Дорогие коллеги



бет13/17
Дата19.09.2023
өлшемі0,56 Mb.
#108740
түріУчебник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ф КАЗ 1-50

8. ДӘРІЛІК ЕМНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Дәрілік заттарды профилактика1 үшін қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді. Осы мақсатта дезинфекциялаушы, химиотерапиялық заттар және басқалар қолданылады.
Э т и о т р о п т ы2 (каузалдық3) ем ауырудың себебін тоқтатуға бағытталған (осылайша, антибиотиктер бактерияларға қарсы, безгекке қарсы заттар - безгек плазмодиіне қарсы әсер етеді).
Симптоматикалық емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды (мысалы, ауруды) жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді. Осыған байланысты көптеген жағдайларда симптоматикалық ем патогенетикалық4 рөл атқарады.
1 Грек тілінен рrорhylакticоs — сақтандыратын.
2 Грек тілінен аitia - себеп, tropos - бағыт.
3 Латын тілінен саusa-себеп.
4 Грек тілінен раtos - қиналу, denesis - тегі.
40
0р ы н б а с у ш ы ем табиғи биогенді заттар жетіспегенде қолданылады.
Мысалы, ішкі бездер секрециясының жетіспеушілігі кезінде (қант диабетінде,
микседемада) тиісті гормондық препараттарды енгізеді. Мұндай емнің
ұзақтығы айлар және жылдармен өлшенеді.
9. НЕГЗГІ ЖӘНЕ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР. АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР. ИДИОСИНКРАЗИЯ. УЫТТЫ ӘСЕРЛЕР
Дәрілік заттарды ауыру сезімді азайту үшін, гипотензивтік заттарды артериалдық қысымды төмендету үшін және т.б белгілі бір фармакотерапиялық әсерлер алу үшін тағайындалады. Бұның барлығы -препараттардың негізгі әсерлерінің көрінісі, оларды осыған байланысты медицина практикасьнда қолданады. Бірақ барлық заттар қажетті әсерлермен қатар жағымсыз ықпал да көрсетеді, оларға табиғаты аллергиялық емес теріс жанама әсерлер, аллергаялық реакциялар, уытты және басқа әсерлер жатады.
Табиғаты аллергиялық емес жанама әсерлер-д і ң көріністеріне заттарды тек емдік мөлшерде қолданғанда пайда болатын және олардың фармакологиялық әсер ету спектрлерін қарайтын әсерлерді ғана жатқызады. Атап айтқанда, эпилепсияға қарсы зат ретінде фенобарбиталды қолданғанда ұйқышылдықтың себебі болуы мүмкін. Ауыру сезімін басатын морфин препараты емдік мөлшерде эйфория туғызады, асқазан-ішек жолының сфинктрлерінің тонусын жоғарылатады.
Біріншілік және екіншілік жанама әсерлер болуы мүмкін. Біріншілік әсер берілген препараттың белгілі бір субстратқа тікелей ықпал етуі салдарынан пайда болады (мысалы, зат асқазанның шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер еткенде лоқсу, құсу байқалады). Екіншілік жанама әсерлер тікелей емес пайда болатын жағьмсыз ықпалдарға жатады (мысалы, антибиотиктермен ішек микрофлорасын тежегенде гиповитаминоз дамиды).
Заттардың жағымсыз әсерлері сипаты бойынша өте әр алуан, айқындығы және ұзақтығы әртүрлі. Жанама әсерлер жүйке жүйесіне, қанға және қан тузілуіне, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту мүшелеріне, бүйрекке, эндокриндік бездерге және т.б. бағытталған болуы мүмкін. Жанама әсерлердің кейбіреулері салыстырмалы түрде оңай өтеді (аздап локсу, бастың ауыруы және т.б.), басқалары ауыр және өмірге қауіпті (бауырдың зақымдалуы, лейкопения, апластикалықанемия) болуы мүмкін.
Дәрілік заттармен көрсетілетін теріс әсерлерге сондай-ақ аллергиялық1 реакциялар жатады, олардың жиілігі-айтарлықтай жоғары. Олар заттың
1 Грек тілінен аllos - басқа, еrgon- әсер.
41
енгізілген мөлшеріне қарамастан пайда болады. Берілген жағдайда, дәрілік заттар антигендердің (аллергендердің) рөлін атқарады. Дәрілік аллергияны әдетте 4 типке бөледі.
1 тип (жедел аллергия). Гиперсезімталдықтың берілген типі реакцияға антидене – 1gЕ-нің қатысуына байланысты болады. Бұл есекжеммен, тамьфлык ісінумен, ринитпен, бронхоспазммен, анафилаксиялық шокпен көрінеді. Осындай реакциялар пенициллиндерді, сулъфапиламидтерді және басқаларды қолданғанда болуы мүмкін.
// тип. Дәрілік аллергияның бұл типінде ІgС- және ІgМ- антидене, комплемент жүйесін белсендендіре отырып, айналып жүрген қан жасушаларымен өзара әсерлеседі және олардың ыдырауын туғызады. Метилдофа осылайша гемолитикалық анемияны, хинидин -тромбоцитопениялық пурпураны туындатуы, бірқатар препараттар(мысалы, анальгин) кейде агранулоцитоз дамуының себебі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет