Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет57/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
ФИЛОЛОГИЯ 


221 
коммуникативтік қызмет атқарады»,– деп қатысымдық міндеттеріне 
назар аудартады [2, 94 б].
Жалпы, әдеби шығармада автор көзқарасының көрініс беруі тіл 
білімінде де, әдебиеттану ғылымында да жан-жақты талданғанымен, 
субъективтік көзқарастың коммуникативтік қызметке ықпалы әлі де 
талдауды қажет ететін тақырыптар қатарында. 
Мәтін құрылымын қалыптастыруда көркем туынды авторлары 
белгіленген тұрақты ұстанымдарды басшылыққа алады. Олар: 
«ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну); фатикалық ұстаным 
(материалды 
оқырман 
назарын 
аударту 
үшін 
пайдалану); 
манипулятивтік ұстаным (мәтінде баяндалатын оқиғаларға қатысты 
оқырман көзқарасын қалыптастыруды мақсат ету)» [3, 63 б]. Осындай 
міндеттер автор мен оқырман арасындағы имплицитті қарым-қатынаста 
жүзеге асады.
Көркем мәтін құрылымында көп жағдайда автор – ақпаратты 
бағалаушы тұлға да, оқырман – ақпаратты қабылдаушы деңгейінде 
көрініс береді. Мұндай мәтіндерде автор тікелей бағалаушы ретінде 
жеке субъективтік көзқарасын жариялайды, нәтижесінде «автор және 
оқырман» тізбегіндегі коммуникативтік байланыс орнығады. Әрине, 
субъективті көзқарастың тікелей иесі болып табылатын автор 
жариялаған мәтінінде белгілі бір мақсатты көздейді, себебі кез келген 
мәтіннің рухани бағыт беру аспектісі айрықша маңызға ие. Және ол 
мақсатты түрде қалыптастырылады. Көркем мәтіндегі коммуникативтік 
үдерістің белгілі бір мақсатпен қалыптасу жүйесін Қ.Есенова сипаттай 
келе: «Сөйлеу актісінде бұл тіл ұстанушының тілдік бірліктерді өз түпкі 
ниетіне сай етіп іріктей білуі, қай сөзге баса мән беретіндігі, өз сөзінің 
тыңдаушыға қандай дәрежеде әсер етуін көздейтіндігі, соның 
нәтижесінде адресаттың қандай да бір әрекеттерге баруына түрткі 
болатындығы, сондай-ақ, айналадағы адамдарға өз сөзі арқылы өзін 
белгілі бір қырынан таныстыруға, көрсетуге тырысатындығы т.б. 
барлығы жинала келе, оның түпкі ойының аудиторияға дұрыс, дәл, 
нақты күйінде жеткізілуін қамтамасыз етеді»,– деп түйіндейді [3,18 б]. 
Ойымызды нақты мысалдармен сараласақ.
Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды. 
Баяны жоқ бұл дәурен, 
Басыңда көп тұрмайды. 
Өкінішің өзеуреп,
Өзегіңді тырнайды. 
Көздің жасы кептеліп, 


222 
Көмейіңде құрғайды [4, 28 б].
Талдауға негіз болған мұндай көркем мәтіндерді автор жалпы 
қауымға арнайды да, тілдік байланыстың жауап алу сатысы астарлы 
сипатқа ие болады. Яғни, автордың субъективтік көзқарасы алға шығып, 
оқырман тараптың көзқарасы пассив қабатта тұрады. Дегенмен
оқырманның рөлі әлсіремейді. Оқырман коммуникативтік тізбектің 
міндетті қатысушысы болады. Бұл туралы Е.Қасенов: «Қатысымдық 
үдерісте автор мен оқырманды бір-бірінен ажырағысыз күрделі екі ұғым 
деп тануға болады. Автор – ақиқат шындық пен қоғамдағы 
құбылыстарға орай нақты бір идеяны тілдік бірліктер арқылы мәтінге 
айналдырса, оқырман – сол идеяны меңгеріп, оны ой елегінен өткізе 
отырып, мәнге айналдырады»,- дейді [5, 43 б]. 
Кейбір мәтінде автордың өзі субъективті көзқарасты қабылдаушы, 
саралаушы тұлға ретінде қатысады. Мұндай коммуникативтік 
құрылымдағы мәтіндерде автор төл сөздерге және қаратпаларға екпін 
түсіріп, ойды сабақтастыру тәсілі арқылы қатысымдық шеңберді 
қалыптастырады. Мәтінде «субъективті көзқарас иесі – субъективті 
ойды 
саралаушы 
автор-қабылдаушы 
оқырман» 
тізбегіндегі 
коммуникативтік байланыс пайда болады. Осындай құрылымдағы 
мәтіндерде монологтік-диалогтік амалдар арқылы автор қатысымдық 
үдерістегі 
коммуниканттар 
арасындағы 
астарлы 
байланысты 
орнықтырады.
Абай ағамыз! 
«Қазағым-ау» деп Сіз бізді көп аямаңыз: 
Қатыгездікке келгенде қарайып әлі, 
Сабақ алатын жақсыны
Сабай аламыз [4,38 б]. 
Жүз елуге сіз беттеп, 
Біз – елуге,
Жал құйрығы жалғанның күзелуде. 
Зәрін шашқан замана бұл қазаққа, 
Мұрша берер түрі жоқ түзелуге... 
Күн өтпейді тіл тістеп, тіс қажалмай, 
Аяр заман алқымнан қысты ажалдай, 
«Ұстарасыз алдына мұрты түскен»,
Еліңді ойлап, қайнайды іш қазандай! [4, 40 б]. 
Көркем мәтін арқылы коммуникативтік байланыстың тізбегін 
қалыптастыруға қаратпа сөздер де үлес қосады. Бұл жағдайда 
субъективті ойды бөлісуші автор бағалау тәсілін ұтымды қолданып, 


223 
субъектіаралық 
қатысымдық 
байланысты 
жандандырады. 
Субъектаралық коммуникация, қарым-қатынас негізінде пайда болатын 
бағалау санаты – астарлы сипаты басым, күрделі құбылыс. Өйткені 
субъектіге қатысы тұрғысынан ажырата қарасақ, сөз шеберінің 
кейіпкерді 
бағалауы 
мен 
оқырманның 
бағалауы, 
қалыпты 
коммуникациялық қарым-қатынастағы субъектаралық бағалауды 
байқаймыз. Көркем мәтінде автор-субъекті тікелей бағалаушы ретінде 
көзге түссе, оқырман жанама бағалаушы ретінде қабылданады.  
Осындай грамматикалық белгілер көрініс берген төмендегі 
мәтінде «бағаланушы субъекті-бағалаушы субъекті-қабылдаушы 
субъекті» тізбегіндегі қарым-қатынас көзге түседі.
Күлтегіннің кие қонған жұртында,
Күлтегін деп ат қоймайды жұрт ұлға. 
Бабаларды ұмыттырмай жүретін, 
Керек бізге өзіңіздей бір Тұлға! 
Қасиетім – жыр ата мен жыр-ана, 
Марқаямыз айтыс деген мұраға. 
Сол мұраның шырақшысы секілді, 
Ортамызда жүру керек бір Аға! [4,65 б]. 
«Бағаланушы субъекті – бағалаушы субъекті – бағаланушы 
субъекті – қабылдаушы субъекті» тізбегіндегі қарым-қатынасты 
қалыптасыратын күрделі мәтіндер де кездеседі. Мұндай мәтіндерде 
коммуникативтік байланыс төрт субъектіге қатысты болады. Талдауға 
негіз болған төмендегі мәтін бойынша сипаттасақ, ана – бағаланушы 
субъекті, «соғыс» сөзінің астарындағы жағымсыз кейіпкер – 
бағаланушы субъекті, автор – бағалаушы субъекті, оқырман – 
қабылдаушы субъекті. Мысалы: 
Иә, иә бақытты едік 
Бақытты едік біз қандай! 
Батпаушы еді, өтпеуші еді 
Ай да, күн де қызғанбай.... 
Жер-анаға көрік берген 
Бәйшешектей гүлдеп біз. 
Өстіп өмір кешіп жаттық, 
Тірлік отын үрлеп біз. 
Ел басына қайғы әкелген, 
Тыныштықты тұл еткен 
41-дің қанды жазы бар екенін білмеппіз... 
Соғыс шайқап сол бейбақтың айдынын, 


224 
Өтті ғұмыр жаспен жазып ай, күнін. 
Қараша үйде қария ана тұрады, 
Белгісі болып соғыс салған қайғының.... 
Соғыс! 
Қанша жүректерге қайғы аттың, 
Сонда да адам сенен биік айбатты. 
Қараша үйде қария ана тұрады, 
Белгісі болып қажыр менен қайраттың [6, 33 б] 
Қорыта келгенде, субъективті көзқарас көрініс беретін көркем 
мәтіннің басты мақсаты – коммуникативтік байланысты қалыптастыру. 
Бағалаушы-автор тарапынан мақсатты түрде құрылатын көркем 
мәтіндер арқылы имплицитті қарым-қатынастың, байланыстың ерекше 
үлгісі қалыптасып, мәтіннің когно-лингвистикалық сипаттарына назар 
аударуға жетелейді. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері: 
филол.ғыл.докт. ... дис. – Алматы, 1997. – 338 б. 
2. Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 
368 б.
3. Есенова Қ. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы: филол.ғыл.докт. ... 
дис. авторефераты. – Алматы, 2007. – 52 б.
4. Жүрсін Е. Асыл ажар. – Астана: Фолиант, 2014. – 384 б.
5. Қасенов Е. Тілдің қатысымдық және танымдық табиғаты. – Алматы: Ғылым 
ордасы, 2013. – 248 б.
6. Ештанаев Ғ. Дүние-дүрмек. – Алматы: Қазақпарат, 1999. – 84 б.
Резюме 
В статье проанализирована деятельность художественного текста в 
формировании коммуникативной связи с субъективным взглядом. В рамках 
художественного текста проанализирована наличие имплицитного общения, связи 
между оцениваемыми, оценщиками, принимающими субъектами, его грамматический 
характер.
 
Resume 
The authors of the article analyzes the activity of a literary text in the formation of a 
communicative connection with a subjective view. Within the framework of the literary text, 
the presence of implicit communication, the relationship between the evaluated, evaluators, 
receiving subjects, its grammatical character is analyzed. 
 
 
 


225 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет