Дорогие коллеги


ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫ ЕМДЕУДІҢ



бет15/17
Дата31.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#78098
түріУчебник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Фарм кітап

10. ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ5
Химиялық заттармен, соның ішінде дәрілермен жедел улану едеуір жиі кездеседі. Улану кездейсоқ, қасақана (суицидалды6) жәнс мамандығының ерекшелігімен байланысты болуы мүмкін. Жедел улану этил спиртімен,
1 Грек тілінен етbrуоп - Ұрық.
2 Латын тілінен fеtиs - нәресте.
3 Латын тілінен тиtаtіо — өзгеру, gепоs - шығу тегі.
4 Латын тілінен сапсеr - рак.
' Бұл болім жалпы токсикологияга жа+ады.
6Латын тілінен sиісіеdит - өзін-өзі өлтірушілік (sui - өзімді, саedo - өлтіремін).
44
ұйықтатқыш заттармен, психотроптық препараттармен, опиоидтық және опиоидтық емес анальгетиктермен, фосфорорганикалық инсектицидтермен және басқа қосылыстармен көбінесе жиі кездеседі.
Химиялық заттармен улануды емдеу ушін арнайы токсикологиялық орт алықтар мен бөлімдер құрылған. Жедел улануды емдеудің негізгі міндеті улану туғызған заттарды ағзадан шығару. Науқастардың жағдайы ауыр болған кезде мұның алдында өмірге маңызды жүйелер - тыныс және қан айналымның қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы емдік және реанимациялық шаралар жасалуы қажет.
Детоксикация принципінін мәні келесіде. Алдымен заттың енгізілген жолынан сіңуіне кедергі жасау керек. Егер заттың кейбір белігі немесе толық сінген болса, оның ағзадан шығарылуын жылдамдату, сонымен қатар оны зиянсыздандыру және жағымсыз әсерлерін тоқтату үшін антидоттарды қолдану қажет.
Л) УЫТТЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚАНҒА СІҢУІН КІДІРТУ
Жедел улану кебінесе жиі затты ішке қабылдаумсн туындайды. (ондықтан детоксикацияның маңызды әдістерінің бірі - асқазанды тазарту. Бұл үшін құсу шақырады немесе асқазанды жуады. Құсуды механикалық жолмен (жұтқыншақтың артқы қабырғасын тітіркендірумен), натрий хлоридінің немесе натрий сульфатының концентрациялық ерітіндісін қабылдаумен, құсу тудыратын зат апоморфинді енгізумен шақырады. Шырышты қабықты зақымдайтын заттармен уланғанда (қышқыл және негіз) құсуды шақырудың керегі жоқ, себебі өнештің шырышты қабатының қосымша зақымдалуы болады. Сонымен қатар, заттардың тыныс жолына түсуі және оны күйдіруі мүмкін. Асқазанды зондтың көмегімен жуу өте тиімді және қауіпсіз. Алдымен асқазан ішіндегісін шығарады, содан кейін асқазанды жылы сумен, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен, калий перманганаты ерітіндісімен, қажет болған кезде активтелген көмір жәнс басқа антидоттар қосып жуады. Асқазанды ол заттан толық тазартылғанша бірнеше рет (3-4 сағат сайын) жуады.
Заттың ішектен сіңуіне кедергі жасау үшін сорып алушы (активтелген көмір) жәнс іш айдағыш заттар (тұзды іш айдағыштар, вазелин майы) береді. Сонымен қатар ішекті жуады.
Егер улану туғызған зат теріге немесе шырышты қабатқа енгізілген болса, оларды мүқият жуу керек (ең жақсысы ағын сумен).
Уытты зат тыныс жолы арқылы түскенде олардың ингаляциясын тоқтату қажет (зардап шеккенді уланған атмосферадан алып шығу керек немесе оған газға қарсы масканы кигізу керек).
45
Уытты зат тері астына енгізілгенде, зат енгізілген жердің айналасына адреналин ерітіндісімен инъекция жасау, сонымен қатар бұл аймақты тоңазыту арқылы (тері бетіне мұзды қабық қойылады) оның енгізілген жерден сіңуін баяулатуға болады. Егер мүмкін болса қанның ағып шығуын қиындататын және препарат енгізілген аймақта веноздық іркілу түзетін байлау қойылады. Аталған барлық шаралар заттың жүйелік уытты әсерін азайтады.
Б) УЫТТЫ ЗАТТЫ АҒЗАДАН ШЫҒАРУ
Егер зат сіңген және резорбтивті әсер көрсететін болса, онда негізгі күштер олардың ағзадан жылдамырақ шығуына бағытталған болуы тиіс. Осы мақсатта күшейтілген диалез, перитонеалды диализ, гемодиализ, гемосорбция, қан ауыстыру және басқалар қолданылады.
Күшейтіпген диурез әдісінің мәні - сулы жүктеме (көп су ішкізу, көк тамырға сұйықтар енгізу), онымен қоса белсенді зәр айдағыш затты (фуросемид, маннит) қолдану. Жекелеген жағдайларда, зәрді сілтілегенде немесе қышқылдатқанда (заттың қасиетіне байланысты) көбінесе заттың жылдам шығуына әкеледі (бүйрек өзекшелерінде оның реабсорбциясын азайтуы арқасында). Диурезді күшейту әдісімен қандағы белоктармен және липидтермен байланыспаған, тек бос заттарды шығаруға болады. Бұл әдісті қолданғанда электролиттік балансты үстап тұру қажет, ол ағзадан иондардың көп мөлшері шығуы салдарынан бұзылуы мүмкін. Жедел жүрек-тамыр жуйесінің жетіспеушілігі кезінде, бүйрек қызметінің айқын бұзылуында және өкпе немесе ми ісінуініңдаму қаупінде күшейтілген диурез қолданылмайды.
Күшейтілген диурезден басқа, гемодиализ немесе перитонеалдық диализ' қолданылады. Гемодиализ кезінде (жасанды бүйрек) қан жартылай өткізілетін мембранасы бар диализатор арқылы өтеді және көп дәрежеде белоктармен байланыспаған уытты заттардан (мысалы, барбитураттардан) босайды. Артериялық қысым күрт төмендегенде гемодиализ қолданылмайды.
Перитонеалдық диализадің мәні - іш пердесін электролиттік ерітіндімен жуу. Уланудың сипатына байланысты затты құрсақ қуысына тезірек шығаратын белгілі бір диализдеуші сұйықтықтар қолданылады. Инфекцияның алдын алу үшін диализдеуші ерітіндімен біруақытта антибиотиктер енгізіледі. Бұл әдістердің тиімділігі өте жоғары болуына қарамастан, олар жан-жақты емес, себебі барлық химиялық қосылыстар диализдене бермейді (яғни, гемодиализ кезінде жартылай еткізетін мембрана арқылы немесе перитонеалды диапиз кезінде іш пердесі арқылы өтпейді).
' Диализ (грек тілінен (dіаіуsіs •■ бөлініп шығу) - ерітілген заттан коллоидтық бөлшектің бөлініп шығуы.
46
Детоксикация әдістерінің бірі - гемосорбцш. Берілген жагдайца кандағы уытты заттар арнайы сорбенттерге адсорбцияланады (мысалы, қан белоктарьтмен жабылған түйіршіктелген активті көмірге). Бұл әдіс психозға қарсы заттармен, анксиолитиктермен, фосфорорганикалық қосылыстармен және басқалармен уланғанда ағзадан удың шығарылуын табысты өткізуге мүмкіндік береді. Препараттар нашар диализденген жағдайда да (сонымен қатар, сарысу белоктарымен байланысқан заттар) және гемодиализ жақсы нәтиже бермегенде осы әдіс тиімді болатыны маңызды.
Жедел улануды емдеген кезде, сондай-ақ қан ауыстыру қолданылады. Бұл жағдайда қан шығаруды донордың қанын кұюмен қатар жүргізеді. Бұл әдісті көбінесе қанға тікелей әсер ететін, мысалы метгемоглобинемия (нитриттер, нитробензолдар және басқалар осылайша әсер етеді) түзілуін шақыратын заттармен уланғанда қолдануға көрсетіледі. Сонымен қатар бұл әдіс сарысу белоктарымен берік байланысатьн жоғары молекулалық заттармен уланғанда өте тиімді. Қанды ауыстыру операциясын қан айналым кенеттен бұзылғанда, тромбофлебитте қолданылмайды.
Соңғы жылдары кейбір заттармен улануды емдегенде плазмаферезді' қолдану тарала бастады, бұл кезде сарысудың шығарылуы қанның түйіршік •элементтерін жоғалтусыз, оның ізінен донордың сарысуымен немесе альбумині бар электролиттік ерітіндімен ауыстыру арқылы жүргізіледі.
Кейде детоксикация мақсатында кеуденің лимфалық тутіктері арқылы лимфаны (лимфорея) шығарады. Лимфодиализ, лимфосорбция болуы мүмкін. Дәрілік заттармен жедел улануды емдеуде бұл әдістердің үлкен маңызы жоқ.
Егер өкпе арқылы шығатын заттармен уланған болса, онда тынысты күшейту осындай улануды емдеудің маңызды әдістерінің бірі (мысалы, ингаляциялық наркозға арналған заттар). Гипервентиляцияны тыныстың ынталандырғышы карбогенмен, сонымен қатар жасанды дем берумен шақыруға болады.
Ағзадағы уытты заттардың биотрансформациясын күшейту жедел улануды емдеуде айтарлықтай рөл атқармайды.
В) СІҢГЕН УЫТТЫ ЗАТТЫҢ ӘСЕРІН ТОҚТАТУ
Егер улану қандай затпен шақырылғаны анықталған болса, онда уды ағзадан антидоттардың2 көмегімен шығаруға тырысады.
1 Грек тілінен рlаsта - сарысу, арhаеresis - алып қою, алу.
2 Грек тілінен апtidotоп - уға қарсы.
47
Химиялық заттармен улануды арнайы емдеу үшін қолданылатын заттарды антидоттар деп атайды. Оларға уларды химиялық немесе физикалық өзара әсерлесу арқылы немесе фармакологиялық антагонизмге байланысты (физиологиялық жүйе, рецепторлар және т.б. деңгейінде)1 инактивациялайтын заттар жатады. Осылайша, ауыр металдармен уланғанда, олармен уытты емес комллекс түзетін қосылыстар (мысалы, унитиол, D- (пеницилламин, СаNа ЭДTА) қолданылады. Заттармен реакцияға түсетін және субстратты босататын (мысалы, оксимдер - холинэстераза реактиваторлары; метгемогпобинемия тұзетін заттармен уланғанда қолданылатын антидоттар да осыған ұқсас әсер етеді) антидоттар белгілі. Жедел улануларда фармакологиялық антагонистер (атропин холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда, налоксон морфинмен уланғанда және т.б.) кеңінен қолданылады. Әдетте, фармакологиялық антагонистер улану шақырған заттар байланысатын рецепторлармен өзара бәсекелес әсерлеседі. Әсіресе жедел уланудың жиі себебі болып табылатын заттар жөнінде арнайы антиденелерді алудың болашағы зор.
Жедел улануды антидоттармен емдеуді ерте бастаған сайын ол тиімді болады. Ағзаның тіндері, мүшелері мен жүйелерінің зақымдалуы дамығанда және уланудың терминалдық сатысында антидоттық емнің нәтижесі аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет