Джумабаева Анель-202 топ Сал-серілер поэзиясы және оның зерттелу жағдайы


Сегіз сері Баһрамұлының өмірі мен шығармашылығы



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі32,58 Kb.
#14794
1   2   3   4   5
Байланысты:
19ғасыр әдебиетіі

2.Сегіз сері Баһрамұлының өмірі мен шығармашылығы.

Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов 1818 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданындағы Гүлтөбе-Мамай деген жерде дүниеге келіп, 1854 жылы 36 жасында сол жерде қайтыс болған. Руы Керей, оның ішінде Көшебе. Үш жүзге аты әйгілі Толыбай сыншының алтыншы ұрпағы. Сегіз сері Омбыдағы «Азия мектебін» бітірген, араб, парсы, түрік, шағатай, орыс тілдерін жетік меңгерген аса сауатты, шежіреші, сегіз қырлы адам болған. Сол кездегі саяси-әлеуметтік ағымнан хабардар Мұхамедқанапия ақ патшаның туған халқына қарсы жүргізбек болған отарлау саясатына дәнекер болудан бас тартқаны үшін қуғынға түскен. Тумысы бөлек, тұла бойы тұнған дарын иесінің құдіретті өнеріне бас иген халық, оны өнеріне сай «Сегіз сері» деп атап кетеді. Ол ерлік пен елдіктің, махаббат пен ғадауаттың небір ғибрат үлгісіне құрылған жыр-дастандар шығарады. Махамбет Өтемісұлының (1804-1846) «Сегіз серіге» деген өлеңінде:

...«Айман-Шолпан», «Қыз Жібек»

Дастаның елге тарады,

Қашқын болып жүрсең де,

Аузыңа халық қарады» деп оның жыраулық қарымын мойындауының өзі Сегіздің үлкен эпик ақындығының дәлелі .

Сегіз сері 1830 жылы Омбының тілмаштар дайындайтын Азия мектебіне түсіп, 1836 жылы поручик шенінде аяқтайды. Өрі-қыры бірдей, самырсындай сымбатты сайыпқыранды патшаның атарман-шабармандары Орта Азия халықтарының арасындағы бүлік-жанжалдарды тұншықтыруға жеккісі келеді. Алайда, жазалаушы отрядтардың құрамында болудан түбегейлі бас тартады.

«Ұлықтың сайран еткен бақшасында,

Қызықпан бай-көпестің ақшасына», – дейді «Қырандай жаяйыншы қанатымды» деген толғауында.

Шенеуніктер соңына шырақ алып түседі. Олардың бұзық ниетін байқаған ол шұғыл түрде Нияз серімен Кіші жүз еліне, Еділ-Жайық бойына өтеді. Сөйтіп, Сегіз сері Қалдыбай батыр ауылына ат басын тірейді. Ол хор қызындай хас сұлу Ғайнижамалға ынтық болып, сұлулық сымбаты, көркемдік сипаты бөлек «Ғайни» атты ән шығарады.

«Жалғанда естен кетпес Ғайни атың,

Өртеген өзегімді перизатым.

Көркіңді бір көруге аңсап келген,

Ақыны Сарыарқаның Сегіз атым».

«Маралдың қолға түскен лағындай», «Қоянның асыранды көжегіндей» ару қызды ардақтап, сөз асылын, сезім сұлулығын сәулелендіре жеткізеді. Сардарлықты серілікке ұштастырған.

Сегіз сері өз заманының бетке  ұстарлары Исатай мен Махамбет, Құрманғазы, Шернияз, Сүйінбаймен төс соғысқан дос болған. Ол «Гауһартас», «Мақпал», «Қарлығаш», «Әйкен-ай» әндерін, «Қосқыран» (Исатай-Махамбет туралы), «Қызыл нар», «Ақ қайың», «Алмас қылыш», «Семсер», «Есіл» күйлерін шығарған. Ұлы суреткер Ғ. Мүсірепов Сегіз серіні «Атақтының атақтысы» деп бағаласа, «Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері, Солардан үлгі алған мен Біржан сері» дейді ән сұңқары Біржан ақын.

Бұл жерде Сегіздің шығармашылығы мен ұстаздық қыры ашыла түскендей. Біржанды сал-сері деп қабылдаған халық, оның ұстазы Сегіз серіні де қабылдауы керек қой деген пікір айтқым келеді. Сегіздің өмірде болуының тағы бір дәлелі,  «Ғылым» баспасынан жарық көрген «XІX ғасырдағы қазақ поэзиясы» атты кітапта «Гауһармын таразыға салынбаған» деген Сегіздің өлеңінен үзінді бар. Онда сері былай деген:

Гауһармын таразыға салынбаған,

Қылышпын қынабынан алынбаған.

Керейдің Сегіз атты саңлағымын,

Секілді жанған оттай жалындаған . Бұл деректе Сегіздің өмір сүргенін, жыр-дастандарының халық арасында кең тарағаны белгілі бола түседі.

Сегіздің әні екен деген аңыз бен әңгіме өте көп. Бірақ арада ғасырлар жатқандықтан нақты дәлел келтіру мүмкін болмай тұр. Сегіздің көп әндері «Халық әні» есебінде кетті дейді музыка мамандары. Драма, кино операға айналған әдебиетіміздің асыл мұрасы «Қыз Жібек» махаббат дастанының авторы әлі күнге дейін айтылмай келеді. «Айман-Шолпан» дастанын да кімнің шығарғаны Қазақ елінің көпшілігіне беймәлім. Осы күнге дейін классикаға айналған, ән сахнасынан үзілмей, құлақтан кіріп бойды алған «Қарғаш», «Гауһартас», «Назқоңыр», «Алқоңыр», «Ақбақай», және т.б. туындылар халық әндері деп аталып жүр. Ал осы айтып кеткен шығармалардың шын авторы ақын, композитор, әнші, шежіреші, қазақ халқының батыры Сегіз сері (Мұхаметқанапия Баһрамұлы Шақшақтегі 1818- 1854 жж.) деп батыл айта аламын дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет