Джумабаева Анель-202 топ
1.Сал-серілер поэзиясы және оның зерттелу жағдайы
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы қазақ поэзиясының шарықтаған кезі болатын.Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының басында сал-серілер шығармашылығы тұрды. Сал-серілер поэзиясы — өзіне дейінгі ауызша поэзия мен жазба поэзияның жалғастыратын буын сияқты, өзінің алдында өткендерге қарағанда бір адым ілгері кеткен, жаңалығы, ерекше сипаты бар өнер. Оның қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейткен, тың өрістерге көтерген арна екені дау тудырмайды» — дейді профессор Ш.Керимов .. Шындығында да сал-серілер мұралары – қазақ поэзиясын көкке көтеріп, жұлдызын жарқыратты. Осы кезде қазақ поэзиясы жаңа түрге ие болып, сан алуан бояу — өрнектермен дами түсті.Сал-серілер — әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылып, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленген талант иелері. Сал-серілер сегіз қырлы бір сырлы жандар болғаны бәрімізге мәлім. «Жігітке жеті өнер де аз» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Сал-серілер сан түрлі өнерді игерген. Олар ақын, әнші, композитор болумен қатар, әрі бишілік, әрі артистік, әрі фокусшілдік қасиеттерін бойына жинақтаған жан-жақты талант иелері. Сал-серілердің әнші, композитор ретінде қазақтың өнерін, музыкасын дамытып, жаңа белеске көтергендігін әрі әншілік-сазгерлік шығармашылықтың өзіндік озық үлгі — өрнегін қалыптастырғандығын, поэзия мен музыканың, халықтың ойын-сауық өнерлерін ұштастырып келгендігін, ең бастысы қазақ поэзиясының дамуына зор үлестерін қосқандықтарын әдебиетші, өнертанушы ғалымдар әлі күнге дейін зерттеп жазып келеді.
Сал-серілер туралы алғашқы жазба деректер Қазан төңкерісіне дейін де әр түрлі Ресей басылымдарында жарияланған. Бірақ олар негізінен сипаттама түрінде болды.Сал-серілердің өмірбаяндық деректерін жинап, өлеңдерін жазып алу, нотаға түсіру ісі Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алынды. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап сал-серілер туралы зерттеулер жариялана бастады.
Сал-серілердің өмірбаянын, шығармашылығын, композиторлық, әншілік өнерін жан-жақты зерттеген ғалымдар кімдер деген сұраққа, ең бірінші ауызға алатынымыз – С.Мұқанов, А.Затаевич, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Қ.Жұмалиев, А.Жұбанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов, Ғ.Әбетов, Ғ.Малдыбаев, І.Жақанов т.б.
Сал-серілер өздерін қоғамда ұстауы шектен тыс еркін, ішкі дүниесі бөлек тұлғалар болған. Олар басқалармен сөйлескен кезде бастарын шалқайта ұстап, қарсы алдындағы адам кім болса да, оған жоғарыдан төменге қарағандай кейіп танытатын", — дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |