Дөңгелек үстелдің ұраны


Осы орайда, өзімнің тақырыбым



бет2/3
Дата05.03.2023
өлшемі99,8 Kb.
#71725
1   2   3
Осы орайда, өзімнің тақырыбым «мектептегі қазақ әдебиеті сабағында дарынды балалардың шығармашылық ізденістерін дамыту жолдарына » тоқтала кетсек. Қазіргі заманда оқушымен жұмыс жасауда мұғалімдер қауымына біршама жағдайлар жасалған. Олар: әдістемелік материалдар, технология түрлері, интернет т.б. Осы жерде дарынды оқушымен жұмыс жасауда мұғалім өзі бірінші болып ізденеді деген шешімге келеміз.
Әр мұғалімнің жұмыс жасау іс – тәжірибесі әр түрлі. Олай болса, назар аударайық.
1. Дарынды балалармен жұмыс жүргізердің алдында мақсат қойылады:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру;
- ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.


2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары:
Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту,
Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, крассвордтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту.
Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру.
Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту.
3.Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс ұйымдастыру.
І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)
1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.
3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.
4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет