Дүниежүзі тарихы 10-сынып Сакенова Шынар Оразхановна


Метрополитен – Нью-Йорк қаласындағы және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі. 1870 жылы негізі қаланған



бет2/4
Дата02.06.2023
өлшемі1,29 Mb.
#97989
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
10-сынып мұражай 2023ж

Метрополитен – Нью-Йорк қаласындағы және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі. 1870 жылы негізі қаланған. 
1. Музейге жыл сайын 5 миллионнан астам адам келеді. Музей көлемі жағынан әлемде төртінші орынды алады.
2. Ежелгі мысыр абызы Неджемахтың алтынмен жалатылған саркофагын 2017 жылы Нью-Йорктегі Метрополитен мұражайы сатып алған еді. Алайда сарапшылар бұл табыттың 2011 жылы ұрланғанын анықтап, Египетке қайтарылды.
3. Мұражайдың аумағы 18 гектардан асады. Онда 3 миллионға жуық экспонаттар бар - ежелгіден қазіргі заманғы артефактілерге, әртүрлі елдер мен құрлықтардан әкелінген.
4. Метрополитен мұражайының ерекшелігі - меценаттар мен донорлар қаржыландырады. Мемлекет қаражаттың аз ғана бөлігін бөледі.
5. Метрополитен топтамасында 2 миллионнан астам өнер туындысы бар, Соның ішінде Сақтардан, ғұн­дардан, гректерден, қыпшақ­тардан, алтынордалықтардан, монғолдардан, мәмлүктерден қалған мол дүние осы музейде сақтаулы тұр.
Санкт-Петербордағы Эрмитаж мұражайы планетаның ең жақсы және ең құнды қазыналарының бірі болып саналады.
Міне, сол мұражайда Санкт-Петербор қаласында Нева өзенінің жағалауында орналасқан ірі көркем-сурет коллекцияларынан басқа, жинақтарының ішінде 3 миллионнан астам нысандар бар: оның ішінде кескіндеме, мүсін, грек және рим археологиялық т.б. т.б.шығармалары, шығыс өнері, орыс өнері, зергерлік бұйымдар, қару және нумизматика бұйымдары.
Мұражайды құрайтын бөліктер, патша жинаған жеке және жеке коллекциялардың бір бөлігі болып табылады.
1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажтда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған.
Мұражай ғылым және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Эрмитаж ғимараты әйгілі архитектуралық, ансамбль құрамын толықтырды.
1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 ж. қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи мешіт-кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет