«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану



бет2/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
дуниетану)

Сыныптан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышындағыжұмыстар, тәжірибе алаңындағы жұмыстар, топсеруен ұйымдастыру жатады.
Бастауыш сыныпта оқушының жас ерекшелігіне орай сыныптан тыс жұмыстың түрі жасқа лайықты таңдалады.
1-2 сыныпта тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, бөлме өсімдіктерін күту, өсімдікті басқа ыдысқа көшіру т.б.
Топсеруен – мектептен тыс орындарда өтіледі, арнайы әдістемені талап етеді. Бұл сынып сабағының бір бөлігі, сыныптан тыс сабақ түріне де жатады. Топсеруен сабақтарда оқушы табиғатта өзін ұстау іскерлігі мен дағдысын тәжірибеде меңгереді қоршаған орта жағдайына баға беруге, табиғат сұлулығын сақтауға әрі көркейтуге өз үлесін қосуға үйретеді.
Мұғалім әрбір топсеруенді тақырыбына өтілетін орнына сәйкес алдын-ала тыңғылықты түрде дайындалады.Ең алдымен топсеруен жүргізілетін орынмен танысып, көңіл аударарлық сипатты объектілерді табады, оқушының өздігінше жүргізетін бақылауларының сипатын ойластырады.
Топсеруен ұйымдасқан түрде өту үшін мұғалім оқушыларды оның жоспарымен алдынан таныстырып, мақсаты мен міндетін белгілейді.
Оқушылардың қандай мәлімет жинап нені жинап, нені жазып алу керек екендігін түсіндіреді. Нәтижесінде заттар, мәліметтер, материалдар сабақта қорытылады.


3.Бақылау – табиғатты өздігінен оқып үйренудегі бірден бір негізі.
Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану бағдармаларында балалардың қоршаған ортаны бақылауына зор көңіл аударылады. Табиғатты тікелей бақылап оқып үйрену негізінде мектеп оқушыларында көптеген түсініктер қалыптасады. Бастауыш сыныпта дүниетанудан білім алуда бақылау бірден-бір негізгі әдіс болып табылады.​​​​Бақылау дегеніміз -оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында өлі және тірі табиғат объектілері мен құбылыстарын тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек. Қабылдаудың негізінде
1. Оқушылардың логикалық ойлау әрекетін, ауызша жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді.​​​​​​​​​​​2. Бақылау табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың бір тұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
3. Бақылау жеке адамдағы ең маңызды сапаның бірі-бақылағыштықтың қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеу, ес, талпынғыштық, білуге әуестенудің дамуына әр түрлі табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтай білуге тікелей байланысты.
4. Бақылаулар тәрбиелеуге (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, жауапкершілік) және оқушылардың жүйелі жұмыстар істей білуіне себепкер болады. Сондықтан бақылауды ұйымдастырғанда мына жүйеде өткізуге болады.
1. Мұғалімнің бақылау өткізілетін объектіні таңдап ала білуі;
2. Оқушылардың бақылауға дайындалуы;
3. Қарапайым түсініктер мен ұғымдарды (сабақ барысында) қалыптастыру.
4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу;
5. Тапсырмалар жасап, оларды балаларға бөліп беру;
6. Бақылауға қажетті жабдықтарды дайындау;
7. Бақылау нәтижелерін жазу;
8. Қорытындылар шығару;
9. Себеп пен байланыстарды анықтау;
10. Бақылауды оқу жұмысында және машықтық іс- әрекетіне пайдалану.
Бақылауды ұйымдастыру талаптары бағдарламада көрсетілген. Бақылаудың кезеңдері, мұғалімнің басшылығымен бақылау жасау (алғашқы бақылаулар I сыныптағы); жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау (топсаяхаты кезінде); өздігінен ұзақ бақылау (тұқымның өсуі); зерттеу жүмысына байланысты бақылау.
Жалпы сынып «Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс» бір айға немесе маусымға жасауға болады.
1. Өлі табиғатты бақылау.
2. Өсімдіктерді бақылау.
3. Жануарларды бақылау.
4. Адамдардың қалай еңбек ететінін бақылау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет