Дүниетану қысқа мерзімді жоспары


(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын оқыңдар



бет101/160
Дата06.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   160
Байланысты:
Дүниетану қысқа мерзімді жоспары

(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын оқыңдар. Сабағымыздың мақсаттарын анықтап көріңдер. Оқушылар:

  • қыпшақтардың қалай өмір сүргендерін және немен айналысқандарын білеміз;

  • қазақтар мен қыпшақтардың тілін, киімін, сыртқы келбетін салыстыруды үйренеміз.


Оқулық

Сурет (оқулық) Оқулық



Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгін екі-екіден жұмыс істей отырып, сендер қыпшақтардың шаруашылығын, тілін, өмір сүру салтын зерттейсіңдер.

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды және тапсырмаларды орындайды.



(Ж) Құжатты қарастырамыз. Тарихшы былай деп жазады: «Қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды. Үндістанда қыпшақ даласынан әкелінген жақсы жылқы үшін 500 алтын динар төленді».

Қыпшақ жылқысы үшін осыншама алтын төленсе, онда оның қандай қасиеттері болғаны? Ойланыңдар.



Оқушылар: Даланың жылқылары ерекше төзімді, көнбіс, жүйрік болған.

(Ж) Құжатты қарастырамыз. Саяхатшылар қыпшақтар жайында былай деп жазады: «Олар тарыны көп пайдаланады. Тары – қыпшақтардың ең басты тағамы».

Тарыдан қандай тамақтар дайындауға болады, еске түсіріңдерші.



Оқушылар:

Қазақтар тарыдан сөк жасайды, ал одан жарма, көже дайындайды. Қуырылған сөкті сүтпен, маймен жейтін болған. Сөктен ұн тартқан, одан тары табанан дайындаған.



Оқулық





Тарыны ұнтақтап, одан талқан жасаған. Қазақтардың ең тәтті ұлттық тағамы – қант және май қосылған талқаннан жасалған жент.

Тапсырмаларды орындау.



  • «Бос орынды толтыр»;

  • «Мәтінді басқа сөзбен жазып шық».

(Ж) Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды. Кестедегі сөздерді салыстыр және қыпшақ тілінің ерекшеліктері жайында шешімдер шығар.

Оқушылар:

Қыпшақ тілінде «с» әрпінің орнына, мәселен, «тас», «бес» деген сөздерде «ш» әріпін қолданып, «таш», «беш» деп айтқан. Сөздің басындағы «ж» әріпінің орнына «й» әріпін қолданған.



Ж Елестетіңдер. Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар. Үйдің қожайындары сендерге қандай тағамдар ұсынады?

Сендер олардан не жайында сұрайсыңдар? Қыпшақтардың сөйлегенін түсінесіңдер ме? Оқушылардың жауаптары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет