Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»



бет17/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
база

-индукция, дедукция
-аналогия
-классификация
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша, философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі “Білім-күш” “Күш-білім”деген қағиданың авторы Бэкон еді.
Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері- құдай,табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат құбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде- Аристотельдің себептілік ілімі.
Философияның соңғы бөлімі- адам туралы ілім. Бэеконның тұжырымдауынша , адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы тиіс. Осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына , санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар, елестер,ескіліктің қалдықтары деп атайды.
Адам өмірде адаспауы үшін мынадай 4 елестен арылуы керек деп санайды.
1. Тектік елестер- жалпы адамзат пен табиғатты тануда туатын қате пікірлер;
2. Үңгір елестері – бүкіл адамзатқа қатысы жоқ, жеке адамдардың тәрбиесінен, талғамдары мен әдістерінен туатын өзіндік қателіктері;
3. Нарық ( базар) елестері – басқалардың айтқандарына сын көзбен қарамай, сене салудан туатын қателіктер;
4. Театр елестері – біреулердің беделіне көз жұмып сене салудан туатын қателіктер.
Философия ағаш секілді, оның тамыры- метафизика,діңгегі-физика, діңгектен тарайтын бұтақтары-үш басты ғылымның: медицина,механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты” деп , Декарт барлық ғылымдардың бірлігін,тұтастығын атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет