Дорогие коллеги



бет14/17
Дата31.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#78098
түріУчебник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Фарм кітап

IIIтип. Сірә,дәрілік аллергияның осы типінің дамуына ІgО-, сонымен қатар ІgМ- және ІgЕ- антиденелері (+ комплемент) қатысатын болар. «Антиген-антидене-комплемент» кешені тамырлық эндотелиймен өзара байланысады және оны зақымдайды. Сарысу деп аталатын ауру пайда болады. Ол есекжеммен, артралгиямен, артритпен, лимфоадснопатиямен, қызбамен көрінеді. Сарысу ауруын пенициллин, сульфаниламидтер, йодидтер және басқа препараттар туғызуы мүмкін.
IV тип. Берілген жағдайда реакция сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер және макрофактар кіретін иммунитеттің жасушалық механизмі арқылы жанама түрде жүреді. Затты жергілікті қолданғанда пайда болады және жанасқан дерматит түрінде көрінеді.
Идиосинкразия да (жоғарыны қара) затқа жағымсыз реакциялардың себептерінің бірі болуы мүмкін.
Заттар емдіктен артық мөлшерде уытты әсерлер туғызады. Ол әдетте мүшелер мен жүйелер қызметтерінін әртүрлі қауіпті бұзылыстары турінде көрінеді (естудің төмендеуі, вестибулярлық бұзылыстар, көру жүйкесін зақымдауы нәтижесінде соқырлыққа әкелу, миокард арқылы қозу өтуінің айқын бұлылыстары, бауырдың, қан түзілудің зақымдалуы, сопақша мидың өмірге маңызды орталықтарының тежелуі).
Уытты әсердің негізгі себебі артық мөлшерлеу, ол күтпеген жерден немесе қасақана максималды кетеретін мөлшерді арттыру болып табылады. Сонымен қатар, олардың метаболизмі бұзылуы (мысалы, бауыр патологиясында) немесе шығарылуы баяулауының (бүйректің кейбір ауруларында) нәтижесінде ағзада заттардың уытты әсері жиналып қалуы мүмкін.
42
Жүктілік кезінде тағайындалатын дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге теріс әсер көрсетуі мумкін. Осындай ықпалға заттың тератогенді' әсері жатады, ол баланың әртүрлі аномалиялармен туылуына әкеледі.
Дәрілік заттардың болуы мумкін тератогенді әсерлеріне бірқатар елдерде талидомидті қолданумен байланысты қайғылы оқиға назар аудартты. Бұл препарат медицина практикасына тыныштандырғыш және ұйықтатқыш зат ретінде енгізілген болатын. Бірақ, анықталғандай талидомидтің айқын тератогенді қасиеттері бар. Оны қабылдаған кезеңдерде бірнеше мыңдаған балалар әртүрлі аномалиялармен (фокомелия2, амелия, беттегі гемангиома, асқазан-ішек жолы жағынан аномалиялармен және басқалар) туылды. Бұл оқиғалар тек жаңа препараттарға емес, сонымен бірге бұрыннан белгілілеріне де ерекше сақтықпен қарауға мәжбүр етті.
Заттардың тератогенді әсерлерін зерттеу үшін жануарларға адекватты модель жасауға талаптанған болатын, бірақ бұл зерттеулер табысты аяқталмады. Қазірге дейін оларды медициналық практикаға енгізгенде заттардың потенциалдық тератогендігін анықтауға арналған эксперименттік әдістердің жеткілікті айғағы жоқ. Әңгіме мынада - жануарларда аномалияның дамуын көптеген препараттар, соның ішінде қолда бар мәліметтер бойынша адам эмбрионына тератогенді әсер көрсетпейтін медицинада кеңінен қолданылатын препараттар да шақырады. Сонымен, тек теріс нәтижелерге көңіл аударуға тура келеді. Егер зат жануарларда аномалияның дамуын тудырмаса, онда олар адамда да болмайды деп есептеуге негіз бар. Егер де қосылыс жануарлар үшін тератогенді болса, демек бұл әсер адамда да пайда болады деген емес. Бірақ осындай препаратгар тератогендігі болуы мүмкін деген есеппен қарау қажет. Осы сияқты анықталмаған болжамға назар аудара отырып, эмбриондардың негізгі мүшелері құрылып жатқан кезде, әйелдерге жүктіліктің бірінші 2-3 айында қабылдауға міндетті көрсетілулер болмаса, дәрілік затты қолдануға тиым салынады. Тератогенді әсер жөнінде жүктіліктің бірінші үш айын (әсіресе бірінші 3-8 апта), яғни органогенез кезеңін көбіне қауіпті деп есептейді. Бұл мерзімдерде эмбриондарда ауыр аномалиялардың даму қаупі жоғары.
Сонымен бірге, дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге органогенез бұзылыстарымен байланысты емес тератогенді әсерлерге жатпайтын, жағымсыз әсер көрсету мүмкіндігін ескерген жөн. Оны дәрілік заттардың жанама және уытты әсері ретінде бағалауға болады. Ол жүкгіліктің әртүрлі сатысында көрінеді. Егер осындай әсерлер жүктіліктің 12-ші аптасына
1 Грек тілінен tеrаs - кемтар. •
2 Фокомелия - жарғақ тәрізді аяқ-қолдар. Грек тілінен рhоkе - итбалық,
теlоs - саусақ.
43
дейін пайда болса, оларды эмбриотоксикалық1, өте кеш мерзімдерде -фетотоксикалық2 деп атайды.
Жүкті әйелдерге препараттарды тағайындағанда, заттар плацента арқылы өткен жағдайда олар іштегі нәрестеге жағымсыз әсерлер көрсету мумкіндігін ескерген жөн. Осылайша, жүкті әйелге тағайындалған стрептомицин іштегі нәрестеде кереңдікті туғызатын (ми-сауыттық жүйкенің VIII жұбы зақымдалады) қабілеті бар. Тетрациклиндер іштегі нәресте сүйегінің дамуына жағымсыз әсер көрсетеді. Морфинизммен ауыратын ананың жаңа туылған нәрестесінде де морфинге сондай физикалық тәуелділігі болуы мүмкін. Егер босанатын әйелге антикоагулянттар берілсе жаңа туылған нәрестеде қан кетулер пайда болуы мүмкін. Осындай мысалдар көп. Олар плацента арқылы әртүрлі химиялық қосылыстар (липофилді) ететінін мақұлдайды. Осыған байланысты жүкті әйелдерге фармакотерапияны тек қатал көрсетілулерде жүргізу қажет. Бұл кезде, әсіресе уыттылығы өте аз және алдын ала жақсы апробацияланған дәрілік заттарды мұқият таңдау керек.
Сонымен қатар, дәрілік заттың жаңа туылған нәрестеге ана сүтімен бірге түсетінін және оған жағымсыз әсер көрсететінін ескерген жөн. Мысалы, пенициллин аллергиялық реакциялар, сульфаниламидтік препараттар -гемолитикалық анемияны, антикоагулянттар - қан кетуді туғызуы мүмкін.
Жаңа дәрілік заттарды алу кезінде, сондай-ақ химиялық мутагендік және канцерогендік сияқты қауіпті жағымсыз әсерлер жиынтығының болу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Мутагендік3- бұл, заттың ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді. К а н ц е-рогендік4 — бұл, заттың қатерлі ісіктің дамуын туғызатын қабілеті.
Заттардың жағымсыз әсерлері сондай-ақ оларды бірге сәтсіз қосқанда дәрілердің үйлеспеушілігі кезінде пайда да болуы мүмкін (жоғарыны қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет