Досалиева Ляззат Абсатыровна Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: сабақтың тақырыбы Жануарлар мен өсімдіктер Осы сабақ



Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#16052
түріСабақ
Байланысты:
4ghfkj


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Синоним


Мектеп: М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ

Күні: 20.04.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Досалиева Ляззат Абсатыровна



Сынып: 5


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар мен өсімдіктер

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.2.1.1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқылған мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды түсініп, анықтай алады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады: негізгі ойды анықтай отырып, өз ойын әңгімелейді.

Кейбір оқушылар орындай алады: негізгі және қосымша ақпаратты өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

- мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

- мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты ажырата алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

- оқылған мәтін бойынша мазмұнын әңгімелейді.

- негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

- синоним


Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: фитонцид, бактерия, шикізат, кемірушілер, оттегі, тасымалдаушы, синоним

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жануарлардың адам өмірінде маңызы қандай?

Өсімдіктердің пайдасы қандай?

Жануарлар қайда тіршілік етеді?



Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, зайырлы қоғам және жоғары руханият

Пəнаралық байланыс

Жаратылыстану, тарих, бейнелеу өнері, музыка

Тақырып бойынша алдыңғы білім

5.2.1.1 оқу мақсатын орындай алады

Жануарлар, өсімдіктер туралы түсініктері бар.

Синоним туралы біледі.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ширату « Пазл» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

Гүл, бүркіт, арыстанның суреттері салынған қима қағаздар беріледі. Суреттерін құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?



( Жануарлар мен өсімдіктер)

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.







Сабақтың ортасы

25 мин



Оқылым алдындағы тапсырма

1-тапсырма. Ж «Көз жүгірту» әдісі

Берілген мәтінді оқиды, жаңа сөздерді бояйды.



Жануарлар мен өсімдіктер

Жануарлар дүниесі алуан болып келеді. Бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде. Жәндіктердің қазір 1,5 млн түрі анықталып зерттелінді, бірақ жыл сайын 2 мыңға жуық жаңа түрлері қосылуда. Жалпы жануарлардың

2 млн түрі зерттелінді. Жануарлар суда, құрлықта, топырақта, ауада және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың денесінде тіршілік етеді. Адамның өмір сүруі үшін жануар-лардың маңызы зор. Олардан әр түрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа, уылдырық, бал) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, құстың жүні, былғары, талшық) алады. Құстар өсімдіктердің тұқымдарын, саңырауқұлақтардың тұқымдарын жан- жаққа тасымалдаушы. Ал бал арасы гүлдерді тозаңдандырады. Бүркіт пен үкі сияқты жыртқыш құстар, жыландар егіншілік алқабының зиянкесі тышқан тұқымдас кемірушілермен қоректенеді.

Өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі - барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әр түрлі шаң – то-заңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді.
Дескриптор:

-мәтінді мұқият оқиды ;

-жаңа сөздерді бояйды.
2-тапсырма Ж «Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Қобдишаға тақырыпқа қатысты жаңа сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, қағаздағы сөзді оқып түсіндіреді.


ҚБ. «Басбармақ» арқылы бағалау.
Саралау жұмысы: Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс.

(фитонцид - фито грекше өсімдік цито латынша өлтіремін деген мағынаны білдіреді. Бактерияларды, паразиттерді, ұсақ саңырауқұлақтарды өлтіруге қабілетті өсімдіктер)

(оттегі- химияның маңызды элементі. Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді.)
Оқылым кезіндегі тапсырма.
3-тапсырма Ж «Т» кестесі әдісі.

Мәтін қайталап оқылады, мәтіннен негізгі ақпараттарды тауып, синоним- дерін жазады.





Негізгі ақпарат

Синоним







Дескриптор:

- негізгі ақпаратты табады;

- синоним сөздерді жазады.
ҚБ. Қол шапалақтау арқылы бағалаймын.
4- тапсырма. ЖЖ « Орнын тап» әдісі. Берілген кеспе қағаздағы сөйлемдерді мәтін ретімен орналастырады.


Ақпарат

Реті

Жануарлар дүниесі алуан болып келеді.

1

Жалпы жануарлардың 2 млн түрі зерттелінді.

2

Жануарлар суда ,құрлықта, топырақта, ауада және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың денесінде тіршілік етеді.

3

Олардан әр түрлі тамақ өнімдерін ( ет, сүт, жұмыртқа, уылдырық, бал) және өнеркәсіп шикізаттарын ( жүн, тері, құстың жүні, былғары, талшық) алады.

4

Бүркіт пен үкі сияқты жыртқыш құстар, жыландар егіншілік алқабының зиянкесі тышқан тұқымдас кемірушілермен қоректенеді.

5

Өсімдіксіз ауаны әр түрлі шаң – тозаңдардан тазалайды.

6

Қарағай, пияз, сарымсақ, сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.

7

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді.

8


Дескриптор:

-мәтіндегі сөйлемдерді ретімен орналастырады;



ҚБ. қызыл гүл - жарайсың!

көк гүл - ойланып көр!


Саралау: қиналып отырған оқушыға 2-3 мәтін реті салынған кеспе қағаз беріледі..



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі 5- сынып 22- бет













Сабақтың соңы

10 мин

Оқылымнан кейінгі тапсырма.
5-тапсырма. ТЖ «Балық қаңқасы» әдісі

негізгі негізгі ақпарат



ой қорытынды

қосымша ақпарат



Дескриптор:

- балықтың басына негізгі басты ойды орналастырады;

- балықтың жоғарғы қаңқасына негізгі ақпаратты жазады;

- балықтың төменгі бөлігіне қосымша ақпаратты орналастырады;

- балықтың құйрығына түйінді ой жазады.



ҚБ. «Балық түрлері»

өте жақсы - алтын балық

жақсы - шортан балық

орташа - табан балықтар



Саралау жұмысы: 1 негізгі ақпарат пен 1 қосымша ақпарат жазылған үлгісі беріледі.
Оқу мақсаты мен бағалау критериийлеріне кері ораламын.
Кері байланыс. «Букетпен бағалау»

Раушан гүлі – негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алдым.

Түймедақ гүлі – түсінуде көмекті қажет еттім.

Сарғалдақ гүлі – ақпараттарды түсінуде қиналдым.





«өте жақсы»



«жақсы»

«орташа»






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет