«Дүниежүзі тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


IV тоқсан Бөлім: Рим империясының гүлденуі



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі10,07 Mb.
#14160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОШ ҚБ Дүниежүзі тарихы 5 кл каз

IV тоқсан

Бөлім: Рим империясының гүлденуі

Тақырып Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды?



Оқу мақсаты

5.3.2.1 Ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану




Бағалау критерийi

Білім алушы

  • «Империя» ұғымын пайдаланып, мемлекетаралық қатынастарды түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Ежелгі Римнің тарихи кезеңдері




«Биліктің жоғарғы органдары» кестесін толтырыңыз




Республика

Империя

Биліктің жоғарғы органы







Атқарушы билік







Сот билігі







Берілген картаны қолдана отырып, империя кезінде Рим қандай территорияларға (кемінде үш иелік) ие болғанын анықтаңыз.


  1. ____________________________________________________

  2. ____________________________________________________

  3. ____________________________________________________




Дескриптор:

Білім алушы




  • Республика және империя тұсындағы жоғарғы басқару органдарын атайды;

  • Республика және империя тұсындағы атқарушы билік ерекшеліктерін атайды;

  • Республика және империя тұсындағы сот билігі ерекшеліктерін атайды;

  • Империя тұсында жаулап алынған территорияларды (кемінде үшеуін) атайды.


Тақырып Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына

қалай айналды?




Оқу мақсаты

5.3.1.1 Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтау


Бағалау критерийi

Білім алушы


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма

Рим империясының саяси басқару құрылымы, міндеттеріне қатысты ұғымдарды сәйкестендіріңіз.


1. Принципат





А) Бұлар көмекшілер болды.

2. Августар


B) Бұл ұғым шексіз билік деген мағына береді. Оның саяси негізін монархиялық өкімет пен басқарудың жетілдірілген аппараты құрады. Императордың сарайы оның орталығы саналды.

3. Цезарьлар


C) Бұларды әміршілер деп атады. Император мен оның қосалқы әміршілері белгілі бір аумақта өкімет билігін жүргізді.

4. Доминат


D) Б.з.б ІІ ғасырға дейін сақталды. Бұл жүйе бойынша республикалық басқару ережесі сақталды, бірақ билік бір адамның - императордың қолында шоғырланды. Бұл билік мұрагерлікпен берілді.

Жауап кестесі




1

2

3

4
















Дескриптор:

Білім алушы




  • принципат саяси басқару жүйесін сәйкестендіреді;

  • августардың саяси міндетін сәйкестендіреді;

  • цезарьлар міндетін сәйкестендіреді;

  • доминат саяси басқару жүйесін сәйкестендіреді.



Тақырып Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына

қалай айналды?




Оқу мақсаты

5.3.2.2 Басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Шекаралардың өзгеруіне соғыстар мен империялардың әсеріне талдау жасайды


Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
Кескін картада белгілеңіз және Рим империясының ұлғаюының себептерін анықтап, талдау жасаңыз.
а) Рим жаулап алған мемлекеттер мен аймақтарды кескін картаға көк түспен белгілеңіз;

в) Рим республикасының жер аумағын сары түспен бояндар (б.з.д. 264 жылға қарай);



в) Б.з. ІІ ғасыр басындағы Рим имперниясының қанат жайған шекарасын үзік сызықпен көрсетіңіздер.



Дескриптор:

Білім алушы




  • Рим империясы жаулап алған аймақтарды кескін картаға көк түспен белгілейді;

  • Б.з.д. 264 жылға дейінгі Рим империясының жер аумағын сары түспен белгілейді;

  • б.з. ІІ ғасыр басындағы Рим империясының шекарасын үзік сызықпен белгілейді;

  • Рим империясының ұлғаюының себептерін анықтап, талдау жасайды.


Тақырып Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениеті арқылы

қалай айқындалады?




Оқу мақсаты


5.1.2.1 Ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау


Бағалау критерийi


Білім алушы

  • Қоғамының әлеуметтік құрылымына сипаттама береді


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма

Ежелгі Рим қоғамындағы әр топ өкілдерінің суреттері берілген. Төмендегі суретке қарап әр топтың өкілдерін анықтаңыз және олардың немен айналысқанын сипаттаңыз.



































Дескриптор:

Білім алушы






Тақырып Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениеті

арқылы қалай айқындалады?




Оқу мақсаты

5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Ежелгі дүние өнеріне сипаттама береді


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану








Тапсырма


Төмендегі суретті мұқият қарап, жорамал сұрақтарға жауап беріңіз.


Бақылау сұрақтары:

Нені көре аламыз?



Талдау сұрақтары:

Құрылыс қашан салынған? Оның қандай бөліктері бар?




Проблеманы шешетін сұрақтар:

Бұл құрылысты кімдер қолданар еді?



Айрықша сұрақтар:

Бұл құрылыс қандай типті? Ол қандай үлгіде салынған?




Қиял-ғажайып сұрақтар:

Егер сізді осы жерге шақырса кім болып барар едіңіз?








Дескриптор:

Білім алушы







Тақырып Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты

қалай сипаттайды?




Оқу мақсаты

5.1.2.2 Ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау


Бағалау критерийi

Білім алушы

  • Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісінің ерекшелігін сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Тапсырма

Төмендегі мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мәтің мазмұнына байланысты тақырып қойыңыз.

  2. Берілген мәтін бойынша ежелгі Римдегі құлдықтың ерекшелігін атаңыз.

Ежелгі Римдегі түрме-мектептің бірі Капуя қаласында орналасқан. Осыдан б.з.б. 74 жылы гладиатор Спартак бастаған ең ірі құлдар көтерілісі болды. Көтеріліс бүкіл Апенин түбегін қамтып, б.з.б. 71 жылға дейін созылды. Көтерілісшілердің бастапқыдағы шағын тобына бостандыққа ұмтылған құлдар мен ерікті кедейлер қосылып, оны қуатты әскерге айналдырды.

Ол Рим әскерін бірнеше ұрыста тас-талқан етіп жеңді. Кейін олардың арасында көтерілістің жоспары туралы келіспеушілік туындады. Бұл Брундизия қаласының маңында өткен шайқастағы жеңіліске әкеліп соқты. Спартак сол шайқаста қаза болды.
2. Берілген мәтінді пайдаланып, уақыт сызығында оқиғаны дұрыс орналастырыңыз:

- Спартак бастаған көтерілістің басталған уақыты белгілеңіз;

- Спартактың қайтыс болған уақытың көрсетіңіз.

Б.з.б. Б.з.







Дескриптор:

Білім алушы




  • мәтіннің мазмұны бойынша тақырып қояды;

  • ежелгі Рим империясындағы құлдықтың ерекшелігін анықтайды;

  • Спартак бастаған көтерілістің уақытын көрсетеді;

  • Спартактың қайтыс болған уақытын анықтайды.




Тақырып Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай

сипаттайды




Оқу мақсаты

5.3.2.3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау


Бағалау критерийi


Білім алушы

  • Спартак көтерілісі арқылы Римдегі құлдықты сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Төменде  берілген сурет бойынша жорамал сұрақтарға сипаттама беріңіз:


Бақылау сұрақтары:

Суреттен нені көре аламыз?



Талдау сұрақтары:

Көтеріліс қай уақытты қамтиды? Көтеріліс қай жерде болды?

Оны кім басқарды?

Оған кімдер қатысты?




Проблеманы шешетін сұрақтар:

Бұл көтеріліс кімдер үшін маңызды болды? Неліктен?



Айрықша сұрақтар:

Көтерілістің шығу себебі неде?





Қиял-ғажайып сұрақтар:

Егер сізді гладиатор болсаңыз не істер едіңіз?






Дескриптор:


Білім алушы




  • Бақылау сұрақтарына жауап береді;

  • Талдау сұрақтарына жауап береді;

  • Проблеманы шешетін сұрақтарға жауап береді;

  • Айрықша сұрақтарға жауап береді;

  • Қиял-ғажайып сұраққа жауап береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет