Дүниетану қысқа мерзімді жоспары



бет92/160
Дата06.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   160
Байланысты:
Дүниетану қысқа мерзімді жоспары

Талқыланатын мәселелер:

  • YI ғасырда түркілердің аумағы қандай болды?

  • Түркілердің жасаған жорықтары жеңіспен аяқталып отырды. Оның себебі не?

  • Түркілердің шаруашылықтарын атап шығыңдар.

  • Түркі әлемі қандай жетістіктерге жетті?

  • Бұл жетістіктер адам өмірін қалай жеңілдетті?

Жазылым:

Дәптерде салыстырма кестені толтыру және қорытындыларды жазу.



Алдыңғы білімдер

Сақтар қалай өмір сүрді? Сақ ханшайымы – Тұмар. Ғұндар

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: «Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», бұл біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазақтар жайында, олардың тарихтағы орны жайында айтқан сөзі.

Балалар! Осы сөйлемнің ішінен басты сөздерді бөліп көрсетіңдерші.



Оқушылар:

  • Қазақтар – көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы.

  • Түркілер есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген.

  • Қазақтар үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған.

Балалар! Бүгінгі сабағымызда қарастыратын негізгі сұрақтарды сендер анықтадыңдар. Біз бүгін зерттеуші боламыз. Әртүрлі дереккөздермен – оқулықтағы картамен, тарихи құжаттармен, иллюстрациялармен жұмыс істеу арқылы ежелгі түркілердің қалай өмір сүргенін және немен айналысқанын білетін боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет