135
құрады: жылдық, күнтізбелік-тақырыптық, күнделікті сабақ
жоспарлары.
Жылдық жоспар – тоқсан бойынша оқу материалының
орналасуы.
Жылдық жоспар құру үшін мұғалім оқу бағдарламасын
меңгеруі керек, әр тоқсандағы апта санын және әрбір сыныпта
физика бойынша сабақтардың санын ескеру қажет.
Оқу жылы, ереже бойынша, 1 қыркүйектен 25 мамырға дейін
(34 апта) созылады. Ол тоқсандарға келесідей бөлінеді:
1 тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта);
ІІ тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7 апта);
ІІІ тоқсан: 11 қаңтар – 23 наурыз (10 апта);
ІV тоқсан: 1 сәуір – 25 мамыр (8 апта).
Жылдық жоспарды құрарда мұғалім нақты бір уақыт резервін
қарастырып алуы керек, өйткені мұғалімнің науқастанып қалуы-
на, карантиннің жариялануына, мерекелік күндерді ауыстыруға
байланысты жоспарда әртүрлі ағаттықтар болулары мүмкін.
Жылдық жоспар мұғалімге ыңғайлы формада өз қалауынша
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: