Әбу Насыр әл-Фарабидің пікірінше, субстанцияның түрліше көрінісі қалай аталады? акциденция
Қай философты «Адам барлық заттардың өлшемi: бар заттардың барлығының өлшемi, жоқ заттардың жоқтығының өлшемі» пайымдауының авторы деп есептейсіз? Протагор
Грек философы Парменид болмысты: «Ақыл-оймен игерілетін, бүтін, тұтас және әрқашан бар» деп анықтай отырып, оның сонымен қатар тағы да қандай сипатын айтқан? кез келген күйде болу
Жаратылыстану ғылымдарындағы қай тұжырымдаманы материя мен қозғалыс, кеңістік және уақыт арасындағы байланысты толыққанды айқындап берген теория деп айтуға болады? А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы
Философиялық танымға сәйкес, дүние – от, су, ауа және жер (топырақ) сияқты элементтердің қосылысы мен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады және өмір сүреді. Осы ретте субстанциялардың ішіндегі ең жеңілі деп нені айтуға болады? от