ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Валиева Г.А
«Дүние жүзінің саяси экономикалық әлеуметтік географиясы »
пәні бойынша
практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық
Шымкент, 2022 ж.
Кіріспе
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні арқылы бөліп жаруға келмейтін тұтас дүниенің қазіргі заманғы көрінісін көруге болады. Оның табиғи ресурстары мен халықтары туралы, дүниежүзілік шаруашылық, оның ғылыми-техникалық революция жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік алуға болады. Қазіргі заманның келелі проблемаларын ұғынуға болады. Көптеген жаңа географиялық, экономикалық, социологиялық (социология – қоғам жайындағы, адамдардың әрекет-құлқы туралы ғылым.), демографиялық және басқа да ұғымдармен, терминдермен танысатын ілім.
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы – бұл адамзат қоғамының аумақтық ұйымдасуын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым. Экономикалық және әлеуметтік географияда географияның, экономика және социологияның элементтері тоғысатындықтан, ол географиялық қана емес, сонымен қатар экономикалық, социологиялық зерттеу әдістерін де кеңінен қолданады.
Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Кіріспе.Дүние жүзі елдерінің саяси экономикалық әлеуметтік географиялық жағдайы
Мақсаты: Жалпы дүние жүзінің, оның жеке елдерінің геосаяси және әлеуметтік жағдайы, халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтары туралы білім беру. Мазмұны: Аймақтардың атауларын, құрамы мен шекарасын айқындауда елдер топтастырудың байырғы дәстүрiне сүйенгенiмен, соңғы жылдары географиялық әдебиеттерде, әсiресе елтану бағытындағы еңбектерде берiлiп жүрген жiктелуі де ескерiлдi. ТМД-елдерiн бiртұтас тарихи-географиялық аумақ ретiнде жiктеуiмiздiң өзі бұл аймақта орналасқан елдердiң ұзақ жылдар бойы бiртұтас географиялық экономикалық, мәдени кеңiстiк түзгендiгiмен ғана емес, тарихй тагдырлары.ортақтығымен түсiндiрiледi. ТМД шеңберiнде дамып, нығайып келе жатқан алуан түрлi байланыстар жүйесi, елдер экономикасының даму мүмкiндiгi сыртқы саясатында ортақ мүдделерiнiң болуы, айрықша геосаяси жағдайы тарихи-аймақ ретiнде қарастыруы себептi болды.
Достарыңызбен бөлісу: |