АПТАНЫҢ 7 КҮНІНЕ
АРНАЛҒАН ДҰҒА – ТІЛЕКТЕР
ДҮЙСЕНБІ
Бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин.Уас – салату
уəс – сəлəму алə сəйидинə Мұхаммəдин уə алə əлиһи уə сахбиһи əжмаин.
Уа, тəубелерді қабыл ететін жəне дұғаларға жауап беретін Раббымыз! Əлсіз, бейшара
құлдарың алдыңа келді, жалынамыз тілектерімізді қабыл ал! Біз өзімізге зұлымдық
жасадық, сен сүймейтін небір күнəлер істедік, енді қатты пұшайман болып, күнəларымыз
үшін тəубе еттік, бізді кешіре гөр.
Кешір, Аллам! Сол үшін құзырыңа келдік, саған сыйынып келдік. Жалынамыз, Ғаффар
есіміңе сыйынамыз, күнəларымызды бағышта, олардың кірінен, кесірінен, ласынан,
ысынан бізді тазала, тазала да жан дүниемізді кіршіксіз пəк ете көр. Ішкі – сыртқы
сезімдерімізді тірілт, көңілімізді кеңейт, жүрегімізді тынышталдыр! Егер қателік,
нұқсандық, кемшілік, қарсылық жəне күнəларім үшін есіміміз шақилер (тозақтықтардың)
тізіміне жазылған болса, жалынамыз, есімімізді ол жерден өшіріп, салиқалы құлдарыңның
есімінің арасының жаз!
Уа, Алла тағалам! Бізді қабір азабынан, қиямет күнгі азаптан, тозақ азабынан жəне Сенің
қаһарыңның азабынан сақта.
Уа, мейірімділердің ең Мейірімдісі! Жүздер ағарып, кейбір жүздер қарауытатын күні бізді
жүздері – ақ, көңілдері – пəк, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туының қасында
жиналатын бақытты пенделердің қатарына қос.
Я, Алла! Мүліктің иесі Сенсің! Қалаған адамыңа мал – мүлік беріп, қалаған адамыңнан оны
аласың. Барлық жақсылық пен игілік атауы Сенің қолыңда. Сенің барлық нəрсеге күшің
жетеді. Жақсылықтарды тарту ететін Сенсің! Бізге бұл дүниеде жəне ақиретте жақсылық
бер.
Уа, Жаратқан ием!Біздің жəне балаларымыздың жүрегіне Ислам нұрын, Құранның түзу
жолын тарту ет! Барлық туған – туысқандарымызды Исламға жəне Құранға мойын бұрған
адамдардың қатарына қос. Бəрімізге мұсылман болып өмір сүруді нəсіп ет.
Я, Жаббар Ием! Сенің сүйікті құлың Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) құрметіне,
мұсылмандардың жүрегіндегі барлық алауыздық тұқымын жой. Бізді сахабалар сияқты бір
– бірімізге дос болып өмір сүретін тұлғаларға айналдыр.
Я, Жаратқан Ием! Əдептен озып, мұның бəрін Сеннен сұраудамыз, өйткені басқа барар
жер, басар тауымыз жоқ. Сен біздің жалғыз ғана Иемізсің! Кем – кетік те болса, Саған
деген пейілімізді, дұғамызды қабыл ет. Ар – ұят саналатын қылықтардан бізді сақтай көр!
Жалынамыз, жалбарынып сұраймыз, бізді құзырыңнан бос қайтарма!
Достарыңызбен бөлісу: |