«Дүниетану» мен «Жаратылыстану» пәндерінде қолданылатын зерттеу жұмысының түрлері, ерекшелігі



бет1/10
Дата05.06.2023
өлшемі39,18 Kb.
#98711
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



«Дүниетану» мен «Жаратылыстану» пәндерінде қолданылатын зерттеу жұмысының түрлері, ерекшелігі.
Қазіргі жаратылыстануда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар тақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын «жаратылыстану» пәнімен байланыстырылғанымен, ол кез-келген пән үшін негіз бола алады.
Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға бағытталған.
Жаңартылған оқу бағдарламалары шеңберінде зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын түсіндіретін қуатты педагогикалық құрал болып табылады. Зерттеуге негізделген оқу сындарлы оқу теориясына сүйенеді. Мұндай тәсіл кезінде оқушылар өздеріне сұрақ қояды, ал мұғалім тиісті сценарий жасай отырып, оқу үйлестірушісі рөлін атқарады. Оқушылар тақырыпты зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындысын тұжырымдайды. Бұл терең білім алуға және пәнді түсінуге қажетті жоғары деңгейлі дағдыларды шыңдауға көмектеседі.
Ғылыми әдебиетте оқыту мен оқуды зерттеудегі үш негізгі тәсіл сипатталған. Құрылымдалған зерттеу; мұғалім оқушылар ұстанатын тәсілдерді егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа біреудің) тапқандарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және қорытынды жасайды деп күтіледі. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу; мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі бір құрылым ұсынады (мысалы, зерттейтін мәселені сұрақтар тізімінен таңдау). Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өзі таңдай алады.
Зерттеуге негізделген оқуды түрлі пәндерді оқыту кезінде пайдалануға болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекші рөліне ауысып, басты рөлге оқушы шығады.
Зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін пайдаланған кезде оқушылар жаңа білім алып, дағдыларды игереді, құбылыстардың табиғи сипатына және олардың материалдық тұрғыдан шартты екеніне көз жеткізеді, теориялық білімнің дұрыстығын тәжірибеде тексереді, қадағаланатын затты, құбылысты талдап, салыстырып, тәжірибеден қорытынды жасап үйренеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін құру маңызды екеніне көз жеткіземіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет