«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет5/11
Дата16.03.2023
өлшемі457,15 Kb.
#74889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

Өркениет: даму ерекшеліктері

10.1.1.2 «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

Білу және түсіну

1

1

КТБ

6

5

30

10.1.2.2 Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ТЖ

7

5

10.1.4.2 Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау

Қолдану

1

3

ҚЖ

13

10

10.1.4.7 Қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

7

5

10.1.4.8 Өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

7

5

БАРЛЫҒЫ:




-

5

-

-

40

30

30

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер



Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.1. «Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін ұсынған ғалымдарды белгілеңіз.
А) И.Гердер, Э.Тайлор
B) Геродот, Птоломей
C) А. Бэлл, Т. Эдисон
D) Д. Резерфорд, И. Павлов
1.2. Ағылшын философы А. Тойнби өркениеттердің дамуын қанша кезеңге бөліп көрсетті.
А) 5 кезеңге
B) 4 кезеңге
C) 3 кезеңге
D) 2 кезеңге
1.3.С.Хантингтонның жіктемесі бойынша қазіргі таңда өмір сүріп жатқан негізгі суперөркениеттер санын көрсетіңіз.
А) 5 суперөркениет
B) 6 суперөркениет
C) 7 суперөркениет
D) 8 суперөркениет
1.4.Өркениеттің дамуын тұрпайылық, варварлық, өркениет деп үш кезеңге бөлген ғалымды көрсетіңіз.
А) Л.Морган
B) Ф.Энгельс
C) А.Тойнби
D) Н.Я. Данилевский
1.5. Қазақ өркениеті қандай өркениеттердің қосындысынан қалыптасқандығын анықтаңыз.
А) түркілік және мұсылман өркениеттерінің
B) батыстық және шығыстық өркениеттердің
C) латынамерикалық және африкалық
D) Австралия мен мұхиттық аралдардың тұйық өркениеті
[5]

2. Өркениеттің кезеңдері бойынша шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты көрсетіңіз.



Өркениеттің кезеңдері

Негізгі шаруашылық түрі

Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланыс

1. Дәстүрлі қоғам

шаруашылық түрі: ауылшаруашылығы (егіншілік)




2. Өтпелі қоғам

ауыл шаруашылығы (егіншілік) сонымен қатар жаңа әлеуметтік сословие буржуазияның пайда болуы нәтижесінде мануфактуралық өндірістің дамуы




3. Өнеркәсіптік революциялармен және оның артынан әлеуметтік-экономикалық саяси жаңарулар жүретін «жылжу» кезеңі

зауыт, фабрикалардың өркендеуі, аграрлы шаруашылық




4. Ғылыми-техникалық революция

индустрия, тауар-ақша қатынастары, аграрлы шаруашылық




5. Жоғары деңгейдегі бұқараның тұтыну дәуірі

әлемде адам санының артуымен байланысты тауар өндірудің мега деңгейге көтерілуі




[5]

3. Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың қызметін сипаттап, рөлін анықтаңыз.



Халықаралық экономикалық ұйымдар

Қызметі

Әлемдік экономиканың дамуындағы рөлі

Халықаралық валюта қоры







Халықаралық жаңғыру және даму банкі







Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім







Еуразиялық экономикалық одақ







Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК)







[10]
4. Вьетнам және Ауған соғыстарының ерекшеліктерін және салдарларын кестеге толтырып, қорытынды жасаңыз.

Вьетнам соғысы (1965-1973 жж)

Ерекшеліктері

Ауған соғысы (1979—1989жж)

1.

1.

Салдары

1.

1.

Қорытынды:

[5]

5. Өркениеттердің жетістіктерін жазып, өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалына дәлелдер келтіріңіз, қорытынды жазыңыз.



Батыс өркениеті

Шығыс өркениеті





өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалы

1.
2.

қорытынды




[5]

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша мәлімет

1

    1. А

1.2. А
1.3. D
1.4. А
1.5. А

5




2

1-кезең. Дәстүрлі қоғам.
техникалық жағынан мешеу, экономикасында ауыл шаруашылығы ғана болмашы дамыған, сословиелік-таптық құрылымдағы және ірі жер иелері билік құрған аграрлық қоғам

5

Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады

2-кезең. Өтпелі қоғам
дамудың бұл кезеңінде елеулі өзгерістер болды, ауыл шаруашылығы өркендеді, қызметтің жаңа түрі кәсіпкерлік және онымен айналысатын іскер адамдар пайда болды. Орталықтандырылған мемлекет құрылып, ұлттық өзіндік сана өсті.

3-кезең. Өнеркәсіптік революциялармен және оның артынан әлеуметтік-экономикалық саяси жаңарулар жүретін «жылжу» кезеңі.
зауыт, фабрикалар өркендеп, буржуазиямен қатар жаңа әлеуметтік тап-жұмысшылар қалыптасты. Индустриялық әлеует күшейіп, аграрлық шаруашылық өзінің позициясынан айрылды

4-кезең. Ғылыми-техникалық революция.
ғылыми-техникалық революция революцияға байланысты ауыл шаруашылығындағы еңбек ететіндер саны қысқарғанымен, өнімділік арта береді

5-кезең. Жоғары деңгейдегі бұқараның тұтыну дәуірі
негізгі белгілері қызмет көрсету аясының елеулі өсуі, тұтыну тауарларын өндіру мен экономиканың негізгі секторына айналуы.

3

Халықаралық экономикалық ұйымдар

Қызметі

Әлемдік экономиканың дамуындағы рөлі

Халықаралық валюта қоры

әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым.

валюта-қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәрдемдеседі.

Халықаралық жаңғыру және даму банкі

мүше мемлекеттерге басымдылықтарды белгілеуде, қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдық құрылымын жасау және бағдарламаларын орындауда көмек көрсетеді

саяси диалогті қалыптастырып, техникалық көмек көрсетеді, ғылыми зерттеулер жүргізіп, қаражаттық көмекті үйлестіреді

Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім

әлемдік сыртқы саудадағы баға мен тарифтерді тағайындау мен реттеу қызметтерін атқарады

сыртқы экономикалық қызмет саласында тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу-сату шарты заңдылықтарын реттейді.

Еуразиялық экономикалық одақ

еуразиялық интеграция қатысушы-мемлекеттердің орнықты экономикасын нығайтуға, олардың нарықтық әлеуетін арттыруға бағытталады

одақ арасында қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржыны азайту арқылы тауарлар құнын төмендетуді қарастырады

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК)

табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылады

Әлемдік мұнай бағамының тұрақтылығын сақтау мен баға коэффицентін тағайындауды үйлестіреді



10

Әрбір экономикалық ұйымның қызметін дұрыс сипаттап, әлемдік экономиканың дамуындағы рөлін дұрыс анықтаған жағдайда 2 балл беріледі.

Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады



4

Вьетнам соғысының ерекшеліктері
Бастапқы кезде Оңтүстік Вьетнамда азаматтық қақтығыстан басталып, көптеген жылдарға созылып, соғысқа тек қана солтүстік Вьетнам емес, Қытай мен КСРО, АҚШ пен СЕАТО ұйымы араласуға мәжбүр болды. Сол кезде Лаос пен Камбоджада болып жатқан азаматтық соғыстарымен Вьетнам соғысы шиеленісіп, осы Оңтүстік-Шығыс Азияның аймағындағы 1950-жылдардың соңынан 1975 жылға дейін болған әскери қақтығыстар жалпылай Екінші Үнді-Қытай соғысы атымен белгілі болды.

5

Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады






Ауған соғысының ерекшеліктері
(27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.







Вьетнам соғысының салдары
АҚШ 1964 жылдың 5 тамыздан 1968 жылдың 31 қазанға дейін 3243 самолетін жоғалтты. Осы уақыт ішінде 143 американ соғыс кемесі суға батырылды және істен шығарылды. АҚШ-тың Вьетнамда өлген және жараланған әскерлерінің саны 1969 жылдың орта шенінде американ соғыс командованиесінің ресми мәліметі бойынша 280 мың адамға жетті.

Ауған соғысының салдары
КСРО Ауған соғысында 15031 жауынгерінен айрылды. 417 жауынгер із-түссіз жоғалып кетті. КСРО соғысты жүргізуге орасан зор шығын шығарды. Ауғанстанның адам шығындары 243,9 мың адамды құрады.

Қорытынды
Вьетнам және Ауған соғыстарының сипаты локальдық қақтығыстарға жатады. Екі саяси жүйе капитализм мен социализмнің әлемге ықпал ету үшін күресі өзге халықтардың жағдайын нашарлатты.

5

Батыс өркениеті
Батыc өркениеті еуропалық техногенді мәдениетпен теңестіріледі. Техника мен ғылыми жетілген технологиялар еуропа өркениетінің мүмкіншілігін арттырды.

1

Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады

Шығыс өркениеті
Дүниежүзіндегі алғашқы университет Шығыста ашылды. Төрт ұлы жаңалық – қағаз, құлабыз, оқ-дәрі, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі - алдымен шығыста пайда болды.

1

Өркениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалы
Батыста жасалған ғылыми-техникалық революциялардың жетістіктерін Шығыс өркениеті елдері қолданып келеді.
Жапонияда «Шығыстық-дәстүр, Батыстық-техника» деген даму жолы болды.

2

Қорытынды
Батыс пен Шығыс адамзат мәдениетінің екі тармағы, екі өркениеті, екі түрлі өмір сүру ұстанымы. Олар бір-бірінен рухани да, материалдық та құндылықтарымен ерекшеленіп, алшақтағанымен осы екеуі әлемді тұтас бір өркениет ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет