сақталған  қорадағы  басқышты  шарпыпты.  Баспалдақ 

солқылдап  әрең  тұр

 

еді,  бірақ  ол  дәл  Поттс  ханымның 



жатын

 

бӛлмесіндегі терезесіне дейін жетеді



.  

Ӛрт


 

аш

 



тышқанның  кесірінен  болған.  Жеті  мысық 

үздіксіз  күзетте  тұратындықтан,  басқа  амалы  қалмаған 

тышқан

 

баспалдақтың



 

астындағы  шкафта  электір 

сымын  кеміріп

 

тастаған  еді.



 

Ол  жерде  Поттс  ӛзінің

 

ескі 


газеттерін сақтайтын

электр сымынан шыққан ұшқынды 



тұтату  үшін  есіктің  саңылауынан  келген  жел  жеткілікті 

еді. 


 

Поттс  ханым  бӛлмесі  түтінге  әбден  толып  кеткен 

кезде  бірақ  оянды.  Ол  есікке  жақындап,  баспалдақтың 

ӛртеніп  жатқанын  кӛрді.  Ары  қарай  құтқарылуға 

мүмкіндік

 

жоқ  екенін



 

түсінген


 

ол  күдерін  үзіп,

 

тӛсегіне 



қайтадан қисайып, ажалын күтіп жатқан болатын. 

 



 

Сіз  есіңізден  адасқансыз  ба!  –

 

деп  айқайлаған  ол 



алақанымен терезені

 

шағып жіберіп,



 

терезенің тұтқасын 

іздеді. –

 

Осы жерде сіз түнімен отырмақсыз ба? 



 

 



Мен терезеден сыймаймын, –

 

деп күбірледі Поттс 



ханым. 

 



 

Сиясыз!  –

 

деді  Джек  сенімді  түрде



 



Жылырақ 

киініп алыңыз, әйтпесе шынымен де ӛлесіз!

  



 



Оңбаған

 

бала!  –



 

деп  күбірледі  ол,  бірақ  иығына 

ескі қызыл орамалды жапқан кезде

кӛзіне жас алды



.  

Ауыр  денелі  егде  әйелді  терезеден

 

солқылдақ



 

баспалдаққа

 

шығару оңайға



 

соқпады


Оттың жалынынан

 

үстіндегі  киімдері



 

де

 



жана  бастады.  Тӛмен  түсу  буыны 

ауру


 

әйелге қиын болғандықтан, ол

 

әрбір адым аттаған 



сайын  Джекті  қарғап

-

сілеумен  болды.



 

Ақырында  олар 

жерге  сәтті  жетті.  Джек  оны  қолынан  ұстап  қауіпсіз 

жерге  апарды.  Екеуі

 

бақшаның  қасындағы  қоршауда 



ӛртке  жабырқау

 

қарап  тұр.  Бұл  жолы  ӛрт



 

Джекке 


ешқандай қуаныш

 

сезімін



 

әкелмеді. Ол осы жерде ӛзінің 

ӛртқұмарлығынан  біржолата  айрылғанын  қайғыра 

мойындады.

 

Кенет қария айқай салды: 



 

 



Менің ақшаларым! Менің күміс құстарым! Мен

 

тағы 



бір рет кіріп шығуым керек

!  


 

68 


 

Тоқтаңыз,



 

ол жаққа бармаңыз,

 

бұныңыз ақымақтық 



болады! –

 

деп қапалана айқайлады



 

Джек. 


 

 



Барғанда  қалай,  –

 

деп  Поттс  ханым  нық  жауап 



берді. –

 

Ол бӛлмеге дейін ӛрт әлі жеткен жоқ. 



 

Мойнындағы  жіпте

 

ілініп  тұрған  кілтті  алды  да,  кіре 



беріс есікті ашты. 

 



 

Онда  бармаңыз!  –

 

деп  айқай  салып,  Джек  оның 



қолынан тартты. –

 

Тӛбесі құлап кетуі мүмкін! 



 

 



Менің пайдасыз кәрі ӛмірімнен гӛрі ақша мен күміс 

қымбатырақ,  –

 

деп  ол  әдеттегісі  бойынша  тіл  алмай, 



Джектен  сытылып  шықты.  Орамалымен  аузы

-

мұрнын



 

бүркеп,


 

лезде


 

қайтадан үйге

 

кіріп кетті.



  

Джек  кіре  беріс  есікте

толқығанынан  тырнағын 



тістелеп,  оның

 

түтінге  толы  үйге



 

қалай


 

кіріп  бара 

жатқанын бақылап тұрды. Шкафқа барар жолды ол кӛзін 

жұмып


 

таба  алатын.  Міне,  ол  сандықшаны  қолына 

ұстады. Енді күміс құстарды табу керек.

  



 

Оны  қайтесіз,  қалдырыңыз!  –

 

деп  тұншыға 



айқайлады Джек. Осы сәтте оның саусақтарына қымбат 

құстар


 

да  ілінді.  Бірақ  кеш  еді.  Ол  құстарды  ақшамен 

бірге  сандықшаға  сала  берген  кезде,  қалың  түтін  лап 

қойды.  Ол  жерге  жалп  етіп

 

құлап,  басын  пештің  темір 



тұсына аямай соғып алды. 

 

Енді  ӛрт  екінші  бӛлменің  түкпіріндегі



 

есікке  келіп 

жетті.  Лапылдап  жанған  оттың  жарығы  бәрін  де  айқын 

кӛрсетіп тұрды.

 

Қауіпті  болғанына  қарамастан,  Джек  сол  кезде



-

ақ 


бӛлме  ішіне  кіріп,  қарияның  қасына  барған  еді.  Ол 

есінен  танып  қалыпты.  Қатты  жараланған  маңдайынан 

қан  сорғалап

 

тұр  екен.  Ол  оны  аяғынан



 

тартып 


шығармақшы  болды.  Бірақ

 

Поттс  ханым  денелі  кісі



 

болатын. Бар күшін салса да, Джек оны орнынан қозғай 

алмады. 

 

Жақын арада ӛзі де тұншығып қалатынын ол түсінді. 



Сол  кезде  ол  қарияның  қалауы  осы

 

еді  деп,  бағалы



 

сандықшаны  қолына  алды.  Ол  жалғыз  аяқ  жолмен 

ауылға барып, кӛмекке адам шақырмақшы болды, бірақ 

есікке  жеткен  кезде  полковник  Вит  пен  оның  немере 

бауырының қолына барып дәл түсті.

 


 

69 


***  

Полковникті де дауыл оятқан, ол терезеден қараған 

кезде  орман  ӛртеніп  жатыр  деп  ойлады.  Ол  ӛрт 

сӛндіргіштерді шақырып, үстіне ескі шапанын жамылды 

да,

 

үйіне  қонаққа  келіп  жатқан  немере  бауырын  оятты. 



Ол екеуі орманға қарай жүгіріп, ӛртеніп жатқан жұпыны 

үйге


 

дәл келеңсіз сәтте

 

келді. 


 

 



Сені  ақшаларыма  сұқтанып

 

жүр  деп  Поттс  ханым 



айтып еді.

 



 

деді полковник. –

 

Бірақ мен сені



 

осыншама 

еркінсіп  кетер

 

деп  ойламап  едім.  Марк,  оны жіберме!  –



деп  бұйырып,  ол  қорықпастан

 

кӛк



 

түтінге  оранған

 

үйге 


еніп

 

кетті. 



 

Ол Поттс ханымды тез–ақ алып шығып,

 

ессіз жатқан 



әйелдің  үстіне  кӛкшіл  түсті  сырт  киімін  жапты.  Осыдан 

кейін  ол  баспалдақты,  жатын

 

бӛлменің  сынып  жатқан 



терезесін

ақырында  Поттс  ханымның  маңдайындағы 



жарақатынан аққан қанды кӛрді. 

 

Полковник



 

немере  бауырының  уысында  қолтығына

 

әлі  де  сандықшаны  қыса  ұстап  тұрған



 

Джекке  ашулана 

қарады. 

 



 

Міне, біз сені жаңа қылмыс үстінен ұстадық



 



деді 

полковник.  –

 

Сен  алдымен  бӛлмеге  кіргенсің.  Сонан 



кейін  оған  ақшасын  бер  деп  мәжбүрледің.  Ол  аз 

болғандай,  оны  жаралап,  соңыңнан  із  қалдырмау  үшін 

үйді ӛртеп жібердің. 

 

Ақталуға



 

Джекті  тәкаппарлығы  жібермеді.  Оның 

безеріп,

 

үндемей қойғаны кәрі жауынгердің ызасын онан 



сайын  келтірді.  Ол  Джектің  қолындағы  сандықшасын 

жұлып  алып,  темірдей  қатты  жұдырығын  оның

 

бетіне 


ызалана  тақады.  Қақпаның  арғы  жағынан

 

полковниктің 



ашу

-

ызаға толы



 

сӛздері


 

естілді:


  

 



Айрандай  ұйып  отырған

 

ауылымызға  мына  сен 



сияқты 

жүлікті 


алып 

келгені 


үшін 

Ярвистерді 

оңдырмаймын.  Олар  осы  істеріне  қатты  ӛкінетін 

болады.


 

Осы жерден пошташыны жер аударып жіберуге

 

бар күшімді саламын, бұған менің беделім жеткілікті.



 

Джекті  Марктің

 

мойынорағышымен



 

діңгекке  таңып 

байлап  тастады.  Джек  оларды  сондай  қатты  жек  кӛріп, 

екеуінің


 

ӛртеніп жатқан үйдің астында

 

қалғанын тіледі. 



 

 

70 


Тез  арада  ӛрт  сӛндірушілер  мен  дәрігерлер  келіп, 

орман  іші  абыр

-

сабыр  болды.  Поттс  ханымды  кӛтеріп 



мәшинеге  салып  алып  кеткеннен  кейін,  ағаштардың 

арасынан


 

ентіге  демалып  жергілікті  жердің  ішкі  істер 

қызметкері кӛрінді

.  


 

Сіздің  орныңызға



 

қылмыскерді

 

біз


 

ұстадық!  –

 

деп 


тәкаппарлана дауыстады полковник. –

 

Бұл араласқанды



 

Ярвистердің  отбасында  тұрады.  Сіз  маған  мұның 

ӛртегіш  екенін  айтқан  болатынсыз.  Енді  бұл  кісі 

ӛлтіруден де тайынбайтын болып шықты.

 

Ауыл алаңындағы полиция бӛлімшесіне бара жатқан 



кезде,  пошташының  жақсы  досы  сақшы  Джоннестің 

кӛңілі  жабырқаулы

 

еді.  Ауылдың  басқа  да  тұрғындары 



секілді ол да полковник Виттен іштей қаймығатын. Оның 

кішкене  бӛлімшесіне  тым  кӛп  адамдар  жиналған  кезде, 

ол абыржығанынан бармағын тістелей берді. 

 

Ақырында ол былай деді: 



 

 



Дәл  қазір  мен  сіздердің  куәлік  еткендеріңізді  ғана 

жазамын. Содан кейін

 

басшыммен сӛйлесіп, емханадан 



келетін  деректі  күтемін.  Джекке  айып  тақпастан

 

бұрын 



ӛрт  сӛндіру

 

бӛлімі  бастығының  не  айтатынын  білуіміз 



керек. 

 

Полиция  қызметкері  Джектің



 

шынайы  кӛрсеткішін

 

жазып  жатқанда,  полковник  Вит  ызалана  мырс  етті. 



Сӛйтті де болған

 

оқиғада кӛрген ӛз дерегін айтты. Әрбір 



сӛзінде ол Джекті айыптады

.  


Ақыры  полиция  қызметкері  Джекті  босатқан  кезде 

жерге


 

жарық  түсіп

 

қалған  еді.  Есікті  ашып,  ол  былай 



деді: 

 



 

Бүгін  үйіңде  бол,  бала.  Менің  басшым  кейінірек

 

сенімен сӛйлескісі келіп қалар. 



 

Джек


 

есеңгіреп  қалғандай

 

жолмен  жүре  берді. 



Полковник  Виттің  соққысынан  басы  зыңылдап  келеді. 

Түтін  әлі  де ӛңешінде тұрып,  тамағын  ашытып  барады. 

Бәрінен  бұрын  оның  сезімі  жаралы  болды.  Полковник 

Дженнидің  итін  ӛлтіріп  кеткені  аз  болды  ма?  Енді  келіп

 

мұның ӛмірін бүлдірмекші ме?



 

 

71 


Джек  үйіне  келген  кезде,  пошташы  жұмысқа  кетіп 

қалған  болатын.  Ярвис  ханым  мен  Петя  дастархан 

басында шай ішіп отыр. 

 



 

Сен қайда жоқ болып кеттің? –

 

деп сұрады Петя. –



 

Ӛзіңдікімен

 

бірге  менің  де  газеттерімді  үлестіріп 



тастаған шығарсың.

 



 

Не болып қалды? –

 

деп дауыстады Джектің ӛзгеше 



түрін кӛрген Ярвис ханым. 

 

Ол  Джекті  жылы  пештің  қасына  отырғызды  да, 



тездетіп бір шыны шай құйып берді. 

 



 

Сонымен не болып қалды, аяулым? –

 

деп тағы да 



сұрады ол. 

 



 

Поттс  ханымның  үйі  ӛртеніп  кетті,  –

 

деп  күбірледі 



Джек.  –

 

Мен  оны  сыртқа  шығарып  үлгергенмін,  бірақ 



алжыған  кемпір

 

ақшаларым



 

қалып  кетті

 

деп


 

отқа 


оранған  үйге  қайтадан  кіріп,  құлап,

 

басын  жарып  алды. 



Оны  орнынан  қозғалта  алмай  жатқанымды  кӛріп, 

полковник  Вит  мені

 

оның  ақшасын



 

алғалы  жатыр  деп

 

ойлап  қалды.  Оның  үстіне



ол  үйді  мен  ӛртеді  деп  нық 

сенімді

.  


Кенет ол кеудесін

 

кілт



 

кӛтеріп


шайын тӛгіп алды: 

 



 



Мұның  бәрін  мен  жасады  дегенге  сіздер 

сенбейсіздер ғой? –

 

деп сұрады ол. 



 

Ярвис  ханымның  ойы  кӛмейінде

 

кідіріп  қалды.  Ол 



Джекке ақша керегін білетін және Левис мырзадан оның 

ӛртке құмарлығы  жайлы да

 

естіген.  Ол  тым  ұзақ  кідіріп



 

қалды. 


 

 



Сен  менің  бірде

-

бір  сӛзіме  сенбейсің  ғой,  солай



 

ма? –


 

деді Джек ӛзгеше дірілдеген дауыспен. Сӛйтті де 

орындығын ысырып

 

тастап, ӛзінің шатырдағы бӛлмесіне 



қарай кетті. 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет