Дүниеде не іс көрсең, еткіш сабыр, Нашарға күштімін деп етпе жәбір



Дата24.05.2023
өлшемі15,37 Kb.
#96658
Байланысты:
Спандияр


Қомағай ит
Дүниеде не іс көрсең, еткіш сабыр,
Нашарға күштімін деп етпе жәбір,
«Менменде тәуба жүрмес» деген сөз бар,
Болашақ, еткен істі білер тағдыр.
Біреудің дәулеті мол құдай берген
Мал іздеп нашарлар көп елде жүрген.
Күншілік қып масқара болмаңыздар,
Біледі жамандығын оқып көрген.
Залымның зұлымының ақырын күт,
Құдайдың бергеніне қанағат ет,
Әуре боп судан көрген көлеңкесіне,
Болыпты өзі ұятты қомағай ит.
Қарны ашып қомағай ит аңға шыққан,
Жейін деп аулап алып болса тышқан,
Тамағын тойдырып ап қайтты аулына,
Тістеген аузындағы бір көртышқан.
Келеді көртышқан тістеп алып,
Үйренген жаман әдет қалмас қалып,
Көпірден су арқылы өте беріп,
Көреді көлеңкесін судағы анық.
Ойлайды анау итті қабайын деп,
Аузындағы тышқанын алайын деп,
Тышқанын су ішінде тартып алып,
Екеу қып үйге сонсоң барайын деп.
Шолп етіп секірді де кетті түсіп,
Ойламай іс ақырын надан күшік,
Ет түгіл өзі түсті әлекетке,
Бұ дағы бізге ғибрат ойлап білсек.
Тырмысты су ішінде жанға айла қып,
Уһ, деп демін алды әрең шығып,
Ол иттің көртышқанын алмақ түгіл,
Ағынмен өзінікі кетті ағып.

Атасы мен немересі
Ата қартайып күші кеміді; нашар көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз оның, аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек беретін болды, алдына жаман дастархан, жаман ыдысқа құйып. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі керіп: «Шырағым, не ғып жатырсың?» дейді. Сонда баласы айтады: аяқ істеп жатырмын, әжем мен екеуің атам құсап сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қойды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет