Дүниетану қысқа мерзімді жоспары


Талқылауға арналған сұрақтар



бет74/160
Дата06.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   160
Байланысты:
Дүниетану қысқа мерзімді жоспары

Талқылауға арналған сұрақтар: Астрономия дегеніміз не? Бағдарлау дегеніміз не?

Қай жұлдызға жол көрсеткіш жұлдыз атауы берілді және неліктен? Турист тек қана табиғи бағдарлауға үміт арта ала ма?



Хат:

Сабақта айтылған 3 жаңа деректі және сабақта туындаған 2 сұрақты жазу.



Алдыңғы білімдер

Тұсбағдар, көкжиек тұстарын анықтау.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: – Балалар, сендердің жылы жүздеріңді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызда өте қызықты, өте пайдалы деректер айтылатын болады. Мұқият тыңдап,

тапсырманы бірлесе, белсенді түрде орындайтын болсақ, көп нәтижелерге жететін боламыз. Сонымен сабағымызды бастаймыз.



Мұғалім: Ол саяхаттағанды, жорыққа шыққанды жақсы көреді. Жолдорбасын арқалап, қолына гитарасын алып, қызық іздеп шығады. Достарымен далаға от жағып, айналасында таң атқанша отырып ән айтады, ән тыңдайды, қызықты әңгіме-дүкен құрады. Мен кім жайында айтып жатырмын, балалар? (Турист)

Мұғалім: – Турист деген кім?

  • Турист сөзіне синоним сөз табыңдар. (Балалардың жауабы тақтаға жазылады)

  • Араларыңда кім жорыққа шығып көрді?

  • Кімнің жорыққа барғысы келеді?

  • Туристтің қандай да бір арнайы білімі мен дағдылары болуы керек пе? Қалай ойлайсыңдар?

  • Қандай білім мен дағдылар керек? Не үшін?

Әңгіме барысында мұғалім оқушыларға жорық кезінде қозғалыстың бағытын білудің, өз тұрған жеріңді анықтай алудың маңыздылығын, сонымен қатар, осы айтылған дағдыларды тек қана жиі жорыққа шығатын адамдар игеріп қоймай, оқушылардың да игеруі қажет екендігін түсіндіреді.

Слайд (сурет)


Тақта


Жаңа сабақ

Мұғалім:

Шеті де жоқ, шегі де жоқ, Арты да жоқ, алды да жоқ. Жасың да, кәрің де біледі.

Өте үлкен шар сөз жоқ. (Жер ғаламшары)
Ол жазда да, қыста та Жер мен көктің арасында. Өмір бойы жүре берсең де

Оған жету мүмкін емес. (Көкжиек сызығы)


Таба алмай оң менен солыңды, Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолыңды, Шығысқа,

Батысқа. (Тұсбағдар)

Мұғалім: Тұсбағдар дегеніміз не?


  • Тұсбағдар не үшін қажет?

Тұсбағдар – жер бетін бағдарлауға арналған құрал. Оның қызыл тілі – Оңтүстікті, ал көк тілі – Солтүстікті көрсетіп тұрады. Оң жағында – Шығысты көрсетсе, сол жағында – Батысты көрсетеді.

  • Тұсбағдарды кім қолданады?

  • Қозғалыстың бағытын, өзіңнің орналасқан жеріңді анықтай білу қабілеті қалай аталады, білесіңдер ме? (Бағдарлау)

«Бағдарлау» орыс тілінде «ориентирование» деп аталады. «Ориентирование» сөзі латынның

«oriens» – «шығыс» деген сөзінен шыққан. Ерте замандардан бері әлемнің шығыс тұсы қасиетті болып саналған. Себебі, шығыстан Күн шығады. Күн – тіршіліктің көзі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет