«Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің



Дата01.03.2023
өлшемі31 Kb.
#70820

«Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
биология пәнінің мұғалімі Д.Айнабекованың аудандық олимпиада жұмысына талдауы.

22 ақапан 2023 жылы аудан орталығында 7-8 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өткізілді. Мен биология пәнінің мұғалімі ретінде 8 «А» сынып оқушысы Қуанышбек Аянды мектеп ішілік олимпиадға қатыстырып ауданға жолдама берген болатынмын. Оқушыларға тест сұрақтары құрастырылған парақшалар таратылып, дұрыс нұсқасын жазбаша жазу арқылы орындаған. Нәтижесінде Қуанышбек Аян 2- ші орынды иеленді


Байқап отырғанымыздай оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау маңызды орынға ие. Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. 
Оқушымен дайындық жұмыстарын қыркүйек айынан бастап теориялық және өзіндік тапсырмалар арқылы жүргізілді. Атап айтқанда төмендегідей жұмыстар атқарылды


Теориялық дайындық:
1Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.
2. Жасушаның құрамы.
3Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Патшалықтар белгілері.
4. Өсімдіктер, Саңырауқұлақтар, Бактериалар патшалықтарының жалпы ерекшеліктері.
5.Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.
6.Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.
7.Жалпы биологияның теориялық негіздері
8 Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау. Кеңес беру.

Өзіндік дайындық:
1.Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
2. Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Логикалық тапсырмаларды орындау
4. Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу.
5.Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер құрастыру.


Ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс екенін түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет