Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi – софистер(Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларғақосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель жәнелицей мектебi.
Эллиндiк кез (б.з.д. IV-б.з.V ғ.). Бұл кезеңнiңнегiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций АннейСенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
Антикалық философияның (даму кезеңiнетәуелсiз) негiзгi сипаты – ғарыштықлогоцентризм. Логос – ежелгi философияныңорталық ұғымы. Гректер ғарышты тәртiпкесалынған және антикалық адамды да тәртiпкесалынған әрі үйлесiмдi жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақтыбiлiмнiң жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi жәнеоны философия көмегiмен толықтыруғаболатынына сенедi.
Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы – ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын – физиктер, ал философияны – натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасыжөніндегі мәселе қалыптасты. Элеаттардыңфилософиясы бiрте-бiрте натурфилософиялықмотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлымы, ойлаудың басты тақырыбы болыпқалды. Ертедегi антикалық философияныңорталық мәселесi онтология болып, алғашқығылыми (мифологиялық емес) дүниегекөзқарастың жиынтығы жасалды.
Көне грекияның атақты философы Фалестiң пiкiрiнше, барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буғаайналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсыбағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi тас та осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiңсапалық жағдайының мәнi мен байланысыныңайырмашылығы – осыдан алғашқы орынғашығады
Платонның идеялар және идеалды мемлекет туралы ілімі.
Платон (шын аты – Аристокл, Б.Э.Д. 427-347) – ежелгі Грецияның ірі философы, Сократтың оқушысы, өзінің жеке фил-қ мектебі Академияның (мектеп мифологиялық батыр Академге арналған шағын орманда орналасқандықтан «Академ» деп аталып кеткен) негізін қалаушы, философиядағы идеологиялық бағыттың негізін қалаушы.
Достарыңызбен бөлісу: |