Функционалдық деп аталатын кумуляцияныңмысалдары белгілі, бұл кезде зат емес, әсер «жинақталады». Алкоголизм кезінде ОЖЖ-сі функциясының үдемелі езгеруінде маскүнемдік елірме дамуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда зат (этил спирті) жылдам тотығады және тіндерде іркілмейді. Оның тек нейротропты әсерлері жинақталады. МАО-ның тежегіштерін қолданғанда да функционалдық кумуляция пайда болады.
Заттарды қайталап қолданғанда әсерінің төмендеуі -бейімделу (толеранттылық2) — әртүрлі препараттарды (анальгетиктер, гипотензивтік
1 Латын тілінен ситиlatio-ұлғаю, жиналу. 2Латын тілінен tolerantia - шыдау.
30 заттар, іш жүргізетін заттар және басқалар) қолданғанда байқалады. Ол заттың сіңуінің азаюына, оның инактивациялану жылдамдығының ұлғаюына және (немесе) қарқынды шығуының жоғарылауына байланысты болады. Бірқатар заттарға бейімделудің пайда болуы, оларға рецепторлық кұрылымдардың сезімталдығының төмендеуімен немесе олардың тіндерде тығыздығының азаюымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бейімделу жағдайында бастапқы әсерді ашу үшін препараттың мөлшерін жоғарылату немесе бір затты басқасымен ауыстыру қажет. Соңғы жағдайда, сол рецепторлармен (субстраттармен) байланысатын заттарға айқас бейімделудің бар екендігін ескерген жөн.
Бейімделудің ерекше түрі тахифилаксия1болып табылады, бұл өте жылдам пайда болатын бейімделу, кейде затты 1 рет енгізгеннен кейін. Осылайша, эфедринді 10-20 минут аралығымен қайта қолданғанда, 1-ші инъекцияға қарағанда, артериялық қысымның аз көтерілуін байқатады.
Кейбір заггарға әдетте, нейротроптыларга), оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды. Ол дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмауымен көрінеді, әдетте көңіл күйді жоғарылату, хал-жағдайын жақсарту, жағымсыз қайғыруды және сезінуді тоқтату мақсатында, сонымен бірге дәріге тәуелділік шақыратын дәріні беруді тоқтатқанда болады. Дәріге тәуелділікті психикалық және физикалық деп бөледі. Дәріге психикалық тәуелділік жағдайында препараттарды (мысалы, кокаинді, галлюциногендерді) енгізуді тоқтатқанда, тек эмоционалдық жайсыздық (дискомфорт) тудырады. Кейбір заттарды (морфин, героин) қолданғанда дәріге физикалық тәуелділік дамиды. Бұл тәуелділіктің айқындалған дәрежесі. Берілген жағдайда препаратты беруді тоқтатқанда, ауыр жағдай шақырады, ол психиканың кенет өзгеруінен басқа, ағзаның көптеген жүйелері қызметінің бұзылыстарына байланысты өлімге дейін әкелетін әртүрлі және жиі қауіпті соматикалық бұзылыстармен көрінеді. Бұл абстинентік2 синдром немесе айрылу құбылысы деп аталады.
Дәріге тәуелділіктің алдын алу мен емдеу медициналық және әлеуметтік күрделі мәселе болып табылады.
Г) ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУІ
Медицина практикасында бірнеше дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолданады. Бұл кезде, олар негізгі әсердің айқындығы мен сипатын және оның ұзактығын өзгерте отырып, сонымен қатар жанама және уытты ықпалдарын күшейте немесе әлсірете отырьш, бір-бірімен өзара әсерлесесуі мүмкін.
1 Грек тілінен Іасhys; - тез, рhylaxsis- қырағы, корғау.
2 Латын тілінен аbstіпетіа - сабырлық.
31
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін келесі түрде жіктеуге болады.
I. Фармакологиялық өзара әсерлесуі:
Дәрілік заттардың фармакокинетикасының өзгеруіне негізделген;
Дәрілік заттардың фармакодинамикасының өзгеруіне негізделген;
3)дәрілік заттардың ағза ортасында химиялық және физико-
Медицина практикасы үшін пайдалы әсерлерді күшейту немесе уйлестіру үшін әртурлі дәрілік заттарды жұптастыруды жиірек қолданады. Мысалы, кейбір психотроптық заттарды опиоидтық анальгетиктермен қосып қолдана отырып, соңғысының ауру сезімін басатын әсерін айтарлықтай жоғарылатуға болады. Антибактериалдық немесе саңырауқұлактарға қарсы құрамы қабынуга қарсы стероиды заттардан тұратын препараттар бар, бұл да мақсатқа сәйкес жұптастылғандардың қатарына жатады. Осындай мысалдар аз емес. Сонымен бірге, заттарды жұптастырғанда жағымсыз өзара әсерлесулер де пайда болуы мумкін, ол дәрілік заттың сәйкессіздігі деп белгіленеді. Сәйкессіздік фармакотерапиялық әсердің әлсіреуімен, толық жойылуымен немесе сипатының өзгеруімен, не жанама немесе уытты әсердің кушеюімен көрінеді. Бұл 2 немесе одан да көп дәрілерді қосып қолданғанда болуы мүмкін {фармакалогиялық сәйкессіздік деп аталады). Мысалы, дәрілік заттардың сәйкессіздігі қан кету, гипогликемиялық кома, тырысулар, гипертензиялық криз, панцитопения және басқалардың себебі болуы мүмкін. Сәйкессіздік сондай-ақ жұптастырылған препараттарды дайындау және сақтау кезіндс болуы мүмкін {фармацевтшалық сәйкессіздік).