- гносеологиялық функция – философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді.
- сыншылдық функция – философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды.
- аксиологиялық функция – философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
- әлеуметтік функция – философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
- тәрбиелік функция – философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
- эвристикалық функция – философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу-маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді
Философияның негізгі бөлімдері және олардың қысқаша сипаттамасы.
Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы -
онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика,
эстетика, әлеуметтік және саяси философия. Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):
1. Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) – болмыс туралы ілім.
2. Гносеология (гр. gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.
3. Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.
1. Гносеология
Гносеология адамның рефлексиясы мен қоршаған ортамен қарым-
қатынасымызға негізделген білім қалыптастыру әдісін зерттеуге бағытталған. Әңгіме бастапқы деректерді де, қолданылған әдістемені де ескере отырып, біз жасаған тұжырымдардың негізділігін де, сонымен қатар гипотезалар мен жауап беру керек сұрақтар туындайтын әлеуметтік және тарихиконтексті де қарастыру туралы. Гносеология Ренессанс дәуірінен бастап көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және оның ең танымал өкілдеріне Рене Декарт, Дэвид Юм немесе Джон Локк сияқты тарихи тұлғалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |