Дүниетану пәнінің мазмұНЫ, ҚҰрылымы, ерекшелігі тобы: дпмно – 919с Орындаған: Лекерова Эльмира жоспары



Дата30.03.2022
өлшемі5,66 Kb.
#29326
Байланысты:
ДҮниетану пәнінің мазмұНЫ, ҚҰрылымы, ерекшелігі тобы дпмно – 91-melimde.com-1


ДҮниетану пәнінің мазмұНЫ, ҚҰрылымы, ерекшелігі тобы: дпмно – 919с Орындаған: Лекерова Эльмира жоспары

ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ЕРЕКШЕЛІГІ

Тобы:ДПМНО – 919с

Орындаған: Лекерова Эльмира

ЖОСПАРЫ

  • Адам, табиғат  және  қоғам байланысы.

  • Өлі табиғат пен тірі табиғат байланысы.
    3. Бастауыш сыныпта дүниетанудың мазмұны

«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.  Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады. 

«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру. 

Оқу пәнінің міндеттері:  - білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың  біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым  түсініктер қалыптастыру;  - білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез–  - құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;  - білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың  - келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру. 

ДҮНИЕТАНУ

АДАМ


ҚОҒАМ

ТАБИҒАТ


            «Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады. 

           «Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді. 

«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады. 

ТАБИҒАТ


ТІРІ

өсімдік, жануар, адам

ӨЛІ

жер, су, ай, күн, жұлдыз, ауа


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет