Дүниетану қысқа мерзімді жоспары



бет71/160
Дата06.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   160
Кейбір оқушылар: жергілікті жердің қарапайым планын сыза алатын болады; топографиялық диктанттар жаза

алатын болады; бағдарлаудың әдістерін білетін болады.



Тілдік мақсат

Оқушылар сабақтың тақырыбын пайымдап, соған қатысты өз ойларымен бөлісетін болады; оқулықта берілген ақпараттарды пайдаланатын болады.

Пәндік лексика және терминология: бағдарлау, план, масштаб, топография.

Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы

Шартты белгілер - план мен картаның әліппесі.







Талқылау: План суреттен несімен ерекшеленеді? Адамдар шартты белгілерді не үшін ойлап тапқан? Масштабты сақтау не үшін қажет?

Таныс емес жерді бағдарлаудың қаншалықты маңызы бар?



Хат:

Әдеби кейіпкердің атынан хат жазу; сөйлемді аяқтау.



Алдыңғы білімдер

Менің қалам. Менің ауылым.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім:

Баяу музыканың аудиожазбасы
Қосымша әдеби

кітаптар, суреттер.






Көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа жарқыраған күнді, жап-жасыл көгалды, дала гүлдерін




елестетіңдер. Көгалдың хош иісімен дем алыңдар. Терең дем алып, ақырын демді




шығарыңдар.




Мұғалім: Таныс емес жермен қалай танысуға болады?




Таныс емес жермен танысудың әртүрлі әдістері бар: экскурсияда, сапарда, жорықта

жүргендегідей аймақты аралап, мұқият қарап шығу керек; кітаптан жергілікті жерге берілген сипаттаманы оқып шығу керек немесе әңгіме құрастыру керек; фотосуреттің, суреттің көмегімен жергілікті жермен танысу керек. Фотосуреттің суреттен қандай айырмашылықтары бар?



Оқушылардың жауаптары.

Фотосуретте жергілікті жер анық бейнеленген.

Өзіңнің тарапыңнан белгілі бір ерекшеліктерді қосу арқылы жергілікті жердің суретін салуға болады.

Мұғалім:

Таныс емес жермен план бойынша танысу әлдеқайда нақтырақ.



Жаңа сабақ

Мұғалім «ассоциация» картасын құруды ұсынады.

– «План», «көрініс» сөздерін естігенде, көз алдарыңа не елестейді? (балалардың айтқан пікірлері тақтаға жазылады)

Жергілікті жердің көрінісі дегеніміз – бақылаушының Жердің үстінде тұрып жасаған суреті. Егер жергілікті жерді ұшақтан суретке түсірер болса, онда аэрофотосурет аламыз. Жергілікті жердің көрінісі биіктіктен шын мәнінде қалай көрінсе, аэрофотосуретте оның барлығы дәл беріледі. Аэрофотосуреттен орманда ағаштардың қай түрі өсіп тұрғанын, егіс даласында не


Тақта (флипчарт) Слайд (сурет)





егілгенін, төбенің, дөңнің биіктігін, өзендер мен көлдердің тереңдігін, елді мекендердің атауын білу, анықтау өте қиын.

– Альбом парақшасына қаламыздың (ауылымыздың) суретін сала аласыңдар ма?



Балалардың жауабы.

Оқулықтағы тапсырмамен жұмыс жасау. – Қандай аймақты көріп тұрсыңдар? Қалалық па, ауылдық па?

Алдыңғы планда не бейнеленген?

Суреттен қанша елді мекенді көріп тұрсыңдар?


  • Планның суреттен қандай айырмашылығы бар?

  • Арман мен Дананың пікірталасын тыңдап көріңдер.

Оқулықтағы «Талқылау» айдарымен берілген тапсырманы орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет