«Дүниежүзі тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Бөлім: Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі10,07 Mb.
#14160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Бөлім: Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы





Тақырып Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен

басым болды?




Оқу мақсаты

5.1.2.3 Қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін «касталық жүйе» ұғымын қолдану



Бағалау критерийi

Білім алушы

  • «Касталық жүйе» ұғымын қолданады

  • Қоғамның әлеуметтік құрылымына түсіндірме жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану








Тапсырма

Ежелгі Үндістанның әлеуметтік топтарды атап, саты бойынша орналастырыңыз.

«Касталық жүйе» ұғымына анықтама беріңіз:









Дескриптор:

Білім алушы




  • Ежелгі Үнді әлеуметтік қоғамынның құрылымын саты бойынша орналастырады

  • «касталық жүйе» ұғымына анықтама береді;









Тақырып Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен

басым болды?




Оқу мақсаты

5.2.1.3 Ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Діннің қоғам дамуына әсерін көрсетеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Мәтінді пайдаланып, кестені толтырыңыз.


Көне Үнді еліндегі діни наным-сенімдер

Жанның басқаларға көшуі туралы түсінік болды



Варна (каста) – белгілі бір құқық пен міндеттерге ие тұйық топ адамдары. Бүкіл үнді қоғамы төрт топқа бөлінді. Әр топтың өз орны мен міндеттері нақты көрсетілді. Олардың өз міндеттерін дұрыс атқаруын патша мен оның қызметшілері бақылап отырды. Төменгі топ адамдарының жоғары топтағылардың міндетін атқаруына жол берілмеді. Варнаға берілгендер өз атақтарын ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдырып отырды. Әр қайсысының құдайдың қай мүшесінен жаралғаның және міндеттерін жазыңыз.




Брахмандар

Кшатриилер (жауынгерлер)

Вайшьилар (егіншілер)

Шудралар

Қызметі мен міндеттері















Ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалы қандай болды?







Дескриптор

Білім алушы

  • бархмандардың қызметін, міндеттерін сипаттайды;

  • кшатрийлердің қызметін,міндеттерін сипаттайды;

  • вайшьилердің қызметін,міндеттерін сипаттайды;

  • шудралардың қызметін,міндеттерін сипаттайды;

  • ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттайды.






Тақырып Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды?


Оқу мақсаты

5.4.1.3 Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесіне сипаттама береді


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма

Тірек –сызбаны толықтырып, Ежелгі Үндістанның шаруашылық жүйесін сипаттаңыз.


Шаруашылықтың қандай түрлері ерекше дамыды?










Шаруашылықтың дамуына не әсер етті?










Шаруашылық иегерлеріне қандай міндет жүктелді?





















Дескриптор:


Білім алушы

  • Ежелгі Үндістанның шаруашылықтың түрлерін атайды;

  • Ежелгі Үндістандағы шаруашылықтың дамуын жазады;

  • Шаруашылық иелерінің міндеттерін анықтайды.




Тақырып Ежелгі сауда орталығы ретіндегі

Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды?




Оқу мақсаты

5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану


Тапсырма


1. Көп нүктенін орнына қажетті мәліметтерді жазыңыз:

Ауа райындағы жиі болып тұратын өзгерістер, шаруашылық қажеттіліктері ...................................................... пен ........................................... білімді жетілдірді. Үнділіктердің жыл санауы бойынша бір жыл ......... күнге, ол ...... айға, әрбір ай ..... күнге бөлінді. Б.з.-дың V-VІ ғасырларындағы үнді оқымыстылары жердің ........................................................ екенін білді.


2. Берілген суреттерге ат қойыңыз. Таңдаған бір ғылымның пайда болуының шаруашылықтың дамуына әсерін сипаттаңыз.









Дескриптор: Білім алушы




  • Мәтінді қажетті сөздермен толықтандырады;

  • Берілген суреттерге тақырыптық ат қояды;

  • таңдаған бір ғылымның пайда болуының шаруашылықтың дамуына әсерін сипаттайды.

Тақырып Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды?


Оқу мақсаты

5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын анықтау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Шаруашылық түрлерінің ғылымдардың пайда болуына әсерін сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Төмендегі кестені толтырыңыз.


Ғылыми-білімдері

Шаруашылықтың ықпалы

Әлеуметтік өзгерістердің ықпалы

Математика







Медицина







Әдебиет









Дескриптор:

Білім алушы




  • математика ғылымының дамуына шаруашылықтың және әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттайды;

  • медицина ғылымының дамуына шаруашылықтың және әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттайды;

  • әдебиет ғылымының дамуына шаруашылықтың және әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттайды.



ІІІ тоқсан


Бөлім: Ежелгі Қытай
Тақырып Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті?


Оқу мақсаты

5.2.3.1 Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру


Бағалау критерийi


Білім алушы

  • Философиялық көзқарастарды түсіндіреді




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білу және түсіну


Тапсырма 

Қытай философтарын анықтап, олардың мемлекет туралы көзқарастарын түсіндіріңіз.




?

?

?

«Билеуші-билеуші, азамат - азамат, әкесі - әке, ал баласы - бала болуы керек»

«Әрбір адам ар-ұят заңы бойынша өмір сүруі керек, сонда тәртіп болады»

«Халық биліктен қуатты болған жағдайда-мемлекет әлсіз болады, ал билік халықтан қуатты болса – онда әскері мықты болады»

Философтардың көзқарастарына сипаттама











Дескриптор:

Білім алушы




  • Ежелгі Қытай ойшылдары Конфуций, Лао-цзы, Шан Янныңң көзқарастарын анықтайды;

  • Ежелгі Қытай философтарының басты идеяларын түсіндіреді.




Тақырып Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?


Оқу мақсаты

5.3.1.1 Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану








Тапсырма

Төмендегі мәтінді және суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беріңіз:



Шэнси провинциясының солтүстiгiндегi Сиань қаласынан 8099 терракот мүсіндері мен олардың аттары табылған. Ол әлемнің сегізінші кереметі аталды. Б.з.д. 259-210 жылдары билік еткен Цинь Шихуан императорының мүсінді әскері. Мүсіншелерді сомдауға мыңға жуық адам жұмылдырылған.

Ерекше сапалы құм пайдаланған. Ол күйдіргеннен кейін тастай қатты болып қалған. Жұмыс он жылдай уақытқа созылған. Ғалымдар әр әскердің бейнесі тірі адамның түрімен бейнеленген деп санайды. Шындығында мыңдаған мүсін бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Түрі, эмоциясы, шашы, киімдері әрқайсысында ерекше.

Сонымен қатар, терракот әскерімен бірге император 70 мың жұмысшыларды отбасымен қоса, үш мыңдай күңді алып кеткен. Терракот әскерінің қазба және жаңғырту жұмыстары бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Табылған сынықтар қалпына келтірілуде. Аты аңызға айналған императордың моласында қанша керемет құпия бүгіп жатқаны белгісіз.

1) Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды?

2) Цинь Ши Хуанди деген кім?

3) Ол қандай өзгерістер жасады?



4) Цинь империясының саяси құрлымын атаңыз?


Дескриптор:

Білім алушы




  • Цинь империясының құрылғаның атайды;

  • Цинь Ши Хуандидің атқарған қызметін біледі;

  • Цинь Ши Хуандидің енгізген өзгерістерін атайды;

  • Цинь империясының саяси құрлымын атайды.




Тақырып Ежелгі Қытайдың қандай ғылыми ашулары бүгінгі

күнге дейін жетті?





Оқу мақсаты

5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Шаруашылық түрлерінің ғылымдардың пайда болуына әсерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану








Тапсырма

Суреттерді пайдалана отырып, ежелгі Қытайлықтар ойлап тапқан өнертабыстарын атап, оны не үшін қолданылатынын кестеге толтырыңыз.




Ежелгі Қытай ғалымдары өте талантты болған. Олар Еуропаға қарағанда 1000 жыл бұрын бірнеше өнертабыстарын ойлап шығарған. Егіншілік пен құрылыс істері көптеген ғылым салаларының қалыптасуына ықпал етті.

1




2

3

4

5

6



1.


4.

2.


5.

3.


6.




Дескриптор:

Білім алушы




  • Ежелгі Қытайдағы ғылыми білім мен өнертабыстарды суреттерді пайдаланып атайды;

  • Ежелгі Қытай өнертабыстарының не үшін қолданылатынын атайды

Бөлім: Ежелгі Грекия
Тақырып Ежелгі Грекия өркениеті бастауын қайдан алады?


Оқу мақсаты

5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Ежелгі дүние өнеріне сипаттама береді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма


1

2
№1, 2 суретте Ежелгі Микены қаласы көрсетілген. Суретке қарап жорамал сұрақтарға сипаттама беріңіз:




Бақылау сұрақтары:

Нені көре аламыз?

Бірінші суреттегі қақпа неге ұқсайды?

Бұл қаланың мәдениетін кім зерттеген?



Талдау сұрақтары:

Құрылыс қашан салынған? Оның қандай бөліктері бар?




Проблеманы шешетін сұрақтар:

Микены қаласы қандай стильде салынған?




Айрықша сұрақтар:

Қала бейіттерінен не табылды?



Қиял-ғажайып сұрақтар:

Егер сіз археолог болсаңыз нені өзгертер едіңіз?









Білім алушы

  • Бақылау сұрақтарына жауап береді;

  • Талдау сұрақтарына жауап береді;

  • Проблеманы шешетін сұрақтарға жауап береді;

  • Айрықша сұрақтарға жауап береді;

  • Қиял-ғажайып сұраққа жауап береді.

Дескриптор:




Тақырып Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды?


Оқу мақсаты

5.3.1.1 Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Төменде берілген мәтінді оқып, Афина мемлекетінің саяи құрылымын тірек-сызба түрінде көрсетіңіз.
Афинадағы мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып халық жиналысы табылды, ал анықталған нақты мерзімде жылына 40 рет шақырылатын. Халық жиналысына тек жиырма жасқа толған толық құқылы афиндік азаматтар ғана қатыса алатын. Шешім қабылдау үшін 6 000 адамның болуы міндетті болатын. Басқарудың жоғарғы органы болып бас жүздік кеңесі табылған, оған əрбір аумақтық он фильден бір жылға жеребе арқылы сайланатын, 30 жасқа толған 50 азамат кіретін.

Ағымдағы істерді шешу үшін он комиссияға бөлінген, бұл комиссия əрбір фильден 50 өкілден құралған. Жоғарғы сот органы болып гелиэя табылды, ол 6 000 адамнан құралады, оны əрбір фильден жеребе арқылы бір жылға 36 сайланатын 30 жасқа толған 600 адам құрады. Гэлиэя 501 мүшеден тұратын 10 алқаға бөлінген (қалған мүшелері қосымша деп саналатын). Заң жобаларын қарастыру үшін гелиэяда номафеттердің гелиэяның 1 000 мүшесінің ерекше алқасы құрылатын. Мемлекетті басқаруда лауазымды тұлғалар маңызды рөл атқарған.

Олардың ішінде: стратегтер алқасы - 10 адамнан құралған; бұл лауазымды тек үйленген жəне жылжымайтын мүлкі бар азаматтар ғана иелене алатын; архонттар алқасы — 9 адамнан құралған; олардың əрқайсысының нақты функциялары болған; аполектер мемлекеттік қазынаны басқарған; элленоттар - афиналық теңіз одағының қазынасын басқарған; полеттер - мемлекеттік мүлікті басқарған; логистер - лауазымды тұлғалардың ақшалай есептерін қабылдаған; астиномактар - көшелердегі тəртіпті бақылаған жəне т.б.


Дескриптор:

Білім алушы




  • Афина мемлекетінің саяи құрылымын тірек-сызба түрінде көрсетеді.




Тақырып Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды?


Оқу мақсаты

5.3.1.2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру




Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Афина мемлекетінің сайланбалы органдарын анықтайды




Ойлау дағдыларының

Деңгейі


Білу және түсіну

Тапсырма

Төмендегі кестені толтырыңыз.


Сұрақтар

Халық жиналысы

Бесжүздік кеңес

Қызметкер тұлға

Сайланбалы сот

Кімдер, қалай сайланған?











Қандай істер қаралған?











Жиындар неше рет өттізілген?



















Дескриптор:


Білім алушы

  • Халық жиналысының негізгі қызметтерін, құрамын, өткізілетін мерзімдерін жазады;

  • Бесжүздік кеңестің негізгі қызметтерін, құрамын, өткізілетін мерзімдерін жазады;

  • Қызметкер тұлғалардың негізгі қызметтерін, құрамын, өткізілетін мерзімдерін жазады;

  • мемлекеттегі сайлану тәртібін көрсетеді.








Тақырып Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді?


Оқу мақсаты

5.3.1.1 Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау


Бағалау критерийi


Білім алушы

  • Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Афина мен Спартаның саяси құрылымын салыстырып кестені толтырыңыз.


АФИНА

ҰҚСАСТЫҒЫ



СПАРТА

АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ











Дескриптор:

Білім алушы




  • Афина мен Спартаның саяси айырмашылығын анықтайды;

  • Афина мен Спарта мемлекетінің ұқсастығын анықтайды.



Тақырып Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді?


Оқу мақсаты

5.1.2.1 Ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау


Бағалау критерийi


Білім алушы

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма


Төмендегі берілген ежелгі Спарта қоғамы мүшелерінің құқықтарын бағдар арқылы сәйкестендіріңіз.


Cпартандар




Лаконикада туған тұрғындар; жеке бостандығын сақтаған, бірақ мемлекет билігіне араласпаған.

Периэктер


Көне Спартаның жергілікті тұрғындары, спартандар өздеріне бағындырған. Жер телімдеріне бекітілген мемлекеттік құлдар.

Илоттар

Барлық құқықтарға ие болды.











Дескриптор:

Білім алушы

  • спартандардың Спарта қоғамындағы құқықтарын сәйкестендіреді;

  • периэктердің Спарта қоғамындағы құқықтарын сәйкестендіреді;

  • илоттардың Спарта қоғамындағы құқықтарын сәйкестендіреді.




Тақырып Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра

алмады?



Оқу мақсаты

5.3.2.1 Ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • «Империя» ұғымын пайдаланып, мемлекетаралық қатынастарды түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма


Александр Македонскийдің скифтермен мемлекетаралық қатынастарын кескін картаға түсіріңіз:
1. Александр Македонскийдің скифтермен соғысын үзік сызықпен белгілеңіз.

2. Александр Македонский құрған державаның шекарасын қызыл бояумен қоршаңыз.



3. Александр Македонский негізін қалаған қаланы белгілеңіз.










Дескриптор :

Білім алушы

  • Александр Македонскийдің скифтермен соғысын үзік сызықпен белгілейді;

  • Александр Македонскийдің империясының шекарасын қызыл бояумен белгілейді;

  • А. Македонский негізін қалаған қаланы белгілейді.







Тақырып Неліктен Александр Македонский скифтерді

бағындыра алмады?




Оқу мақсаты

5.3.2.2 Басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау




Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Шекаралардың өзгеруіне соғыстар мен империялардың әсеріне талдау жасайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Картаны пайдаланып Александр Македонскийдің жаулап алуы нәтижесінде картада болған өзгерістерге талдау жасаңыз.













Дескриптор:


Білім алушы




  • Александр Македонскийдің жаулап алуы нәтижесінде картада болған өзгерістерге талдау жасайды.

Бөлім: Ежелгі Грекия мәдениеті
Тақырып Ежелгі Грек философтары мінсіз қоғамды қалай елестетті?


Оқу мақсаты


5.2.3.1 Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Философиялық көзқарастарды түсіндіреді




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну







Тапсырма


Төмендегі берілген мәліметтерді Грек философтарын еңбектерімен өзара сәйкестендіріңіз.









1. Сократ

Ежелгi


Греция

/б.з.д. 469—

399/





А) "Саясат" деген еңбегін мемлекет және мемлекеттің құрылымына, түрлеріне арналды.

Ол жердің шар іспетті екендігі, ал күн мен жұлдыздардың жердің төңірегінде айналатындығы туралы тұжырымдама жасаған.







2. Аристотель

Ежелгi


Греция

/б.з.д. 384—

322/


В) "Мемлекет" атты еңбегiнде мемлекеттiк басқарудың аристократиялық түрiн шынайы мемлекет ретiнде сипаттайды және мемлекеттiк

құрылыстың бес түрiн: аристкоратия, тимократия, олигархия, демократия және тиранияны атайды. "Заңдар" еңбегiнде мемлекеттiк құрылыстың екiншi жобасын ұсынады.






3. Платон

Ежелгi


Грекия

/б.з.д. 427—

347/


С) Софистердiң идеалистiк iлiмiн сынға алды.

Мемлекеттiң менi мен адамгершiлiк — саналық

негiзiн анықтауға әрекеттендi және мемлекеттi бiлiмдiлер ғана басқаруы тиiс деп есептедi.





1

2

3
















Дескриптор:

Білім алушы




  • Ежелгі Грек философтарын сурет арқылы атайды;

  • Ежелгі Грек философтарының көзқарастарын сәйкестендіреді.






Тақырып Ежелгі Грекия өнері қандай болды?


Оқу мақсаты

5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Ежелгі дүние өнеріне сипаттама береді




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану


Тапсырма

Төменде берілген суреттен грек театрының бөліктерін көрсетіңіз.



Театр Грекияда б.з.б.V – ІV ғ салына бастады. Театр - грек тілінде ойын-сауық орны, көрініс деген ұғым береді. Оның пайда болуы Дионис құдайдың құрметіне арналған ойын – сауықпен байланысты шыққан.




ТЕАТР

1.көрерменге арналған орын

2.орхестра – ойын көрсететін алаң

  1. скене – актерлер киім ауыстыратын жер






Берілген ақпаратты қолданып, сұраққа жауап беріңіз:

Театр қойылымдары күнделікті емес, жылына бірнеше рет қана болатын. Қойылымның негізгі екі түрі болған: трагедия және комедия. Қойылым барысында актерлер арнайы маскалар киетін болған. Әйел ролін ер адамдар ойнаған.

Төменде берілген бетперделер қойылымның қай түріне (жанрға) жатады?

1.__________________ 2._____________________ 3.__________________________








Дескриптор:

Білім алушы




  • Грекиялық театр бөліктерін дұрыс көрсетеді

  • Грекиялық бетперделердің қай жанрға жататындығын анықтайды;






Тақырып Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары

нені үйретті






Оқу мақсаты

5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Шаруашылық түрлерінің ғылымдардың пайда болуына әсерін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Төмендегі кестеге Ежелгі Грек жеріндегі мектепті сипаттап, толтырыңыз.


сұрақтар

Бірінші басқыш

Екінші басқыш

Үшінші басқыш

Балалардың жас шамасы











Неге үйретті?










Төмендегі Ежелгі Грек ғұламаларын қай ғылым өкілдеріне жататының анықтаңыз:


1. Пифагор - ...........................................................................................................................;

2. Гиппократ - ........................................................................................................................;

3. Геродот - ............................................................................................................................;

4. Гомер - ...............................................................................................................................;

5. Эмпедокл - .........................................................................................................................;

6. Аристотель - ......................................................................................................................;

7. Демокрит - .........................................................................................................................;





Дескриптор:

Білім алушы




  • Грек мектептерінің әр басқыштарында оқитын балалардың жасын атайды;

  • Грек мектептеріндегі балаларға оқытылатың білімдерді жазады;

  • Ежелгі Грек ғұламаларының қандай ғылым өкілдері екендігін анықтайды.



Тақырып Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары

нені үйретті




Оқу мақсаты

5.2.4.1 Ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Жазудың рөліне сииаттама береді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану


Тапсырма

Суретті қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.









  1. Ежелгі грек мектебінде оқушылар қандай жазу құралдарын пайдаланды?

_______________________________________________________________


  1. Стилус (стиль) құралының екі ұшын қандай мақсатта пайдаланған?

_______________________________________________________________


  1. Жазудың грек халқы үшін қандай маңыздылығы болды?

_______________________________________________________________





Дескриптор:

Білім алушы




  • Ежелгі Грекиядағы жазу құралдарын атайды;

  • Ежелгі Грексиядағы стилусты қолдану ерекшелігін көрсетеді;

  • Ежелгі Грекиядағы жазуының ерекшеліктерін анықтайды.



Тақырып Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары нені

үйретті?




Оқу мақсаты


5.1.2.1 Ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Қоғамының әлеуметтік құрылымына сипаттама береді


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Грек мектептері 3 басқыштан тұрған.
Бірінші басқыш мектеп жасына дейінгі тәрбие (3 - 7 жасар). Бұл кезеңде балаларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеген.
Екінші басқыш 7 - 12 жасар балаларға жазу жазуды, оқуды, сызу сызуды, сурет салуды үйреткен.
Үшінші басқыш гимнасия деп аталған. Әр түрлі ғылым салалары бойынша білім алып, шешендік өнерге баулыған.

Мектепте көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Мектептерде тек қана ер балалар білім алған. Қыз балаларға арналған мектептер болмаған. Оларды үйде анасы тәрбиелеген.

Балаларды мектепке апарып, қасында көмектесіп, тәрбие берген құлды педагог деп атаған. Ежелгі Грекияда ер адамдардың басым бөлігі сауатты, білімді болған.


  1. Грек мектептерінде неліктен тек ауқатты адамдардың балалары оқыған?

  2. Грек қоғамына сауатты адамдар неліктен қажет болды?

  3. Перикл атты Афиналық стратег бір құлдың аяғын сындырып алғаны туралы естіп: «Тағы бір педагог пайда болды!» дейді. Осы сөзімен Перикл не айтпақшы болды?

  4. Қазіргі кезде педагог деп кімді атаймыз?




Дескриптор:

Білім алушы




  • Грек мектептерінде тек ауқаттылардың оқу себебін көрсетеді;

  • қоғам үшін сауатты адамдар маңыздылығына атайды;

  • Ежелгі Грекиядағы педагогтардың рөліне баға береді;

  • Қазіргі кездегі педагогты сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет