Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет28/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103
УДК 372.893 
 
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ 
 
Қ.Ш. АУБАКИРОВА 
Еуразия гуманитарлық институты,
тарих ғылымдарының кандидаты 
А.З. ЕСЛЯМОВА 
Еуразия гуманитарлық институты,
гуманитарлық ғылымдар магистрі 
 
Аннотация 
Мақалада тарих пәнін оқытудағы заманауи технологиялардың 
маңыздылығына мән беріледі. Тарих пәнін оқытудағы мультимедиялық 
технологиялардың тиімді деген әдіс-тәсілдерінің бірқатарына талдау 
жасалынады. Олардың ұтымды жақтары мен айырмашылықтары 
көрсетіледі. 
Түйін 
сөздер: 
ІТ 
технология, 
ақпараттық 
технология, 
мультимедия, компьютерлік дағды. 
Мультимедиялық технологиялардың оқушының тарихқа деген 
танымдық, 
проблемалық, 
шығармашылық 
қызығушылықтарын 
оятудағы, оқу процесін жекелендірудегі және тәуелсіздігін дамытудағы 
маңызы зор. 
Тарихты оқытуда оқушылардың ақпаратты есте сақтауы есту 
қабілетіне қарағанда, көру қабілеті арқылы іске асатыны белгілі. Осыған 
байланысты қазіргі таңда көптеген бейнефильмдер, бейнежазбалар және 
т.б. мультимедиялық құралдар ойластырылған. Мультимедия есте 
сақтау процесін жеңілдетеді, сабақты қызықты етуге, оқушыға «оқиғаға 
өзі қатысып жүргендей» образ құруға көмектеседі, өткен оқиға туралы 
көлемді және жарқын идеялардың қалыптасуына ықпал етеді [1, 29 б.]. 
Медиа 
сабақтың 
өзіндік 
әдіснамалық 
мүмкіндіктері 
мен 
артықшылықтары бар. 
Жалпы, тарихты оқытуда мультимедиялық оқу құралдарын 
қолданудың маңызды артықшылықтарын бөліп көрсетуге де болады: 
мультимедиялық 
технология 
тарихи 
білімді 
біріктіреді; 
мультимедиялық оқулық тарихи фактілерді, оқиғаларды, құжаттарды, 
түсініктемелер мен интерпретацияларды өзара байланысты түрде бере 
алады, яғни бөлшектенген емес, интегралды түрде ұсына алады. Мұнда 


102 
әртүрлі тарихи кезеңдерде және әртүрлі зерттеулерде жинақталған 
тарихи тақырып туралы білімді байланыстыруға мүмкіндік туады
[2, 26 б.]. 
Мультимедиялық технологияны қолдану арқылы өткізілетін 
сабақтар әсіресе балалар арасында кеңінен танымал. Сабақтың барлық 
кезеңдерін оқушылар эмоционалды түрде бастан кешіреді. Бұл 
оқылатын пәнге, оқуға, мектепке деген оң көзқарасты қалыптастыруға 
ықпал етеді. Заманауи технологияларды қолданудың барысында оқу 
уақытын едәуір үнемдеуге оқушылардың жалпы ақпараттық мәдениетін 
қалыптастыруға және тарих туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етуге 
болады [3, 18 б.]. 
Осылайша, мультимедиялық технологиялар: тарихқа деген 
танымдық қызығушылықты оятуға, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін 
дамытуға ықпал етеді. Мысалы, презентацияны көрсету барысында 
оқушылар көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алады, компьютерлік 
дағдыларды игереді. Ал, компьютерлік дағды қазіргі жастар мәдениеті 
элементтерінің бірі болып табылады [4, 10 б.]. 
Ақпараттық технологияларды жан-жақты зерттей келе, тарих 
пәнің оқытуда тиімді деген әдіс-тәсілдерді жинақтауға болады. 
Солардың алғашқысы болып онлайн викторина өткізудің қызықты әдісі 
Kahoot. Бұл викторина, тест және дидактикалық ойындар 
ұйымдастыруға арналған бағдарлама. Kahoot бағдарламасы арқылы 
оқушылар мұғалім жасаған тапсырмаларға планшеттерден, ноутбуктан 
немесе ұялы телефоннан, яғни, интернет желісі бар кез келген 
құрылғыдан жауап бере алады. Kahoot-те құрылған тапсырмаларға 
фотосуреттер мен бейнероликтерді қосуға мүмкіндік жасалған. 
Викторина, тестілеу қарқыны әр сұрақ бойынша уақыт шегін белгілеу 
арқылы реттеледі. Қажет болған жағдайда, мұғалім қойылған 
сұрақтарға дұрыс жауаптар мен жылдамдық үшін ұпай енгізе алады. 
Бағалау тақтасы мұғалімнің компьютерінде көрсетіледі. Тестке немесе 
викторинаға қатысу үшін оқушылар интернет желісіне кіріп, kahooy.it 
сілтемесіне өтіп, мұғалім ұсынатын PIN-кодты өз құрылғысы арқылы 
енгізу керек. Оқушыға құрылғыда дұрыс жауапты таңдағаны ыңғайлы. 
Себебі, жауаптар геометриялық фигуралармен ұсынылған. Бұл әдісті 
мұғалімдер өз сабақтарында оқушылармен кері байланыс орнату 
мақсатында қолдануға болады. Kahoot бағдарламасының ұтымды 
жақтары: барлығына түсінікті интерфейс. Білім беру ұйымдары үшін 
интерактивтіліктің 4 нұсқасы: викторина, жауаптарды дұрыс 
орналастыру ойыны, талқылау және сауалнама. Көптеген функциялары 
тегін, орыс тілінде нұсқасы бар, қатысушылар саны шексіз, әлеуметтік 


103 
желілерде сілтемесімен бөлісу мүмкіндігі, интерактивті режим, яғни 
оқушылар өз нәтижелерін көріп отырады, мұғалімнің көп уақытын 
үнемдеуге мүмкіндік беретін тестілерді қайталау және редакциялау 
мүмкіндігі бар.
Тарих сабағында тақырыптық карталар жиі қолданысқа ие. Бұл 
мәселеде Interactive World History Atlas since 3000 BC бағдарламасы 
арқылы интерактивті карталарды пайдалануға болады. Бұл карта 
арқылы әлемнің кез келген жерін көруге болады. Бұл бағдарламаға 
қосымша ретінде Paint бағдарламасын пайдалануға болады. Яғни, 
оқушыларға шығармашылық жұмыс ретінде Paint арқылы картаны салу 
тапсырмасын беруге болады. 
Оқушылар жас ерекшеліктеріне сәйкес бейнематериалды ұзақ 
уақыт көре алмайды, яғни назарлары басқа арнаға бұрылып кетеді. 
Сондықтан да тарихи деректі фильмдерді, бейнероликтерді қысқартуға 
болатын келесі бір бағдарлама – PlayPosit бағдарламасы. Дайын болған 
тарихи бейнематериалды жариялау кезінде пайдаланушы интерактивті 
бейнені кім үшін жасағанын таңдайды. Егер біз «оқушыларға» 
батырмасын таңдайтын болсақ, онда платформа бірден сынып құруды 
және сол жерде оқушыларды тіркеуді ұсынады. Жасалғаннан кейін 
сілтемемен ендіру кодын алғаныңызға қарамастан, бұл видео тек 
тіркелген оқушыларға ғана қолжетімді болады. Егер қолданушы 
жариялау кезінде «әріптестеріне» батырмасын таңдаған болса, онда бұл 
бейнежазба көпшілікке қолжетімді болады және осы сілтемеге ие кез 
келген адам интерактивті режимде қарап, жұмыс жасай алады. PlayPosit 
бағдарламасының жағымды жақтары: интерфейс тілін таңдау 
мүмкіндігі, яғни орыс тілін таңдауға болады; жасалған бейнероликті 
платформадан тыс пайдалануға болады; көптеген дайын тарихи 
бейнероликтерді өңдеу мүмкіндігі бар; бейнеролик барысында 
қойылған сұраққа аудио, математикалық символдар, фотосурет, сурет 
немесе ссылка қоюға болады; жауап та дәл сондай мүмкіншіліктерге ие. 
Сабақ барысында бүкіл сыныптың жауаптарын жылдам бағалауға 
және статистика жинауды жеңілдетуге мүмкіндік беретін қосымша – 
Pickers. Ол QR кодтарын (Quick Response – ағылшын тілінен «жылдам 
жауап») қолдана отырып жұмыc істейді. Бұл кодтар мамандандырылған 
құрылғылардың көмегімен оқылады, біздің жағдайда мұғалімнің 
планшетін немесе смартфонын ноутбукпен бірге қолданады. 
Планшеттің (телефонның) камерасымен мұғалім QR коды бар 
карточкаларды қарап шығады. Жауаптар нақты уақыт режимінде 
сканерленеді, нәтижелер мәліметтер базасында сақталады және 
мобильді қосымшада да, сайтта да жедел немесе кешіктірілген талдау 


104 
үшін қолжетімді. Сканерлеудің нәтижесінде мұғалім бірден дұрыс және 
қате жауаптардың статистикасын және олардың авторларын тікелей 
интербелсенді тақтада көрсете алады. Жауап диаграммаларын 
құрастырады және сабақтың қай бөлігі зерттелетін материалды 
түсінгенін және қосымша көмекке мұқтаж екенін бірден анықтауға 
мүмкіндік береді. Мұғалімдерге арналған жаңа технологиялар туралы 
блогты жүргізіп келе жатқан Ричард Бирн Пиккерс 2015 жылы сүйікті 
құралдарының бірі ретінде атап өтті [5]. 
Оқыту карточкалары түрінде ұсынылатын – Quizlet бағдарламасы 
да кез келген тарихи ақпаратты есте сақтауға мүмкіндік береді. Мұның 
бәрі дерекқордан іздеу немесе интерактивті материал – өз карталарын 
құру, оларға суреттер мен аудио файлдарды қосу, кейін осы материалды 
есте сақтау үшін жаттығулар мен ойындар ойнау. Quizlet-тің жеті түрлі 
жұмыс режимі бар: бес жаттығу және екі ойын. Карточка режимінде 
оқушылар барлық тарихи карталарды көреді, тарихи терминдер мен 
анықтамаларды қайталау үшін оларды аударып отырады. 
Есте сақтау режимінде модуль материалын игеру негізінде жеке 
оқу жоспары құрылады. Кезеңді аяқтау үшін әр сұраққа екі рет дұрыс 
жауап беру керек. Әр кезеңнің соңында барлық терминдер оларды 
меңгеру деңгейіне қарай топтастырылады: «таныс» дегеніміз 
оқушының бір рет дұрыс жауап бергенін және екі рет «оқығанын» 
білдіреді. Жазу режимінде терминнің анықтамасы немесе суреті 
беріледі және оқушының материалды қаншалықты жақсы білетіндігі 
және жазбаша қателіктер жібергендігі бағаланады. Оқушы бірінші 
кезеңді аяқтағаннан кейін екінші кезең басталады, онда бірінші кезеңде 
қате жауап берілген сұрақтар пайдаланылады. Жазу режимін аяқтау 
және нәтижелерді көру үшін әр сұраққа екі рет дұрыс жауап беру керек. 
Емле режимінде естігендеріңізді, яғни, белгілі бір терминді қатесіз жазу 
керек. Тестілеу режимінде тестке дұрыс жауап беру керек. Іріктеу 
ойынында оқушылар анықтамаларға дұрыс терминдерді мүмкіндігінше 
тез таңдап, біраз уақыт бір-бірімен бәсекелеседі. Мұғалімдер басқа 
пайдаланушылар жасаған дайын оқу материалдарын таба алады 
(жоғарғы сол жақ бұрыштағы «іздеу» батырмасын пайдаланыңыз) 
немесе өз карталарын жасай алады. Quizlet бағдарламасын тарих 
сабағында пайдалану өте тиімді әдіс. Себебі, біз әр сабақта кем дегенде 
екі терминмен танысады. Ал, бұл бағдарлама – оқыту карточкаларымен 
жұмыс жасайды. Яғни, жаңа тақырыпты өткен кезде алдымен тарихи 
терминдермен таныстырамыз, сабақ соңында немесе келесі сабақта 
оқушының терминдерді қаншалықты меңгергенін осы бағдарлама 
арқылы зерттеп білуге болады. Мысалы, 5 – сыныптағы Сақтар туралы 


105 
тақырыпты оқыту барысында Quizlet бағдарламасы жақсы келеді. 
Себебі, бұл бағдарлама арқылы карточкаларды пайдалана отырып, 
мәліметтерді жіктеу тиімді болады. Бірақ, бұл бағдарлама кейбір тарихи 
тақырыптарға қолдану қиынға соғады. 
Тарихи викториналар құрастыруға бірнеше бағдарламаларды 
пайдалануға болады. Соның бірі – Quizizz веб-сервисінің 
функционалдығы Kahoot-қа ұқсайды, бірақ кейбір айырмашылықтары 
бар. Quizizz пен Kahoot арасындағы айырмашылық: біріншіден, 
викторинаны бастаған кезде оқушылар өздері сұрақтарға жауап береді, 
және 
басқа 
қатысушылардың 
жауаптарының 
жылдамдығына 
байланысты болмайды; екіншіден, сіз Quizizz-те құрылған викторинаны 
жоспарлай аласыз. Бұл үй тапсырмасы ретінде ұсынуға болатындығын 
білдіреді; үшіншіден, «уақыт» параметрін алып тастауға болады, содан 
кейін оқушы бірнеше секундқа алаңдамай сұрақ туралы ойлана алады. 
Сонымен қатар, сұраққа жауап беру кезінде оқулықтың, кітаптың 
тарауының немесе google-дің параграфтарын оқуға мүмкіндік береді. 
Оқу басындағы Quizizz арқылы: оқу және оқыту процесін қолдау; 
ойындар мен викториналар өткізу; жарыстар ұйымдастыру; тест өткізу; 
үй жұмысын тексеру; әр оқушының нәтижесін бақылау; әр оқушыға 
автоматты түрде кері байланыс орнату. Сонымен, Quizizz 
бағдарламасын меңгеру қиын емес, және бұл бағдарламаны сабақта 
қолдану өте тиімді, әрі оқушылар үшін қызықты. Бұл бағдарламаны тек 
мектеп оқушылары үшін емес, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары 
үшін де пайдалануға болады.
Тарих пәні сабағында сауалнамалар құруға көмектесетін келесі бір 
бағдарлама – Quizalize. Оқушылар тест сұрақтарына ноутбуктерде, 
планшеттерде немесе смартфондарда Quizalize веб-сайтына кіріп, 
аттары мен сынып кодын енгізу арқылы жауап береді. Сұрақтарға дұрыс 
жауап бергені үшін ұпай алады. Қорытынды балл тест соңында әр 
оқушыға беріледі. Бағдарламаның ерекшеліктері: тестті үйде өту 
мүмкіндігі; тестті қашан бастау керектігін әр оқушы өзі шешеді; бірге 
ойнаған кезде, Quizalize барлық сыныпты автоматты түрде екі 
командаға бөледі, осылайша олардың арасында бәсекелестік пайда 
болады. Бұл қызметті қолдана отырып, сіз мектеп бағдарламасының 
әртүрлі тақырыптары бойынша тесттер мен викториналар жасай аласыз, 
зияткерлік ойындар ұйымдастырып, сабақта оқушыларға жедел 
сауалнама жүргізе аласыз және үй тапсырмасы ретінде викторина 
сұрақтарын да ұсына аласыз. 
Әртүрлі интербелсенді жаттығуларға арналған Flippity – веб-
бағдарламасы бар, оның көмегімен жаттығуға арналған әртүрлі 


106 
интерактивті жаттығулар жасауға болады. Интербелсенді жаттығулар 
түрлері: 
1. Рулетка (кездейсоқ есімдерді таңдау). Сыныптың тізімін 
жасаймыз және қадамдық нұсқаулықтарды орындағаннан кейін, 
оқушыларды сұрақ қоюға немесе аттарын енгізуге, ойынды 
ұйымдастыруға арналған шарттарды кездейсоқ таңдауға болатын 
айналдыру рулетін дайындаймыз содан кейін оқушылар ретсіз түрде 
тарихи тақырыпқа сәйкес әртүрлі тапсырмалар алып отырады. 
2. Флэш-карталар. Кесте шаблонына деректерді екі бағанға 
енгіземіз. Сонымен қатар, шаблон тек тарихи мәтінді ғана емес, тарихи 
оқиғалардың, тарихи тұлғалардың, археологиялық жәдігерлердің 
суреттерін енгізуге мүмкіндік береді. 
3. Сәйкестік тестін құрастыру. Бұл кестеге бірнеше бағандар 
енгізіледі. Әр жолда мағынасына байланысты сөздер болуы керек: 
тарихи дата, тарихи деректерден үзінді, тарихи оқиға. Сопақшадағы 
батырмаларды басу арқылы оқушы қажетті комбинацияны таңдайды. 
4. Жеке балама тест. Бұл үлгінің өзіндік ерекшелігі – тестілеуден 
кейін оқушы «сертификат» ала алады. 
Жасанды интеллектіге негізделген – Remini бағдарламасы бұл 
нақты уақыттағы керемет және көп функциялы фото-редактор. 
Бағдарламаның үш функциясы бар: ескі фотоларды және сапасыз 
фотосуреттерді жоғары дәлдікпен көрсете отырып жақсарту; ескі 
камералармен немесе ұялы телефондармен түсірілген фотосуреттердің 
жаңа буын ұялы телефонмен жасалынғандай көрінуін қамтамасыз етеді 
бұлыңғыр фотосуреттерді жөндеп, түстің қанықтығын жөндеуге 
септігін тигізеді.
Бұл бағдарламаны мәдениет саласындағы тақырыпты өткен кезде 
және өлкетану сабақтарында өлкенің тарихына қатысты ескі 
фотосуреттерді қалпына келтіруде тиімді пайдалануға болады. 
Қорыта келе, жоғарыда берілген бағдарламаларды тарих пәні 
сабақтарында пайдалану өте тиімді. Бұл бағдарламалардың барлығы әр 
студентке де, оқушыға қолжетімді, әрі тегін. Телефонға жүктеп немесе 
сілтемеге өту арқылы пайдалуға болады. Дегенмен, мультимедиялық 
технологияларды қолдануға шамадан тыс құлшыныс оқу материалының 
екінші деңгейлі ақпаратпен шамадан тыс жүктелуіне әкеліп 
соқтыратынын, 
зерттеліп 
отырған 
мәселенің 
мәнінен 
алшақтататындығын және оқушылардың назарын аударатындығын 
ұмытпаған жөн. Сондықтан, анимациялық материалды мөлшерлеу 
керек. Дербес компьютермен жұмыс жасайтын оқушылармен жұмыс 
жасау кезінде санитарлық нормалардың сақталуына назар аудару керек, 


107 
яғни шектеулерді тек көлем бойынша ғана емес, сонымен қатар 
оқушылар үшін уақыт нормаларын ескеру қажет: 1-сынып оқушылары 
үшін – 10 минут, 2-5 сыныптар – 15 минут, 6-7 сыныптар – 20 минут, 8-
9 сыныптар – 25 минут, 10-11 сыныптар – 30 минут. Сонымен қатар, 
заманауи мұғалімнің ең маңызды құқықтардың бірі – сапалы білім алу 
құқығын қамтамасыз ету үшін ғана оқу құралдарымен жұмыс істей 
білуге міндетті деп айтқымыз келеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Алейникова О.А. Авторские мультимедийные учебно-методические пособия 
в образовании // Образование в современной школе № 4. 2002. - С. 28-3. 
2. Информационные и коммуникационные технологии в образовании: 
монография // Под.редакцией: Бадарча Дендева – М. ИИТО ЮНЕСКО, 2013. – 321 с. 
3. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании. – Издательский 
центр Москва, 2010. – 192 с. 
4. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері: Авторлар ұжымы: Е.Ы. 
Бидайбеков, В.В. Гриншкун, Г.Б. Камалова, Д.Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов // Оқулық. – 
Алматы, 2014. – 352 б. 
5. Останний Д.О., Михайлов Е.И. Технология интерактивного тестирования 
Plickers// Юный ученый. – 2018. – №1. / https://moluch.ru/young/archive/15/1095/ 
Резюме 
В статье рассматривается роль информационных технологий в преподавании 
истории. 
Resume 
The article deals with the role of IT technology in teaching history. 


108 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет