Қостанай облысы
Ұзынкөл ауданы
Троебратск орта мектебі
Дөңгелек үстел тақырыбы:
Қазақ әдебиеті сабағында дарынды балалардың шығармашылық ізденістерін дамыту жолдары
Дайындаған:
қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Шалабаева Е.Ж
Дөңгелек үстелдің ұраны:Тілге тұғыр, ойға нұр.
Мақсаты: Елімізде әдебиет аясындағы дарынды оқушылардың білім аясын кеңейту.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.«Қазақстандық білімді адамды» қайдан аламыз? 2. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстың мазмұны. 3. Әдебиет пәнінен дарынды оқушы шығармашылығын қалай дамытамыз? «Қанша әдіскер, мықты мұғалім болса,
сонша жақсы, жаңа әдіс – тәсілдер бар.»
Д. Пойа.
Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Осы үлкен міндетті жүзеге асыру мектептің, оқытушылардың қызметіне тікелей байланысты және мемлекеттік тілдің қолданылу аясына, қабылданған заңдардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуына да байланысты. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз. Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу ағартудың, оның ішінде, «білімді адамның» беделі өсіп келеді.
Ендеше біз «Қазақстандық білімді адамды» қайдан аламыз? Менің ойымша, «білімді адам» тіркесімен «дарынды» сөзі өзара тығыз байланысты. Неге дейсіз бе? Себебі, психологтар дарындылықты екіге бөліп қарастырады.
Дарындылық
туа біткен келе- келе қалыптасқан
Қайсы түрі болмасын біз қарап тұрып, таңдайымызды қағып тұрып « қандай білімді, дарынды адам!» дейміз. Олай болса, адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен ұштастыру. Әрине, дарынды адам барлық саладада бар. Бірақ біз мейлің оқытушы болайық, мейлің басшы болайық сол тұлғаны тануға тиіспіз.