Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет61/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87
Байланысты:
реферат

 Кесте 13. 
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 
Сабақ 
№ 
Сабақтың 
тақырыбы 
Сағат 
саны 
мерзімі Көрне-
кілігі 
Қосымша 
материалдар 
Үйге 
тапсырма 


68 
Бір оқу жылының ұзатығы 34 оқу аптасынан тұрады(каникул 
апталарын қоспағанда). Оқу жоспары бойынша аптасына бір сағат 


137 
оқытылатын пәндер үшін 34 сабақ жоспарланады, егер аптасына 
екі сағат оқытылатын пән болса 68 сағат жоспарланады т.т.с. 
7.2. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі 
 Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі басты және жауапты кезең-
нің бірі – оның әр сабаққа әзірлігі. Сабақтың көздейтін мақсатына 
жетіп, орындалуы мұғалімнің оған әзірлігіне байланысты.
Сабақ құрылымы дидактикалық, логико-психологиялық, 
әдістемелік деңгейлерде қарасытрылады.
Әр типті әр түрлі сабақтардың құрылымы да әр түрлі болады. 
Типті бір түрдегі, бір дидактикалық мақсатты көздейтін сабақтың 
құрылымы әр түрлі болуы мүмкін Оқушылардың әзірлік деңгейі, 
сыныптың психологиялық күйі, оқу кестесіндегі сабақтың орны 
(оқушылардың ақыл-ойына, қызметінің деңгейіне, жұмыс істеу 
қабілетіне т.б.) әсер етеді.
І. Мұғалімнің сабаққа әзірленудегі есте ұстайтын ережелер: 
1) сабақ мақсатын анықтау: білімділік (жаңа физикалық 
білімдерді қалыптасытыру, практикалық біліктер мен дағды-
ларды қалыптастыру), тәрбиелік (дүниетанымдық көзқарасын 
қалыптастыру, политехникалық, эстетикалық және адамгершілік 
тәрбие беру т.б.), дамытушылық (проблеманы өз беттерімен 
шешуді үйрету, ақыл-ой қызметін ұйымдастыру т.б.) 
2) оқу материалының мазмұнын дайындау, яғни көлемін 
анықтау, оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты оның 
қиындығын анықтау, өткен материалмен байланысын анықтау, 
оқушыларға берілетін тапсырмалар жүйесін анықтау.
3) көрнекілік әзірлеу 
4) оқушылардың әзірлік деңгейлері мен оқу материалының 
мазмұнына байланысты сабақ мақсатына сәйкес оны өткізудің 
әдістері мен оларды жүзеге асырудың жолдарын таңдап алу. 
5) сабақтың мақсатына, мазмұнына, оқыту әдістеріне 
байланысты сабақтың құрылымын анықтау.
Сабаққа әзірлікті мұғалім әуелі сабақтың мақсатын анық-
таудан бастайды. Әр сабақта бір ғана мақсат емес бірнеше мақсат 
шешімін жүзеге асуы мүмкін. Мысалға, оқушыларға білікті 
қалыптастыру оларда білімді тереңірек меңгертіп оны бекітуге 
әсер етеді, ал білімді қалыптастыру оқушының ойлау қабілетін 
дамытуға байланысты. Дегенмен мұғалім әр сабақтың алдында 


138 
тұрған негізгі мақсатты айқындап, сабақтарды ұйымдастыруды, 
жұмыс істеу әдістерін сол мақсатқа жетуге бағыттауы керек. Егер 
сабақта көптеген мақсатты шешуді белгілесе, онда олардың 
бірде-біреуі түгел орындалуы мүмкін емес.
Сабақтың мақсатын анықтағаннан кейін мұғалім меңгерілуге 
тиісті нақты материалды таңдап жинақтайды. Ол үшін ол ең 
алдымен оқулықтағы материалды қарап, оның көлемімен, 
мазмұнымен танысып, оны қарастыруда қажет болатын қосымша 
материалды да анықтайды. 
Оқулықпен жұмыс істеудің нәтижесінде мұғалім оқулықтағы 
материалды 
қабылдауына 
күрделі 
болатын 
сұрақтарды 
(мәселелерді) белгілеп, оқушылардың зейіндерін соған ауыдарып, 
оны қалай жеткілікті етіп түсіндіруге болатынын анықтайды. 
Оқушыларға сыныпта және үйде оқулықпен қандай жұмыстар 
жасату керек екенін жоспарлайды.
Содан кейін мұғалім сол тақырыпқа байланысты ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерді оқиды. Сонан соң нақты материалды
қарастырғанда оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалай тиімді 
ұйымдастыруға болатындығын қарастырады. Ол үшін әдістемелік 
әдебиеттерді қарайды.
Сабаққа әзірлену барысында мұғалім жаңа материалды оқыту 
әдістерін, білімді, іскерлікті тексеру жолдарын анықтап, демонст-
рациялық эксперимент пен көрнекіліктерді қарастырып, есептер 
мен жаттығуларды жинақтайды.
Оқытудың әдістерін таңдағанда мұғалім сынып оқушыла-
рының түгелімен және әр оқушының танымдылық қабілеттерінің 
деңгейін ескеріп, әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды әзірлейді. 
Сабаққа әзірленгенде мұғалім оқушыға беретін барлық тапсыр-
маларды орындап қарауы керек (есеп, эксперимент). Сонда ғана 
есептер мен жаттығулардың жүйесін дұрыс жинақтап, оқушы-
лардың жұмысын дұрыс тексеріп, қателіктерін дер кезінде түзетіп 
көмек көрсете алады. Демонстрациялық тәжірибелер мен фрон-
тальді лабораториялық жұмыстарға қажетті құралдарды алдын-
ала тексеріп, жасап, жинақтауға тиісті. Алдын-ала сабақтарда 
көрсетілетін кино- және видеофильмдерді қарауы керек. Сабақта 
қолданылатын компьютерлік бағдарламаны, басқа да көрнекі-
ліктерді алдымен өзі қарап, танысып, тексеруі керек. Егер 
фронтальді лабораториялық жұмыс өткізу жоспарланса, қажетті 
құралдардың комплектісін тексеріп, жинақтауы керек.


139 
Оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескеріп, ба-
қылау жұмысын немесе жеке жұмыстық тапсырмаларды дайын-
дайды. Үй тапсырмасын да алдын-ала ойлауға тиісті, яғни барлық 
оқушыларға, жеке оқушыларға беретін тапсырмалар болады. 
(Мысалы, жоғары деңгейде есепті шығару, үй тәжірибелерін 
жасау немесе әр түрлі ақпарат әзірлеу, т.б.). 
Осындай әзірлік жұмыстарынан кейін мұғалім сабақ 
жоспарын құрайды.
Сабақты жоспарлау мақсаты – сабақ алдына қойған мақ-
саттарды шешу үшін сыныпта қарастыратын оқу материалының 
ерекшеліктерін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар сол сынып 
оқушыларының қабілеттерін, қызығушылығын, әзірлік деңгей-
лерін, мектептің материалының базасы ескеріп, оқыту үрдісін 
ұйымдастырып, бүкіл әзірлікті бір жүйеге келтіру.
Сабақ жоспары келесі элементтерден тұруы керек 
- сабақтың тақырыбы мен міндеттері; 
- әрқайсысының уақыты көрсетілген сабақ кезеңдері; 
- білімді тексерудің әдістері мен мазмұны
- жаңа материалды оқытудың жүйелілігі мен әдістері; 
- қажетті мәліметтері бар көрсетілім тізбесі. 
Әрбір сабаққа жоспар бөлек құрылады, кейде бір тақырыпты 
екі топқа немесе қатар сыныптарға оқытқанда, әр сыныптың 
ерекшеліктеріне сәйкесті ескертпелер қатерге алынады. Мұндай 
жағдайда ескертпелер сабақ жоспарының соңына, яғни, сабақтың 
барысынан кейін жазылады. 
Сабақ жоспары көрсетілетін конспектіде көрсетілуге тиісті : 
Сабақтың тақырыбы 
Сабақтың мақсаты: 
білімділік, 
дамытушылық, 
тәрбиелік 
Сабақтың түрі 
Сабақтың типі 
Сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдер 
Сабақтың көрнекілігі 
Пәнаралық байланысы 
Пайдаланған әдебиеттер(қосымша) 
Сабақтың жоспары: 
Ұйымдастыру бөлімі 


140 
Үй тапсырмасын тексеру немесе өткен материалды 
қайталау 
Жаңа білімді қалыптастыру 
білімді бекіту 
Үйге тапсырма 
Қорытындылау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет