2. Кестеде араб шапқыншылығы мен крест жорықтарының себептерін анықтаңыз.
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша мәлімет
|
1
|
Египет
Теологиялық
Протагор
Афины
|
4
|
|
Мемлекеттер тарихи кезеңдерде жаулаушылық соғыстардың салдарынан немесе шағын қалалардың бірігуінен пайда болды. Мемлекеттегі билік пен басқару институттары сол кездегі тарихи оқиғалардың желісінде өзгеріп отырды.
|
1
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
2
|
Крест жорықтарының саяси себептері
Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады.
|
1
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
Араб шапқыншылықтарының саяси себептері
Жаңадан құрылған араб мемлекетінің біртұтастығын нығайту және жаңадан қалыптасқан дінді өзге халықтарға тарату мақсатында жорықтар ұйымдастырылды.
|
1
|
Крест жорықтарының экономикалық себептері
Еуропада адам санының көбеюіне байланысты жердің тапшылығы күшейді. Осы мәселені шешу үшін шығысқа жорық ұйымдастыру көзделді.
|
1
|
Араб шапқыншылықтарының экономикалық себептері
Жаңа аумақтарды игеру арқылы шаруашылық кеңістігін кеңейту, Ұлы жібек жолына үстемдік жүргізу
|
1
|
Ортақ себептері:
Дінді тарату және жерлерді иелену
|
1
|
3
|
«Наполеон кодекстері»
Бұл заңдар нарықтық қоғамның жаңа әлеуметтік тобы буржуазияның мүддесі мен жеке меншікті қызғыштай қорғады. Еурпада өндірістік қатынастар жанданып, тауар ақша қатынастары артты.
|
1
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
экономикалық өзгеріс
Жүздеген жылдар бойы қоғамда үстем болған феодалдық қатынастарға соққы беріліп, капиталистік қатынастар жандана бастады, еркін сауданың дамуына мүмкіндіктер беріліп, тауар-ақша қатынастары жанданды.
|
1
|
саяси өзгеріс
Наполеон соғыстарының нәтижесінде Еуропаның саяси картасы адам танымастай өзгерді, Бонапарт бүкіл батыс Еуропа мен Польшаны бағындырып, Француз империясын құрды. Еуропа елдерінің тақтарында Наполеон әулетінің өкілдері отырды.
|
1
|
Наполеон соғыстарының салдары
Наполеон соғыстарының салдары Еуропа құрылығына едәуір ауыртпалықтар әкелді, демографиялық ахуал құлдырады, шаруашылық пен өндірістің көлемі төмендеді.
Соғыстың нәтижесінде Еуропада 2 млн-ға жуық адам қаза болды.
|
2
|
4
|
І дүниежүзілік соғыстың себебі
Соғыстың тұтануына 1914 ж Австрия-Венгрия тағының мұрагері Франц-Фердинандтың Сараево қаласында өлтірілуі түрткі болды.
ІІ дүниежүзілік соғыстың себебі
Германияның бұрынғы құдіретін қайта қалпына келтіру арқылы кең байтақ Еуразия құрылығын неміс халқының игілігіне қызмет жасату мақсатында басқыншылық жорықтарды жүзеге асыру.
Ортақ себебі
1. Ірі мемлекеттердің әлемді қайта бөліске салуға ұмтылуы
2. Ірі мемлекеттер адами ресурстар мен табиғи ресурстарға ие болуға тырысты.
|
4
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
І дүниежүзілік соғыстың салдары
8 млн адам қаза болды. Еуропаның ескі империялық құрылыстағы мемлекеттері ыдырады.
ІІ дүниежүзілік соғыстың салдары
Жалпы әлемде 70 млн шамасында адам осы соғыста қаза болса, оның 27 млн-ы КСРО тұрғындары болды. Соғыс Еуропа елдеріндегі өндіргіш күштер мен шаруашылықты қиратты.
Ортақ салдары
1. Соғыс Еуропа елдеріндегі өндіргіш күштер мен шаруашылықты қиратты.
2. Екі соғыстан кейінгі адам шығыны өте көп болды
|
4
|
5
|
Қазан революциясы.
|
1
|
|
Әлем екі лагерге бөлінді: социалистік және капиталистік лагер.
|
2
|
|
Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі болды.
1-дәлел. социалистік революция Ресейдегі ғасырлар бойы қалыптасып, үстемдік етіп келе жатқан әлеуметтік жікке бөлінудің негізіне соққы берді.
2-дәлел. билікке келген большевиктер партиясы әлеуметтік жікке бөлінуді жою мақсатында елдегі бай-таптардың дүние-мүлкін тәркілеп, түрмеге қамады, жер аударды. КСРО халықтары тек қарапайым шаруалар мен жұмысшы және интелигенция өкілдері болды.
3-дәлел. Конституцияда көрсетілген адам құқықтары мен бостандықтары тек қағаз жүзінде қалды, биліктің біржақты сыңаржақ шешімін сынау мүмкін болмады, еркін ойдың иелері жазалауға ұшырады.
|
4
|
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
|
|