Тапсырма
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделенуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекеттің даму сатысын қарапайымнан күрделіге қарай орналастырыңыз.
Нұсқа
|
Мемлекеттің даму сатылары
|
A
|
Бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі
күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым
|
B
|
Орталықтанған мемлекет - ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым- қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі
болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады
|
C
|
Империя. Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып
алады, әртүрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әртүрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.
|
D
|
Полис - халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет
|
Тоталитарлық режимнен демократияға ауысудың уақытын және ерекшеліктерін таблицаға жазып шығыңыз.
КСРО
1922 ж. 1991ж.
Ерекшеліктері
|
Тоталитарлық режим
|
Өтпелі кезең
|
Демократиялық режим
|
|
|
|
Арабтардың жаулап алуларының және крест жорықтарының салдарын анықтап, кестені толтырыңыз.
Арабтардың жаулап алуларының
салдары
|
Крест жорықтарының
салдары
|
|
|
Араб және крест жорықтарының ортақ салдары қандай?
|
|
Берілген деректі пайдалана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
І және ІІ дүниежүзілік соғыс салдарын салыстыру кестесі
Соғыс туралы негізгі
көрсеткіштер
|
І дүниежүзілік соғыс (1914-
1918)
|
ІІ дүниежүзілік соғыс
(1939-1945)
|
Соғыс ұзақтығы
|
Төрт және үш жарым ай
|
Алты жыл
|
Соғысқа қатысушы
мемлекеттердің саны
|
38
|
60-тан астам
|
Соғысқа қатысушы мемлекеттердің жалпы адам
саны
|
1 миллиардтан астам адам
|
1,7 миллиардтан астам адам
|
Әскери операциялардың
өткізілген жер көлемі
|
4 миллионнан астам шаршы
шақырым
|
22 миллион шаршы
километрден астам
|
І дүниежүзілік соғыстың себебі мен салдары:
ІІ дүниежүзілік соғыстың себебі мен салдары:
«Дүниежүзілік соғыстар – адамзат үшін қайғылы оқиға» - бұл тұжырыммен қаншалықты
келісесіз (дәлел келтіріңіз):
Бағалау критерийлері
|
Тапсырма
№
|
Дескрипторлар
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мемлекеттердің тарихи формаларын анықтап, салыстырады
|
1
|
мемлекеттің даму сатыларының
(қарапайымнан күрделісіне қарай) 1-ін көрсетеді;
|
1
|
мемлекеттің даму сатыларының
(қарапайымнан күрделісіне қарай) 2-ін көрсетеді;
|
1
|
мемлекеттің даму сатыларының (қарапайымнан күрделісіне қарай) 3-ін
көрсетеді;
|
1
|
мемлекеттің даму сатыларының
(қарапайымнан күрделісіне қарай) 4-ін көрсетеді;
|
1
|
Тоталитарлық режимнен демократияға көшудің ерекшелігін ажыратады
|
2
|
тоталитарлық режимнің ерекшеліктерін жазады;
|
1
|
өтпелі кезеңін ерекшелігін жазады;
|
1
|
демократиялық режим ерекшеліктерін
жазады;
|
1
|
Әлемдік өзгерістерге қатысты арабтардың жаулап алуларының және крест жорықтарының салдарларын
салыстырады
|
3
|
арабтардың жаулап алуларының салдарын
көрсетеді;
|
1
|
Крест жорықтарының салдарын көрсетеді;
|
1
|
жорықтардың ортақ салдарын жазады;
|
1
|
Құжатқа сәйкес І және ІІ дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарын анықтайды
|
4
|
І дүниежүзілік соғыстың себебі мен
салдарын жазады;
|
1
|
ІІ дүниежүзілік соғыстың себебі мен
салдарын жазады;
|
1
|
берілген тұжырымға сәйкес дәлел
келтіреді.
|
1
|
Жалпы балл
|
13
|
«Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Мемлекеттердің тарихи формаларын анықтап, салыстырады
|
Мемлекеттердің тарихи формаларын жинақтап, олардың сипаттамаларын анықтауда мемлекеттің даму сатыларының (қарапайымнан күрделісіне қарай) 1/2/ 3/4-ін көрсетуде қиналады
|
Мемлекеттердің тарихи формаларын жинақтап, олардың сипаттамаларын анықтауда мемлекеттің даму сатыларының (қарапайымнан күрделісіне қарай) 1/2/3/4-ін көрсетуде қателіктер жібереді
|
Мемлекеттердің тарихи формаларын жинақтап, олардың сипаттамаларын анықтауда мемлекеттің даму сатыларының (қарапайымнан күрделісіне қарай) 1/2/ 3/4-ін көрсетеді
|
Тоталитарлық режимнен
демократияға көшудің ерекшелігін ажыратады
|
Тоталитарлық режимнен демократиялық саяси режимге көшудің өтпелі кезеңін, демократиялық режим уақытын көрсетіп, тоталитарлық режимнен демократиялық саяси режимге көшудің ерекшелігін сипаттауда қиналады
|
Тоталитарлық режимнен демократиялық саяси режимге көшудің өтпелі кезеңін, демократиялық режим уақытын көрсетіп, тоталитарлық режимнен демократиялық саяси режимге көшудің ерекшелігін сипаттауда қателіктер жібереді
|
Тоталитарлық режимнен демократиялық саяси режимге көшудің өтпелі кезеңін, демократиялық режим уақытын көрсетіп, тоталитарлық режимнен демократиялық саяси режимге көшудің ерекшелігін сипаттайды
|
Әлемдік өзгерістерге қатысты арабтардың жаулап алуларының және крест
жорықтарының салдарларын салыстырады
|
Арабтардың жаулап алуларының, крест жорықтарының салдарын және жорықтарының ортақ салдарын жазуда қиналады
|
Арабтардың жаулап алуларының, крест жорықтарының салдарын және жорықтарының ортақ салдарын жазуда қателіктер жібереді
|
Арабтардың жаулап алуларының, крест жорықтарының салдарын және жорықтарының ортақ салдарын жазады
|
Құжатқа сәйкес І және ІІ дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарын анықтайды
|
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың себептерін анықтауда, тұжырымға сәйкес дәлел келтіруде және көзқарасты қолдап өз ойын жазуда қиналады
|
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың себептерін анықтауда, тұжырымға сәйкес дәлел келтіруде және көзқарасты қолдап өз ойын жазуда қателіктер жібереді
|
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың себептерін анықтайды, тұжырымға сәйкес дәлел келтіруде және көзқарасты қолдап өз ойын жазады
|
Достарыңызбен бөлісу: |