Докторанттың ғылыми іс-тәжірибесінің жеке жоспары


Бекітемін Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі163 Kb.
#12022
1   2   3   4
Байланысты:
ДУЙСЕНБЕКОВ-Дневник по НИР

Бекітемін

Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі

Кошербаева А.Н. ___________

«___» _______________ 2019 ж.
(Ғылыми зерттеу іс-тәжірибе өтетін мекеменің басшысы)


    1. Ғылыми-зерттеу іс-тәжірибеден өтудегі күнтізбе кестесі



рр

Тапсырма бөлімі және өту кезеңі

Жұмыс орны

(кафедра)

Кім болып қызмет атқарады?

Орындалу мерзімі

Орындалғандығы туралы белгі

1

Ғылыми-зерттеу практикасын ұйымдастыру және өткізу (конференция)

Педагогика және психология

Докторант

02.09.19

+

2

Ғылыми жетекшінің ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша кеңесі

Педагогика және психология

Докторант

02.09 -13.09.19

+

3

Импакт-фактор журналдарында жарияланатын ғылыми-зерттеу мақалаларына қойылатын талаптар

Педагогика және психология

Докторант

16.09-20.09.2019


+

4

Ғылыми жетекшінің ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша кеңесі

Педагогика және психология

Докторант

23.09-27.09.2019

+

5

«Жаңа білім беру және сертификаттау технологияларында тест нысандарын қолдану» курсы бойынша педагогикалық біліктілікті арттыру семинары. В.С.Аванесов

Абай ат. ҚазҰПУ

Курс тыңдаушысы

30.09-4.10.2019


+

6

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін басқару және ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы


Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығыны

Курс тыңдаушысы

07.10-11.10.2019


+

7

Ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу әдістемесі

Педагогика және психология

Докторант

14.10-1.11.19

+

8

2019 жылдың 7-8 қарашасында «Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты ХІІІ Халықаралық ғылыми конференция

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Қатысушы

4.11.2019 – 8.11.2019


+

9

Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-диссертациялық зерттеулерді талдау

Педагогика және психология

Докторант

11.11-15.11.19

+

10

«Ақ жол» партиясы 2019 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауына

«Ақ жол» демократиялық партиясы

Қатысушы

11.11-15.11.2019


+

11

Ғылыми-зерттеу практикасының қорытынды конференциясы

Педагогика және психология

Докторант

18-22.11.19

Есеп


Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының ғылыми-зерттеу іс-тәжірибе жетекшісі
___________________________________

«___» __________________2019 ж.

Ғылыми зерттеу іс-тәжірибе өтетін орынның жетекшісі
_______________________________

«___» ____________________2019 ж..













Ғылыми-зерттеу іс-тәжірибесі барысында орындалған жұмыстар


Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі


02.09.2019

Ғылыми-зерттеу практикасын ұйымдастыру және өткізу (конференция)




02.09-13.09.2019

«Оқушылардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми кеңесшімен п.ғ.д., профессор Б.Тұрғынбаевамен бірге эксперименталды білім беру бағдарламасын жүргізу үшін сауалнама сұрақтары әзірленді.

Ғылыми кеңесші сауалнама нәтижелерін сандық және сапалы өңдеу, оларды түсіндіру және ғылыми жарияланымдарда алынған нәтижелерді одан әрі сипаттау мәселелері бойынша кеңес берді.






* Аптасына 1 рет жетекшінің қадағалауы




Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі


16.09-20.09.2019



В.А.Трапезников атындағы Басқару проблемалары институты Ресей ғылым академиясының (Институт проблем управления им. В.А.Трапезникова Российской академии наук) т.ғ.к. М. А.Локтев «Web of Science/ Scopus құрамындағы халықаралық журналдар: қазіргі ғылыми басылымдардағы стандарт» тақырыбында семинар өтті. Семинар отандық ғалымдардың мақала жариялаудағы сауаттылығын арттыру және басылымдардың әлемдік деңгейде танылуы мақсатында өткізілді.

Web of Science-тың кілттік коллекциясы – Web of Science Сore Collection мүмкіндіктері және журналдардың импакт-факторы жайында ақпарат берді. «Web of Science деректер қорындағы – Қазақстан ғылымы» тақырыбына шолу жасап, автор мен редакторларға арналған импакт-факторы жоғары халықаралық журналдарға мақала дайындаудағы End Note Online және Journal Citation Report сияқты құралдардың мүмкіндіктерімен таныстырды. Қазіргі талаптарға сай ғылыми басылым жариялаудағы мақаланың жазылуынан бастап оның жариялануына дейінгі  кезеңдерді жүйелеп, мақаланы жариялаудың тиімді жолдары туралы пайдалы кеңестер берді.

Семинар қорытындысында қатысушылар «Ғылыми мақала жариялауда қалай және қандай журнал таңдау керек?», «Хирш индексі деген не және импакт-факторды есептеу формуласы?» және т.б. сұрақтарына толығымен жауап алды.

+

* Аптасына 1 рет жетекшінің қадағалауы

Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі


23.09-27.09.2019


Ұлттық кітапханада, ғылыми-техникалық кітапханада, диссертациялық залдарда ғылыми жұмысқа байланысты әдебиеттерді жинақтадым. Қазіргі уақытта сол әдебиеттермен оқып-танысу жұмыстарын жалғастырудамын. Қазақстан және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін қарастырып, оларға талдау жасап, ерекшеліктерін анықтаудамын. Әдебиет көздерін толықтырдым. О.В.Чернышованың «Педагогикалық білім беру мекемелерінде педагог мамандығын таңдауда әлеуметтік жағдайлардың ықпалы», Е.В.Есипованың «Педагогикалық мамандықты қалыптастыру құндылықтары мәдени негіздері тұрғыдағы қатынастар», Б.А.Шихамированың «Преемственность общеобразовательной и высшей школы в ориентации учащихся на педагогическую профессию» сынды диссертация жұмыстарын оқып шықтым.

Басқа да ғылыми еңбектерді талдау негізінде диссертацияның «Кәсіби бағдар беру және кәсіби өзін өзі анықтау психологиялық- педагогикалық құбылыс және психологиялық- педагогикалық үдеріс ретінде» атты параграфының алғашқы нұсқасы жазылды.






* Аптасына 1 рет жетекшінің қадағалауы




Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі

30.09-4.10.2019

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Вадим Аванесовтың (Мәскеу қ.) «Жаңа білім беру және сертификаттау технологияларында тест нысандарын қолдану» курсы бойынша педагогикалық біліктілікті арттыру семинары өтті.

 Семинар оқу мәтіндерін сандық есептеудегі теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды зерттеу, оқыту үшін тестілеу формаларын және жаңа білім беру технологияларын қолдану мақсатында ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты - оқу мәтіндерін сандық есептеудегі теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды зерттеу, оқу және өзін-өзі бақылау, тестілеу формаларын қолдану, бейімделу, оқу жетістіктерін бағалау және үнемі бақылау. Жаңа білім беру технологиялары, электрондық білім беру және компьютерлік бағдарламалар мен материалдарды қолдана отырып өзін-өзі оқыту мәселелері талқыланады.

 Семинар аясында қатысушылар сандық оқу мәтіндері мен тест нысандарын, жаңа тапсырма нысандарын тест түріндегі тапсырмалар жүйесінде дамытуды зерттейді. Олар: тізбекті, қос мәтінді тапсырмалар; оқу және өндірістік жағдайларды дамыту, осы жағдайларға тест түрінде тапсырмалар, дайындық деңгейі мен құрылымын өлшеу әдістемесінің негізі, тест нәтижелерінің матрицалары, тест тапсырмалары мен тестілердің сапасын негіздеудің статистикалық әдістері, орташа тенденция, вариация көрсеткіштерін есептеу, корреляция коэффициенті, жаңа және ескі -тест нысандары, олардың білім беру және сертификаттаудың жаңа технологияларымен үйлесуі, әлеуметтік және кәсіби аккредиттеуді оқып, үйрендік.









Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі

07.10-11.10.2019

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін басқару және ұйымдастыру» тақырыбында Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының ұйымдастыруымен курс өтілді. Курс соңында 40 сағаттық сертификат берілді №001001. Курс барысында төмендегі тақырыптар бойынша білім алдық:

  1. Қазақстан Республикасындағы жаңартаылған білім мазмұнының алғышарттары. ҚР МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны.

  2. Оқу бағдарламаларының, оқу мақсаттарының және құрылымының жаңарудағы ерекшеліктері, оқу мақсаттарын жүйелеу

  3. Оқу бағдарламаларының, оқу мақсаттарының және құрылымының жаңарудағы ерекшеліктері, оқу мақсаттарын жүйелеу.

  4. Оқу бағдарламасының оқу жоспарларының құрылымы. Пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын талдау. Ұзақмерізімді, орта мерізімді, қысқа мерізімді жоспарлау.

  5. Оқу бағдарламасының оқу жоспарларының құрылымы. Пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын талдау. Ұзақмерізімді, орта мерізімді, қысқа мерізімді жоспарлау.

  6. Жаңартылған мазмұн мәнмтініндегі сыни ойлауды дамыту ұстанымдары, дидактикалық ерекшеліктері, әдістері.

  7. Өзараәрекеттестік белсенді әдістер негізінде әрекетті зерттеуге бағытталған оқуды ұйымдастыру

  8. Ойлау. Сыни ойлау, дивергентті, конвергентті ойлау.

  9. Білім алушылардың дивергентті, сыни ойлауын дамытуға бағытталған тапсырма үлгілерін құрастыру.

  10. Жаңартылған білім бағдарламалар мәнмәтініндегі критериалды бағалаудың теориялық негіздері. Критериалды бағалауды байқаудан өткізу және ендіру ерекшеліктерін саралау.

  11. Формативті және жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру үдерісі. Бөлім/ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру; ішкі жиынтық және сыртқы бағалауды басқару жүйесін ендіру.

  12. Пәннің оқу-әдістемелік кешеніне, оқу мақсаттарына сай критерийлер мен дескрипторлар әзірлеу.

  13. Пән бойынша тапсырма құнын анықтау, тапсырманы формативті бағалауды жоспарлау.

  14. Оқу бағдарламаларының бөлімдері бойынша оқуды жоспарлау. Жеке пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешенді зерделеу.

  15. Белсенді оқу әдістерін пайдалануға, зерттеуге негізделген оқуды ұйымдастыру.Сабақ жоспарын қорғау.

  16. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларынан күтілетін нәтижелердің қолжетімділігі.







* Аптасына 1 рет жетекшінің қадағалауы



Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі

4.11.2019 – 8.11.2019

2019 жылдың 7-8 қарашасында «Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты ХІІІ Халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырды.

Дәстүрлі конференцияға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 500-ден астам студенттер мен жас ғалымдар қатысты. Конференция басталмас бұрын жас ғалымдардың ғылыми жобаларының көрмесі өтті.

«Мамандық таңдауда инновациялық даму мен сұранысқа сай болып жүрміз бе?» тақырыбында мақала даярланып, ұйымдастырушыларға жіберілді.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарларламасы 2017 жылы қабылданып, қазіргі таңда жүзеге асырылуда. Бұл мемлекеттік бағдарламада цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын - болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетінін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатынын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкелетіні кеңінен көрсетілді. Сонымен қатар цифрландыру еңбек нарығында қамтылған мамандықтар құрамына қойылатын өндірістік талаптардың қолданыстағы жүйесінен айтарлықтай озып отыр. Еңбек нарығы мен білім беру жүйесі арасында жедел байланыстың болмауы бір мезгілде талап етілмеген кадрларды даярлауға және «өлмелі» мамандықтар бойынша кадрлардың босауына әкелуі мүмкін. Білім берудің барлық деңгейінің мазмұнын барлық мамандардың цифрлық дағдыларын дамыту арқылы толығымен қайта қарау қажет.

Бүгінгі ұрпаққа дұрыс кәсіби бағдар беру кезек күттірмес мәселелердің бірі. Мамандық таңдау тек жеке адамға ғана емес, мемлекет үшін де жауапты іс. Себебі мамандық таңдау – әр адам үшін, қоғам үшін де өте күрделі және жауапты міндет. Бұл таңдау тұлғаның рухани өсуі, әлеуметтік орны мен азаматтық көзқарасын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Алдағы уақытта конференция жинағына ендіріледі.








Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі

11.11-15.11.2019

«Ақ жол» партиясы 2019 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауына «Алаш қайраткерлерінің мемлекеттілік туралы идеяларының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы» тақырыбына мақала даярланып, ұйымдастырушыларға жіберілді.
Кезеңдер:

1 кезең: жазбаша жұмыстарды сырттай іріктеу. Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша түскен материалдардың саны мен сапасына орай 10 үміткерге дейін іріктеп алды, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылды.


2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары 23-қараша күні Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтіледі. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін екі аптаның ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.

Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 3 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады.



Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.



* Аптасына 1 рет жетекшінің қадағалауы



Айы, күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

Орындалғандығы туралы белгі

18.11-22.11.2019

Ғылыми-зерттеу практикасы бойынша есептік құжаттар әзірленді:

– ғылыми жетекшінің қолы бар және кафедра меңгерушісімен бекітіліген ғылыми-зерттеу практикасынан өту туралы бағдарламасы;

– ғылыми-зерттеу практикасының күнделігі;

– практика жоспарына сәйкес практикадан өту туралы есебі;

– ғылыми мақалалар жарияланымының көшірмесі (оттеск).

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу тәжірибесі бойынша қорытынды конференцияға қатысу және есепті қорғау және практика қорытындысын шығару.






* Аптасына 1 рет жетекшінің қадағалауы




  1. Ғылыми-зерттеу іс-тәжірибе барысында докторанттың жинаған материалдарының тізімі





Атауы

Баспа


1

З.Ү.АДИЛЬШИНОВА

«Қазіргі мектепте оқушылардың кәсіби құндылық бағдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» п.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация, Атырау, 2009







2

Ж.Ж.Бейсенова

«Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік анықталуындағы мамандық таңдаулары мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу» атты псх.ғ.к. дисс. ҚазҰУ, Алматы, 2006






3

Климова Е.А. Как выбрать профессию. Москва 1984.




4

Климова Е.А. Пути в профессионализм.

-М.: Московский психолого-социальный институт: Флинта, 2003. — 320 с.






5

Климов Е-Психология профессионального самоопределения. –М, 2004.




6

Рогов Е.И. - Выбор профессии. –М, 2003




7

Каганов А. Б. Выбираю профессию; Кн. для учащихся. -Минск.: Нар. асвета, 1986.




8

Рыбников Н.А. ПСИХОЛОГИЯ и ВЫБОР ПРОФЕССИИ. –М., 1922




9

Жолмұқан Түркменұлы Кәсіптік бағдар, Алматы, 1973




10

Т.Қожамқұлов-Кәсіптік бағдар-1973 ж




11

Болотов В.А., Исаев Е.И. и др. Проектирование профессионального педагогического образования. // Педагогика. 1997.-№4.-С. 66-77




12

Блинов В.М. Гуманистическая концепция профессионально-педагогической подготовки учителя в ФРГ.-М., 1993.- 60 с.




13

Пряжникова Е.Ю. Профориентация: Учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2010. - 496с.




14

Иванова Е.М. Психология профессиональной деятельности: учебное пособие. Издательство: Пер Сэ, 2011 г




15

Выбор профессии. Оценка готовности школьников. 9-11 классы [Электронный ресурс]/ С.О. Кропивянская [и др.].— Электрон. текстовые данные.— М.: ВАКО, 2009.— 160 c.— Режим доступа: http://www.iprbookshop.ru/26283.— ЭБС «IPRbooks»







7. Іс-тәжірибе нәтижесі бойынша докторанттың қорытындысы
Ғылыми-зерттеу практикасы кезінде жұмыс бекітілген практика бағдарламасына сәйкес, мақсаттарға, міндеттерге, мазмұнына, орындалу мерзіміне сәйкес жүргізілді.

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы аясында «Оқушылардың педагогикалық мамандыққа қызығушылықтарын қалыптастыру» диссертациялық жұмыс тақырыбына сәйкес эксперименттік мектеп оқушыларымен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу практикасы барысында Гази университетіндегі ғылыми кеңесші Ибрахим Қысач диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша кеңес берілді.

Жалпы жоспарланған жұмыстардың барлық түрлері орындалды.



8. Докторанттың жұмысына мінездеме

(Докторанттың теориялықдаярлығының дәрежесін, орындаған жұмыстарының

сапасын еңбек тәртібі мен кемшіліктерін (егер орын алса) көрсете отырып)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жетекшінің қолы

мөр _______________________________________

« » 2019 ж.



9. Ғылыми зерттеу іс-тәжірибе өту барысында докторантты аттестаттау және кафедраның бағалауы

(Артықшылығы немесе кемшіліктерін көрсететін қысқаша пікір)
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Іс-тәжірибенің есебін қабылдаушының қолы


« » 2019 ж.


Ф КазНПУ 709-05-19. Дневник научно- исследовательской практики магистранта. Издание первое



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет