ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАСЫНАН ШАБЫТ АЛЫП, ОЙ ЕРКІНДІГІ МЕН ӘМБЕБАП АКАДЕМИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІ САҚТАЙ ОТЫРЫП, ҰЛТТЫҚ РУХАНИ САНА-СЕЗІМІ ЖОҒАРЫ, ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНЕТІН, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰРМЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНЕТІН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖӘНЕ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРЕДІ
КЕЛЕШЕК КЕЛБЕТ
БІЗДІҢ КЕЛЕШЕК КЕЛБЕТІМІЗДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰНҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ БАСТАРМА КӨТЕРІП, УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІ ҚҰРҒАН КЕЗДЕ-АҚ: «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ОРТАҚ БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫНА АЙНАЛДЫРАДЫ», - ДЕП АЙҚЫНДАП БЕРДІ.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
1. СЕРІКТЕСТІК ЖӘНЕ ҚҰРМЕТ 2. АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СЕНІМ 3. ӘДІЛДІК ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ 4. БІЛІКТІЛІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ 5. ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛГІШТІК
ТАРИХ
1991 жылғы 6 маусымда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Түркістан Мемлекеттік университеті құрылды.
1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Сүлеймен Демирелдің келісімі нәтижесінде «Халықаралық университет» мәртебесі берілді.
1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды.