Қажетті құрал-жабдықтар: глобус, дүниежүзінің экономикалық картасы., дүниежүзінің физикалық картасы.
Өтілу әдісі: талдау және зерттеу әдісі
Тапсырма:
1. Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны
2. Дүние жүзінің экономикасының қалыптасуы мен мен саяси ұйымдары
3. Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдерді талдау
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік география пәнінің мақсаты мен міндеті
2. Дүние жүзінің елдеріне экономикалық географиялық жалпы шолу
3. Қазіргі дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістер туралы жалпы түсінік дүниежүзі елдерінің көптүрлілігі мен типологиясы
4. Дүниежүзі елдерін ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы топқа бөлу
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Увалиев Т.О. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
Максаковский В. Экономическая география мира. - М., Наука, 2011
География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.,
Практикалық жұмыс №2
Тақырыбы: Дүние жүзінің негізгі табиғат ресурстары
Мазмұны: Табиғат ресурстарының түрлері — табиғат ресурстарын табиғаттық топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақты), өсімдік (оның ішінде орманды), жануарлар әлемі, ауа райы, табиғи үдерістер қуатының ресурстары (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, жел қуаты және т.б.). Өсімдіктер және жануарлар әлемі ресурстары көбінесе биологиялық ресурстар түсінігіне біріктіріледі.
Табиғат ресурстарының экологиялық жіктемесі ресурстар қорларының сарқылу және жандану белгілеріне негізделген. Сарқылу түсінігі табиғат ресурстары қорларын және олардың шаруашылық қажетіне алынуы мүмкін көлемдерін есептеу кезінде пайдаланылады.
Осы белгі бойынша келесі ресурстар бөлек көрсетіледі: сарқылмайтын — қазір немесе болашақта адамның пайдалануы барысында олардың қорларының көзге көрінетіндей жұтаңдауына алып келмейтін ресурстар (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, су, ауа энергиясы); сарқылатын жанданбайтын — үздіксіз пайдаланылуы себепті оларды ары қарай пайдалану экономикалық тиімсіз болатын деңгейге дейін жетеді. Оның үстіне, тұтыну мерзіміне сай келмейтін мерзімде олар өздігінен қалыпқа келуге қабілетсіз (мысалы, минералдық ресурстар); сарқылатын жанданатын — өздігінен қалыпқа келуге қабілеті бар ресурстар (көбею немесе басқа табиғи кезеңдер арқылы), мысалы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, су; ресурстары. Бұл қосалқы топта өте баяу қарқынмен жанданатын ресурстар (құнарлы жерлер, ағашының сапасы жоғары орман ресурстары) бөлек көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |