1-бөлім Өзім туралы бөлімінің бөлімшелері: 1.1.Қымбатты дос танысу үшін 1.2.Бұл мен 1.3.Менің заттарым 1.4.Күн тәртібі деген не? 1.5.Қамқор болып өсемін 2-бөлім Менің мектебім 2.1.Менің екінші үйім 2.2.Жол қауіпсіздігі 2.3.Мектеппен танысу 2.4.Мектеп ережесін сақтайық Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен сыныптан тыс білім беру. Дүниетану мен Жаратылыстану білім берудің ерекше түрі (формасы) - сыныптан тыс жұмыс. Сыныптан тыс білім берудің түрі көп. Оған жататындар: үй жұмысын орындау, үлескідегі сабақтың жалғасы болып есептелетін күнделікті бақылаулар, табиғат бұрышындағы жұмыс пен бақылау. Бұл жұмыстардың ерекшелігі
Біріншіден, осының қай түрі болса да, сыныпта алған білімнің жалғасы ретінде өтеді де, білімнің байланыстылығы, саналы меңгеру, білімді жаңа ситуацияға қолдану, біліктену сияқты білімді игеру сатылары жүзеге асады.
Екіншіден, сыныптан тыс білім алу формасы арқылы оқушылардың дербестігі, ақыл-ой белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Шығармашылық оқушының ешкім білмейтін жаңалық ашуы деп түсінбеуіміз керек. Бұл баланың өз басы үшін “жаңалық”, белгілі бір проблеманы шешуде нәтижеге жетуі. Ол үшін білімін, білігін жаңа кездескен қиындықты шешуге қолданып, оны жаңа жағдайға тасымалдай білу. Шығармашылық әрекет баланың өз бетінше өзгеше шешуі, бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс арқылы жаңа жол шешімге қолдану, тапқырлығы, оны пайдалану саналығы.
Сонымен қатар бұл жұмыстар кейде қысқа уақытта күнделікті орындалса, кейде жыл бойына жалғасып созылатын жүйелілікті керек етеді. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны мен түрі оқушылардың меңгерген білім көлемі мен жас ерекшеліктеріне, жекебас дербестігіне қарай күрделеніп отырады. Сыныптан тыс білім беруде үйге берілетін тапсырманың маңызы зор. Ол сыныпта меңгерген білімді тұжырымдауға, қорытуға, қайта жаңғырықтыруға жағдай жасайды. үй жұмысының құндылығы оқушылардың өздігінен атқаратын әрекеті арқылы орындалуында. үй тапсырмасының маңызы туралы айта келіп, М.И.Махмутов “Нақ ерікті табандылықты, еңбек сүйгіштікті, танымдық дербестікті тәрбиелеу және білімді өздігінен алуан түрлі деректерден алу іскерлігін қалыптастыру тұрғысынан алғанда үй тапсырмасының ролі өте- мөте зор” – дейді. Сыныптан тыс жұмыстар кезінде оқушылар өздерін қызықтырған объектілердің жиынтығын (өсімдіктер, бунақденелілер, пайдалы қазбалар) жинастырады. Оларды реттеп орналастыруды, өңдеуді, сақтауды мұғалімнің көмегімен орындайды. Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары олардың шығармашылық деңгейін көтеруге жәрдемдеседі. Бастауыш сынып оқушыларының сенгіштік, қызыққыштық ерекшеліктері олардың маңайындағы адамдардан сұрап білу арқылы да талай ұғымдарға ие болуына жағдай жасайды. Оқушылар өздігінен меңгерген түсініктерін сыныпта ортаға салған кезде оны назардан тыс қалдырмай, ескеріп, тыңдап, тіпті сыныпта талқылап, жөн сілтеп отыру арқылы олардың ізденушілігін дамытып, шығармашылығын күшейтуге жағдай жасалады. Бастауыш сыныпта ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар кейін жоғарғы сыныптарда оқылатын биологиялық пәндер бойынша орындалатын зерттеу әдістеріне негіз салып, жартылай ізденушілік әрекетке дағдыландырады. Сыныптан тыс жұмыстар түрін орындағанда оқушылардың білім меңгерудегі дербестігімен қоса, ұйымдастырушылық дербестігі де көрнекті орын алады. Білімді өмірмен байланыстыру да осы жұмыстар негізінде жүзеге асады. Оқушы өз жұмысын қадағалап, жеткен нәтижесін сезінеді, оның өздігінен іс атқару қабілеті артады. Білімін басқарып, керекті жерінде қолдану шеберлігі жетіле түседі. Оқушылар үй жұмысын орындауда, не үлескіде, табиғат бұрышында бақылау жүргізуде тапсырмаларды түрі мен мазмұнына қарай талдауды, топтауды қолдана отырып, өздерінің білімді есте сақтау деңгейін көтереді.
Сыныптан тыс жұмыстар кезінде білім меңгеру бірнеше кезеңнен өтеді
1. Сыныптан алған білімін жалғастыру, тұжырымдау;
2. Алған білімдерін керекті жерінде қолдану;
3. Білікті қолдануға жаттығу (жаттығусыз біліктің дағдыға айналуы жүзеге аспайды).
Білім берудің қай түрін қолдансақ та казіргі таңда оқыту білімдендіру саласына қойылып отырған талаптарға сай жүзеге асырылуға тиіс. Біздіңше оқытудың мақсаты - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни қызымет субьектісін тәрбиелеп шығару.