«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып


IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет4/9
Дата15.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#93197
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
bzhb dniezhzi-tarihy 11klass gb

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Саяси-құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Құқықтық мемлекет түсінігі. Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі.
Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі.

Оқу мақсаты

11.2.1.1 Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін
«құқықтық мемлекет» ұғымын қолдану
11.2.1.3 Әртүрлі мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау
11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы



  • «Құқықтық мемлекет» ұғымы негізінде мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіреді

  • Мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарына талдау жасайды

  • Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептеріне талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  1. Дереккөзді және өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Демократия - құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі алғышарты. Құқықтық мемлекет-демократиялық мемлекет және қазіргі үрдіске сәйкес әлеуметтік мемлекет. Саяси жүйенің сипаты - бұл құқықтық мемлекетті анықтау кезінде шешім қабылдауға табиғи басымдық берілетін мәселе. Құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуі үшін тиісті саяси жүйе қажет. Құқықтық мемлекет өзінің табиғаты мен негізгі сипаттамалары бойынша демократиямен саяси жүйе нысаны ретінде байланысты және адамның негізгі құқықтары демократиялық мемлекеттің сапалы сипаттамасында орталық орынды алады.


Котляров С.Б., Кукушкин О.В., Кечайкина Е.М. «Современные признаки правового государства и гражданского общества: проблемы реализации
на практике государственного аппарата власти».

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы негізгі шарттар қандай?
Саяси жүйенің құқықтық мемлекет үшін маңыздылығы қандай? Өз ойыңызды түсіндіріңіз, мысалдар келтіріңіз

8

  1. Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Егер қазір барлық тұсынан американдық Конституцияны егжей-тегжейлі қарастырсақ, онда біз онда аристократиядан басқа ештеңе таба алмаймыз. Онда қандай да бір тап үшін артықшылықтарға, тіпті жалпы артықшылықтарға тұспал жоқ, барлығына бірдей құқықтар. Барлық құқықтар халықтан шығады және оған беріледі; барлық мекемелер бірыңғай міндетке бағынады, қарама-қарсы беталыстар жоқ; бәріне және барлық жерде демократия қағидаты басым.
А. де Токвиль, 15 қаңтар 1848 ж



Неліктен Токвиль барлық құқықтар халықтан шығады және оған беріледі деп тұжырымдайды?


6-бап
Заң-ортақ ерік. Барлық азаматтардың жеке өзі немесе өз өкілдері арқылы оны құруға қатысуға құқығы бар. Ол барлығына ортақ болуы керек, ол қорғайды немесе жазалайды. Барлық азаматтар оның алдында тең, сондықтан барлық лауазымдарды, қоғамдық қызметтерді мен қабілетіне сай және қандай да бір өзге айырмашылықтарсыз тең қол жеткізе алады.
«Адам және азамат құқықтары декларациясы» (1789 жылғы 24 тамызда Бас Штаттар депутаттарымен қабылданды)



1789 жылғы «Адам және азамат құқықтары декларациясында» барлық азаматтар заң алдында тең деген мәселені көтеру себебі неде?



АҚШ Конституциясының, Францияның «Адам және азамат құқықтары декларациясы» сияқты құжаттардың әлем тарихы үшін маңыздылығы неде?

  1. Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін түсіндіріңіз




1-себеп




2-себеп




3-себеп




4-себеп

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет