Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қыпшақтар, Қыпшақ даласы.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қыпшақ – ірі түркі тайпасы.
Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабасы.
Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды.
Талқыланатын мәселелер:
Қыпшақтар қайда өмір сүрді? Олар немен айналысты? Қыпшақтар төрт түліктің қай түрін өсірді?
Неліктен қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды? Қыпшақтар қандай дақылдарды өсірді?
Тарыдан қандай ас әзірлеуге болатын еді?
Жазылым:
|
Ұсынылған мәтінді басқа сөзбен жазыңдар.
|
Алдыңғы білімдер
|
Түркілер және олардың өмір салты.
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ой қозғау
|
Мұғалім: Қыпшақтар – қазақ халқының, басқа да түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа. Ұлы дала осы халықтың атымен Дешті қыпшақ (Қыпшақ даласы) деп аталды.
Қыпшақ даласын картадан табайық. Ол Алтай тауларынан Дунайға дейін созылып жатыр. Қазіргі таңда осы аумақта көптеген халықтар: қазақтар, татарлар, башқұрттар, құмықтар, балқарлар, қарашайлар және т.б. өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы өздерінің арғы
бабалары ретінде қыпшақтарды санайды.
Қазақтар мен қыпшақтардың иллюстрацияларын қарап шық. Қыпшақтардың киімі мен қазақтардың ұлттық киімі арасында қандай ұқсастықтар бар? Қазақтар мен қыпшақтардың сыртқы түр келбеттерінде ұқсастықтар бар ма?
Оқушылардың жауаптары
|
Достарыңызбен бөлісу: |